Сайт учителя начальных классов
.
Құтты болсын, жаңа жыл!

Құтты болсын, жаңа жыл!

Тақырыбы: «Құтты болсын, жаңа жыл!»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы балалардың түсініктерін
кеңейту. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айта білуге
үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,
ой-өрістерін кеңейту. Көпшілік ортада тәртіпті,
инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген шырша, бетперделер, техникалық құрал, шарлар.

Жүрісі:
Зал іші әсем безендірілген. Ортада әрі үлкен, әрі әдемі шырша құрулы тұр. Шырша әр түрлі жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Музыка әуені ойнатылып, балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: - Армысыздар, құрметті ата - ана, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт – береке алып келсін!

Әйгерім: Амансың ба, халайық, Әлихан: Ортада таңдандырып талайды
Жаңа жылды тойлайық. Шыршамыз жасарып, жайнайды.
Ән салайық, би билеп, Құбылып, құлпырып айнала,
Көңілімізді бір көтеріп. Сиқырлы сәулелер тарайды.

Әйгерім: Кел, жаңа жыл, Әлихан: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Төрле, төрле, жеріме, Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Құт береке боп келгейсің еліме, Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Үміт артып армандарға аяулы. Мына отырған барша жан бәрімізге.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,

Музыка ойналып, залға Миша Аю кіреді (мойнында асып алған шыршасы бар, әкеліп орындықтың үстіне қояды, өлеңді айтып тұрып, шыршаны әсемдейді):
Туру – ру, туру – ру
Жаңа жылда келеді
Шыршаны да әкелдім
Әсемдеймін ойыншықпен (қорап жәшіктен ойыншықтар алады). Осы кезде Маша кіріп келеді.
Маша: (есік жақтан айқайлайды):
- Миша, Аю аға қайдасың?
Миша тез – тез қорапты жинап, қашып бара жатып, бір ойыншықты тастап кетеді.
Маша: Қайда жасырындың Миша? Біз жасырынбақты кеше ойнадық қой. (Іздейді)
- О – о, керемет! Мынау шырша ғой. (Шыршаны айнала таңданып, қарап шығады)
- Ой! Бір ойыншық ілінбей қалыпты қой. Аю аға ұмытып кеткен ғой. Қазір мен, шыршаға іліп қояйын. Шыршаға ойыншық іліп жатып, ән айтады: «В лесу родилась елочка ...» (тоқтап ойланады)
- Ол, онда не істеген? Ұйықтаған ба? Өмір сүрген бе? «В лесу она жила ... Зимой и летом» (тағы ойланады). Ол қыста, жазда не істейді? Түсініксіз?
- Сендер не істеп отырсыңдар? Көрмей тұрсыңдар ма, әнді ұмытып қалдым. Қане, орындарыңнан тұрыңдар, бәріміз бірге «Шырша» әнін айтайық. Шырша ән күтіп тұр.
Ән: «Шырша»
Маша: - Рақмет, балалар! Әндерің тамаша екен! – деп айтып жатқанда, шыршаны құлатып алады.
Миша аю жүгіріп келеді де, Машаға ұрсады:
- Сен бәрін құрттың, біз енді жаңа – жылды шыршасыз қалай қарсы аламыз?
Маша: - Кешірші мені. Жүр орманға барып, шыршаны кесіп әкелейік. – деп аюдың қолынан тартады.
Миша аю: - Жоқ, болмайды. Ол заңсыз. Ол орман – менің үйім. Ал, шырша қайда өседі? Білмейсің?

Маша: Қайда? Қайда өседі? (Бір – біріне сұрақ қояды)
Миша аю: - Балалар, Маша шыршаның қайда өсетінін білмейді.
Тәрбиеші: - Балалар қане, Машаға көмектесіп жіберейік. Шырша қайда өседі?
Балалар: - Орманда, тауда, - деп жауап береді.
Маша: А - а – а, енді түсіндім! Енді не істейміз?
Миша аю: Ал, қанекей, былай жасайық. Орманға барып, шыршаны кеспей, сол жерде әдемілеп, безендірейік.
Маша: Жарайды. Кеттік онда. Алақай!, - деп қолын шапалақтап секіреді
- Ал, балаларды өзімізбен ала кетейік.
Миша аю: - Ал, балалар, орманға да келдік. Бұл жерде қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Шыршаны безендіру. Ойынға 2 ата – ананы шығарамыз. (Шыршаның ойыншықтары екі жерге теңбе-тең бөлініп қойылады). Екеуінің қайсысы ойыншықты бұрын ілсе, соған Миша аю сыйлық береді. (Музыка қойылады)
Миша аю мен Маша: - Балалар, біз сендермен бірге ойын ойнадық, ән айттық. Рақмет сендерге, жаңа – жылдарың құтты болсын! (Музыка ойналып, олар шығып кетеді)
Тәрбиеші: - Біздің сыныптың балалары Аяз атаны көптен күтіп жүр. Ендеше, балалар, бәріміз бірге қосылып дауыстап, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Хормен: Аяз Ата, Аяз Ата!
Ақшақар, Ақшақар!
Тәрбиеші: - Қане, қаттырақ дауыстайық! А - у - у, Аяз ата, Ақшақар! (Залға әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз Ата: - Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіздер ме, ата-аналар?
- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар
Балалар: - Сәлеметсіздер ме, Аяз ата!
- Сәлеметсіздер ме, Ақшақар!
Аяз Ата: - Өздерің де аман - есенсіңдер ме, менің балғын достарым! Келмегеніме 1 жыл болды ғой. Сендерді әбден сағындым. Балалар, менің бір сұрағыма жауап беріңдерші.
- Сендерге сыйлықты кім дайындайтынын білесіңдер ме?
Балалар: - Аяз ата!
Аяз Ата: - Иә, дұрыс айтасыңдар. Бірақ менің қасымда көмекшім – Ақшақарым бар. Сендердің арман-тілектерің әуелі соған жетеді. Содан соң ол маған айтады. Ал, енді бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз Атаның дорбасында барлығыңа да жететін сыйлық бар.

