Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Құстардың көктемгі тіршілігі.

Құстардың көктемгі тіршілігі.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Құстардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:1. Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру арқылы өлі табиғатта болған өзгерістердің тірі табиғатқа тигізетін әсерін ұғындыру;дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасау.

2.Түсіну және негізгі ойды көрсете алу қабілеттерін дамыту.

3.Табиғаттың бір бөлігі құстарға қамқорлық жасауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, құстардың, аңдардың суреттері мен дауыстары жазылған слайдтар мен бейнефильмдер, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап).

- Аңдар жылдың қай мезгілінде балалайды?

- Неге жабайы аңдар деп аталады?

- Аю баласын  қай кезде туады?

- Түлкінің баласы қандай болып туылады?

- Оқушылар сендер аңдардың балаларының қалай аталатынын білесіңдер ме?

- Ендеше білімдеріңді сынап көрейік.

 ''Кім тапқыр? '' ойыны. 1 слайд.

Ойынның шарты: Суреттерден аңдар мен олардың балаларын сәйкестендіріп, сызбамен қосу.

       Түлкі                 абдан

       Аю                    көжек

       Арыстан           жаутаң

       Қоян                 қонжық

       Барыс               бөлтірік

       Қасқыр             алан

3. Жаңа сабақ.

 1.Құстардың тіршілігіне үзінді бейнефильм көрсету. 2 слайд.

 2. Жағдаят шешу:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?

- Қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

- Құстар біздің өлкеге жылдың қай мезгілінде ұшып келеді?

- Құстар жылдың қай мезгілінде ұшып кетеді?

- Біздің өлкеден ұшып кеткен құстар қалай аталатындығын жұмбақ шешу арқылы біліп алайық.

 

 Сөзжұмбақ. 3 слайд

       

 

 Ж

 

А

 

Р 

 

Қ     

 

А

 

Н 

 

А

 

Т

 

Т

Ы

Р 

Н

А

 

 

 

Т

О

Қ

Ы

Л

Д

А

Қ

 

 

 

 

А

Қ

Қ

У

 

 

 

 

Ұ

З

А

Қ

 

 

С

А

У

Ы

С

Қ

А

Н

 

Қ

А  

Р    

 А

Т

О       

 Р

Ғ

А

Й

 

Ж     

А       

  П        

А

 Л

А

 Қ

 

 

 

Қ       

А

Р

Ғ       

А

        

Қ        

А            

Р

Л

Ы

Ғ

А

Ш

 

                           
 
  1. Қанаты бар тышқан,

Жасырынып күндіз

Қараңғыда ұшқан.         (Жарқанат) 

 

2.Бөлейді ұшса,

Аспанды жырға

Тыраулап.                        (Тырна)

 

3.Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ тоқ тоқ соғады.         (Тоқылдақ)

 

4. Көлдің көркі, сәні екен,

      Ұшқанда сазды ән екен.

 Ақындар оны мақтанған

 Адамдар қорғап сақтаған,

 Бұл қандай құс екен?         (Аққу)

 

5. Ұшқаны қызық жалпылдап,

 Өзі сондай қарқылдақ.      (Ұзақ)

 

6. Шықылықтап бір тұрмайды,

 Өреден құрт ұрлайды.       (Сауысқан)

7. Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?     (Қараторғай)

 

 

8. Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды.             (Жапалақ)

 

9. Өзі сондай қап қара,

Қарқылдап ұшады.                (Қарға)

 

10. Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады.               (Қарлығаш)

 

- Ал, балалар оқиықшы, қандай сөз шықты?

- Жыл құстары.

- Олай болса, бүгін біз жыл құстарымен танысып, олардың не үшін жыл құстары деп аталатынын білетін боламыз.Құстардың шалғай жерлерден қандай қиыншылық, кедергілерден өтіп, аман-есен оралатындығын оқып  білеміз.Құстардың ұясын қайда салатынын білеміз.Көктемде құстардың тіршілігінде болатын өзгерістермен танысамыз.Қызыл кітаппен таныс боламыз.Табиғаттың байлығы, адамның досы құстарға қамқорлық жасап, әркез қорғай білуді үйренеміз.

 

4. Кіріспе әңгіме (4 слайд)

 Құстардың тіршілігінен үзінді бейнефильм көрсету.

