Сайт учителя начальных классов
.
Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-  интернатында ритмика пәнінің жүргізілу ерекшелігі.

Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп- интернатында ритмика пәнінің жүргізілу ерекшелігі.

Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-

интернатында ритмика пәнінің жүргізілу ерекшелігі.

    Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатымызда, түзете-дамыта оқыту жүйесінде, білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компоненттерін сақтай отырып, оқытудың түзете-дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Аталған жүйеде эстетикалық цикл пәндеріне (логопедия, ырғақ, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене тәрбиесі) нақты тәжірибе негізінде алынған білімге үлкен мән беріледі.

      Ритмика сабағының негізгі міндеттері балалардың музыкаға, өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

     Музыкалы ритмиканың негізгі қағидасы қимыл-қозғалыстың музыкамен байланыстылығында. Музыканы таңдауға үлкен  көңіл бөлінеді.

      Ритмика пәнінің мақсаты: балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады.

Ритмикапәнібойыншаөткізілгенсабақүлгісінтәжірибеалмасуретіндеұсыныпотырмын.

 

Сабақтың тақырыбыҚозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру.

 

Сабақтың мақсаты: 1.Ырғақты-қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартып,  

                                        бұлшық еттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі  

                                        қозғалыстар жасауға ықпал ету. Музыка екпініне қарай  

                                        қозғалыстарды баяулатып, шапшаңдатып орындауға үйрету.

                                       Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету.

                                       Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру дағдыларын үйрету.

                                       Әр түрлі кедергілермен ойындар ойнату арқылы би қимылдарын,  

                                       ырғақты соғу, доп, шеңберше,ленталармен жаттығулар жасату  

                                       арқылы дене қозғалыстарын дамыту.

                                    2.Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қабылдау процестерінің  

                                       жетілуіне ықпал ету. Музыканың көмегімен ойын ойнап көрсету  

                                       арқылы баланың тілін ширату, сөздік қорларын дамыту.

                                    3.Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдемілікке, әдептілікке,  

                                        шапшаңдылыққа, татулыққа, икемділікке, достыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:Үнтаспа, ленталар, доптар, жалаушалар, бубен, сылдырмақ-

                                         сырнай, түрлі кедергілер, атребуттар.

 

Сабақтың барысы:

                                     І. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.

-Залға саппен кіру, сәлемдесу.

                        ІІ. Керемет тілек жорығы.

-Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек-кезек бір-біріне лақтырып, жылы лебіздерін білдіреді.

- Аспанымызашықболсын!

- Елбасымызаманболсын!

- Күллітүркіәлемітатуболсын!

- Дұшпанымызжоқболсын!

- Еліміздебейбітшілікболсын! т.б.

- 1,2 санапшеңбержасау.

                  - Тізенісәлбүгіңдер

                    Қолдыартқаұатаңдар

                    Алғамойынсозыңдар

                    Қазғақәнеұқсаңдар. Га-га-га. (мойнын созып, қаз сияқты жүреді.)

                  -Көңілді қоңыз ұшады. Ж-ж-ж. (қолдарын «қанат» сияқты қағады.)

                  - Екі қолын белге қойып,

        Үйрек шықты шалғынға. Кря-кря-кря. (теңселіп жүреді.)

        Суда қамыс шулады, Ш-ш-ш. (қолды төмен жіберіп теңселтеді.)

     -Тағы да тыныштық орнады. Ш-ш-ш. (жүрелеп отырады.)

     -Мінекей күнде шықты. Жоғары-жоғары-жоғары. (қолды жоғары көтереміз.)

     - Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру.

 

Тақылдатпа таяқты,

Ақырын бас аяқты,

Жай-жай-жай.

      -Өкшемен жүру.

Айтқан кезде өлеңді,

Қатты басқын еденді.

Тарс-тарс-тарс.

     -Жыланша жүру  

             Көк құстың артынан,

Көк құстың артынан,

Көк құстың артынан,

 

Жүреміз ұзын керуендей.

ІІІ. Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.

           - Шеңбер бойымен жүру.

Дөңгелегі дөңгелеп,

Біздің поезд келеді.