Әйгерім: Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Әлихан: Сыныбымыздың бишілерін шақырайық,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Қыс қызығы басылмай ұласады, Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда. Қол соғып биік шыңға самғатайық

Би: «Сантаклаус»

Тәрбиеші: Кезекті балаларға берейік, жаттап келген тақпақтары бар екен.

Аңсағаным: Тілеймін мен бар әлемге. Сұлтан: Келді міне, жаңа жыл
Жаңа бақыт, жаңа жыр Қарсы алайық бәріміз
Папа, мама, папа, мама Күліп ойнап, би билеп
Құтты болсын, жаңа жыл! Ән салайық бәріміз.

Асылай: Жасыл желек жамылып, Адина: Өлең де әзір, ән де әзір,
Асыл моншақ тағылып, Ойын әзір, бәрі әзір
Міне сұлу шыршамыз Кел жаңа жыл, біздерге
Көптен күтіп сағынған. Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Айтам әнді жүздеген. Жаңа жыл ақ орманның өрленуі.
Қуанышты жыл сайын,
Әкел қарша, жырлайын.
Жаса, жаңа жылымыз,
Жаса, бейбіт күніміз!

Жаңа жыл (Қой жылы): Мен – Жаңа жылмын,

Бекарыс: Той, мереке салтанат Жеңісгүл: Жайнатып жасыл шыршаны,
Думандатты шартарап. Сыйлыққа толтырып ортаны,
Келді міне, жаңа жыл Ойнаймыз, күлеміз, билейміз,
Тартуларын арқалап. Қуантып Аяз атаны.

Аяз Ата: - Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, Балалар, мен сендерге біраз ойындар алып келдім. Бірінші ойыным: «Кім пиманы тез киеді?»

Би: «Шырша»

Нұрсая: Аспан жерге төгеді Мейрам: Аппақ тонға оранып,
Ақ күмісін уыстап. Базарлықты мол алып,
Жаңа жыл да келеді Келді алыс сапардан
Бізге қарап жылыстап. Аяз ата оралып.

Таңат: Жапалақтап ақша қар Әлтайр: Қалып едік сағынып,
Жауды күнде қайталап. Күтіп алдық жабылып.
Қырға шықты балалар Жолын қойдық жарық қып,
Шаңғыларын арқалап. Шыршаларға шам іліп.

Тәрбиеші: - Балалар, қыс мезгілінде не жауады?
Балалар: - Қар жауады.
Тәрбиеші: - Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
Балалар: - Шанамен сырғанаймыз. Қармен бір-бірімізге қар лақтырысып, қардан аққала жасап та ойнаймыз.
Гүлзада: Ауыл алды ақшақар.
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала.
Жалқауы жоқ жұмысқа
Кіп-кішкентай доп қана
Бірі әкеліп қар үйіп,
Бірі қарға су құйып,
Күліседі күлімдеп,
Бітірейік деп қана.
Музыкамен Аққалалар келеді.
Тәрбиеші: Барлығымыз да «Аққалалар» биін тамашалайық.
Би: «Аққала»
Аяз Ата: - Балалар, алып келген екінші ойыным: «Дәлдеп түсіру». Ойынның шарты: ойынға екі бала шығады. Алдарындағы шелекке қарды дәлдеп лақтырып түсіру керек. Қай бала көп қар жинаса соның жеңіске жеткені.

Муслим: Қол ұстасып бәріміз Мәди: Жүзімізге күлкі ойнап
Шырша айналып, ән салсақ. Қанаттанды жанымыз
Мерекенің думаны Жаңа жылды біз тойлап
Арта бермек асқақтап! Шаттанамыз бәріміз

Мейірхан: Қайда қызық думан болса, Ерхан: Аппақ, аппақ, қар аппақ
Аяз ата сонда болды. Қар жамылған не аппақ?
Балалармен бірге ойнап Қырау, қырау сен аппақ.
Балалармен бірге қонды. Бәрі аппақ, бәрі аппақ.



Ақселеу: Жаңа жылды бастаған Әмина: Жыл келді бөлеп бізді алтын күнге
Жаны жақын жақсы адам. Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.
Аяз ата, сізге мен Жаңа жыл, жаңа әннің тербелуі
Мен – жаңа нұрмын.
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Әйгерім: - Міне, жаңа 2015 жыл да келді. Осы 2015 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс -
құтымыз арылмасын!
Әлихан: - Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Аяз Ата: - Ақшақар, бүгін балалар аталарынан сыйлық күтіп отыр. Барып сыйлықтарымды алып кел. Балаларға сыйлықтарды таратайық. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Ақшақар екеуі балалармен қоштасып, шығып кетеді).

ID: 9595 | Просмотров: 4305