Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Табиғатты аялайық!

Табиғатты аялайық!

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Табиғатты аялайық!

Тақырыбы: Табиғатты аялайық!
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру; дүниетанымдарын кеңейту; табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, слайдтар, оқушылардың салған суреттері
Түрі: ауызша журнал


Мазмұны:
Кіріспе ----------------------------------------- 1 – бет
Таза ауа – денсаулық кепілі ------------- 2 – бет
Сулы жер – нулы жер --------------------- 3 – бет
Құстар – біздің досымыз ------------------ 4 – бет
Қорытынды ---------------------------------- 5 – бет

Кіріспе
Мұғалім: Адамзат табиғатты қашан да туған анасына балап, оның көрікті де көркем көріністерін масаттана жырлаған. Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан –жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, оған қамқорлық жасаған.
Құрметті, көрермендер, «Табиғатты аялайық!» ауызша журналының бүгінгі нөміріне қош келдіңіздер!
Сұрақ –жауап : - Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?
- Адам тбиғатты түсіне ме?
- Туған жердің қандай көріністерін ұнатасыңдар?
Оқушы: Табиғат –бір тілсіз тылсым күйде ме?
Тудық тілді табиғаттан үйрене.
Қурай екеш, қурайдағы ызыңдап,
Айтқысы кеп тұр оның бірдеңе.

Оқушы: Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан- жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Оқушы: Мен таптым табиғаттан кемелдікті,
Пәктікті, ұлылықты, шеберлікті.
Әні тұр айналамда жоғалмастан,
Жоғалып кетсе дағы нелер мықты.



2 –бет: «Таза ауа –денсаулық кепілі» (Сюжетті сурет ашылады)
Оқушы ауаның қасиеті туралы тәжірибе жасап көрсетеді.
Ауа туралы сөздер, тақпақтар айту:
1. Ауа өсімдікке де, жануарға да, бүкіл тіршілік иелерінің бәріне керек.
Ауа –тіршілік көзі.

2. Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан қорғайды.

3. Ауаның әрбір қасиеті шаруашылыққа пайдаланылады. Су түбіне жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді. Бұл су астында шамалы кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

4. Ауаның салмақсыздығы да пайдаға асады. Түрлі резеңке заттарды ауамен толтырып, ұзақ уақыт су бетінде жүзуге болады.

5. Міне, ауаның қажеттілігін білдік. Ал оның ластануы туралы не білеміз?
Адамзат өзінің жақсы өмір сүруі үшін түрлі құрылыстар, зауыт, фабрикалар салады. Бірақ тазалық ережелерін сақтамағандықтан айналаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді.

6. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, өзен, көл жағалауында ауа таза болады. Сондықтан айналаны көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.

7. Ендеше, ағаштарды көп егемін, жасыл желектерді күтемін.

8. Көк шыбықты сындырып,
Көкті жұлып, бүлдіріп,
Жүр еді бір балақай,
Кезікті оған қалақай.
Тұрасың деп жолыма,
Жұлмақ болып оны да,
Ұстай алды балақай,
Шағып алды қалақай.

-Осы өлең жолдарынан нені ұғуға болады? Ойыңды дәлелде.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік! Бір- бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!

3 –бет: «Су –өмір нәрі» (Сюжетті сурет ашылады)
«Су –өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар. Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік, жануардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды.

2. Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.
Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 г ғана құрғақ зат қалады, яғни қарбыздың 98 проценті судан құралады.

3. Адамның тамағына және ішуіне тәулігіне 2 -3 л су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.

4. 1 кг картоп өсіруге 300 л, 1 кг бидай өсіруге 1200 л су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, күрішке, одан да көп су қажет.

5. «Судың да сұрауы бар» дегендей, үйдегі су шүмегінің ашық қалмауын қадағала. Суды үнемдеп пайдаланған жөн.

6. Табиғаттың көркін ажарландыратын, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі- су.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам ағайын.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
7. Сусыз тіршілік болмайды. Су бар жерде бау- бақша, орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер- нулы жер», «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ ол- ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Су туралы мақал –мәтелдер
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.

Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

4 –бет «Құс –табиғат көркі» (Сюжетті сурет ашылады)
1. Құс табиғат көркі. Құс –барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі.

2. Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, әншісін- бұлбұлға, батырларын қыранға, сұлуларын- аққуға теңеді.

3. Халық «Көкек келді- көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?

4. Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың бірі. Ол табиғатты түрлі зиянкестерден тазартады.

5 . Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

6. Мен бүркіт, көк күмбезде қалықтаған,
Қияға қанат қағып шалықтаған.
Құс ішінде қырағы болғандықтан,
Атандым қыран –бүркіт жалықпаған.

Оқушы: Құстар табиғатқа көп пайда келтіреді. Сонымен бірге олар ауа райын болжай біледі екен.

1) Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.

2) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.

3) Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

4) Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.

5) Жыл құсы қаптап келсе, көктем тез шығады.





5 –бет: Қорытынды: «Табиғатты аялайық!» (Сюжетті сурет ашылады)
Табиғат дегеніміз –аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Бұлардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.
2. Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл –қызын
Жылытуға жетер қызуым.
3. Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан- жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
4.Жайын жүргім келеді, жайын жүргім,
Ортасында еркелеп сансыз гүлдің.
Тілсіз тылсым табиғат сырын ұғып,
Қызығына батасың терең сырдың.
5. Сүйейік табиғатты, аялайық!
Бізде одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша демалайық!
6. Жарайсыңдар, балалар!
Ей, қазақтың ұланы!
Болғайсың дала қыраны.
Жер –суын қорғау бабаңның,
Емес пе елдің ұраны!
Мұғалім: Бүгін біздің редакциямызға қонаққа кітапханашы Жанна апай арнайы келіп отыр. Табиғатқа арналған кітаптармен таныстырмақшы.
(Көрмеге қойылған кітаптарын таныстырады).
Мұғалім: Балалар, мына слайдтарға назар аударайық. Сол бойынша ой –пікірлеріңді айтасыңдар (1 – 6 слайдтар табиғаттың ластануы туралы суреттер).
Ән: 1. Келді көктем далаға
2. Көкек
3. Алатау
Құрметті көрермендер, назарларыңызға рахмет. Сіздерді ауызша журналдың «Табиғатты аялайық!» тақырыбындағы материалдарымен таныстырған мен Айгүл Қатымтайқызы және 3а сынып оқушылары.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Чильменбетова Айгүл Қатымтайқызы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: miko-0510 (27.01.2015) | Автор: Чильменбетова Айгүл Қатымтайқызы E W
Көрсетілім: 1370 | Ілмек сөздер: Табиғат, аяла | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 48
Қонақтар: 48
Тіркелгендер: 0