Балаларды алысқа,

Апарғысы келеді.

Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу,

Жүгіреді паравоз.

Балаларды алысқа,

Апарады паравоз.

ІV. Дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығулар.

-Сап түзеп тұрып, оңға, солға бұрылуды бірнеше рет қайталап жаттықтыру.

-Қолды алға созып қайшылау.

-Қолды, тізені бүкпей екі аяқтың ұшына жеткізу.

 1;-2;-3;-4; -б.қ.

-Б.қ. –қолдар белде, 1-3 – бір орында тұрып секіру, 1-90 градусқа бұрылып секіру.

-Басты оңға, солға бұру.

-Қолды жанға созып жұдырық түйілген күйі бір иіп, бір жазу.

-Допты жерден қолға аламыз, оны жерге қайта қоямыз.

-Қолды аяқ ұшына тигізіп, допты қайта алу.

-Жерге отырып допты аяқ ұшына жеткізу. 1,2,3,4.

-Допты кезек-кезек аяқ арасынан өткізу.

V. Ленталар.

Оң қолмен лентаны кезек-кезек жоғары-төмен тербете қимыл жасау.

Шеңбер болып айналып, музыка әуеніне қосылып, ленталармен әр-түрлі қимылдар жасау.

 

VІ. Бубен кімде?

   Шеңбер болып отырып, бубенді бір-біріне жылдам береді. Кеннет музыка тоқтағанда бубен кімде болса сол өз айбын өтеуге тиіс. (өз өнерін көрсетеді.)

VІІ. Жалаушалар ойыны.

Көгілдір жалауша-шапалақтау.

Жасыл жалауша-тебіну.

Сары жалауша-үндемеу.

Қызыл жалауша-«алақай!»деп айқайлау.

VІІІ.Құлақ-мұрын ойыны.

Балалар отырады.

      Қызыл жалауша көрсеткенде оң қолымен сол құлағын, сол қолымен оң құлағын ұстайды. Ал сары жалаушаны көрсеткенде оң қолымен мұрнын, сол қолымен оң құлағын ұстайды. Бірнеше реет қайталау.

ІХ. Алтын балық әуенді ойыны.

      Баланың сөздік қорын дамытуға, әуенді тыңдауға, әуеннің ырғағын соғуға, қозғалыс қимылының үйлесімділігіне, ойлау қабілетінің артуына арналған әуенді ойын.

     Оқушылар жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде балық аулауға шығады. Түрлі кедергілерден өтіп, аяқтарына массаж жасап, көпірден өтіп, балық аулайды. (Әр бала балық аулағанда жеке-жеке аулаған балықтағы сұрақтарға жауап береді.)

 

1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын ата.

2.Мемлекеттік рәміздерді ата.

3.Саған ұнайтын әнші-топ.

4.Ән айту ережелерін айт.

5.Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Шеше-шеше,

Неше кесе,

Сынды кеше?

6.Қазақтың жаңа-жыл мерекесі қай кезде?

  1. Дауысы бар жаны жоқ,

     Шертсең күйі, әні көп.

 

     Құлағын оның бұра,

     Ол не? (домбыра)

  1. Ән кім туралы жазылған?
  2. Әуеннің атын ата.

10.Әуеннің ырғағын соқ.

11.Әнұранның сөзін жазған кім?

12.Сергіту сәтін жаса.

13.Бесік жырын білесің бе?

14.Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Ақ шар бар,

Көк шар бар.

Көп шар бар,

Төрт шар бар.

15.Сынып өнерін көрсет.

 

Х.Тыныс алу жаттығулары.

    Қоңыз. Балалар тұрады. Қолдарын жанына ұстаған. Олардың қолдарын көтеріп, дем алуын сұраймын. Тыныс шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетуін талап етемін. Қолдарын бір мезгілде төмен түсіреді. Ж-ж-ж.

 

ХІ. Сабақтың соңы.

     Оқушылар сап түзеп, мақтап-марапатталады. Алдағы өтетін өнер фестиваліне жолдамалар ұсынылады. Оқушылар қоштасып, залдан саппен шығарылады.

ID: 6781 | Просмотров: 3478