   Құстар алыс, шалғай жерлерден  ұшып келеді.Олар жолда көптеген кедергілерге, қауіп-қатерлерге ұшырайды. Осы қиыншылықтарды жеңіп, аман-есен жылы жақтан ұшып келген құстар ұя салып, балапан шығарып, құрт, құмырсқа, қоңыз, көбелектермен қоректенеді.Адамдар көктемде жыл құстары үшін ұялар жасайды.

 

5.Оқулықпен жұмыс.

  1. Мәтін мазмұнына байланысты слайд көрсете отырып, түсіндіру. 5 слайд

Ұзақ- ыстық жақтан оралатын бірінші құс.Бұл құс наурыздың бірінші аптасынан кешікпейді.Ол ұясын ағаш бұтақтарына салады.Қәне, балалар, тақтаға назар аударайық.Ұзақтың қалай дыбыстайтынын тыңдайық.

  Қарлығаш

   Мен адамның досымын,

 Мекенінде тұрамын.

 Шыбын келсе, кәсібім,

 Ұстап жеймін, қырамын.

 

 Тазалаймын үй ішін,

 Шыбын деген кеселден.

 Ел аузында мақтаулы,

 Санитармын төселген – деп әндетіп қарлығаш пен сұр қарлығаш ұяларын шатыр астына балшықтан салады. Құстардың ішіндегі адамға ең жақыны осы қарлығаш екен.

- Оқушылар, сендер қарлығаштың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? Тыңдайық.

Көкек

Қайталап өз атымды,

Көктемде ән саламын.

Кез келген ұяға,

Жұмыртқамды табамын.

- Кім айтады, бұл қандай құс?

Көкектер ұя жасамайды.Олар жұмыртқаларын басқа құстардың ұяларына тастап кетеді. Көкектер қалай дыбыстайды?

Аққу

Құс сұлуы аққуым,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған.

- Аққулар ұяларын су жағасындағы қалың қамыс арасына салады.Олар ұясына өздерінің жұмсақ мамығын төсейді.Аққудың қалай дыбыстайтынына құлақ түрейік.

2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

- Сонымен оқушылар, нелермен таныстық?

-Қандай құстармен таныстыңдар?

- Не үшін жыл құстары деп атаймыз?

-Қандай құстар ұясын су маңына салады?

-Қарлығаш ұясын қалай салады?

-Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

3.а) ”Ұя” мәтінін мәнерлеп оқып, түсіндіру.

ә) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар:

-Атасы мен немересі қайда келе жатыр еді?

- Құс қайдан ұшып шықты?

- Ұяда не жатыр екен?

- Атасы мен немересі ұядағы жұмыртқаларды алды ма?

- Сендер осындай жағдай болса не істер едіңдер?

б) Оқушыларға мәтінді тізбектетіп оқыту (3-4 оқушы).

в) Мәтіннің мазмұнына байланысты сюжетті суретпен жұмыс (6 слайд)

- Балалар, суретте не көріп отырмыз?

- Сурет бойынша әңгіме құрастырайық.

- Құстардың ұясын неге бұзуға болмайды?

6. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс. (7 слайд)

- Оқушылар мына сөздерге көңіл аударайық.

 Мекен- қоныс, тұрақ, орын.

 Ұя- құстың балапан басып шығаратын орны.

 Мамық- құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

   - Енді осы сөздерді қатесіз, таза, боямай дәптерімізге көшіріп алайық.

7.Сергіту сәті. ”Ұшты-ұшты” ойыны. (8 слайд)

  Ойынның шарты: Мен ұша алатын затты атап, ұшты деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып “ұшты-ұшты” деп қалықтап тұрасыңдар.Ұша алмайтын затты атағанда, ұшып кеткен оқушы айыпты болады.Айыбын құстарға байланысты мақал- мәтелдер, тыйым сөздер, болжамдар, тақпақтар айтып ақтауына болады.

           Ұшты-ұшты тегене ұшты,

            Ұшты-ұшты бөдене ұшты,

            Ұшты-ұшты ұзақ ұшты,

            Ұшты-ұшты тұзақ ұшты,

            Ұшты-ұшты қызғыш ұшты,

            Ұшты-ұшты сызғыш ұшты.                                                                                                  Ұшты-ұшты сұңқар ұшты,

             Ұшты-ұшты тұлпар ұшты.

             Ұшты-ұшты үкі ұшты,

             Ұшты-ұшты түлкі ұшты.

             Ұшты-ұшты бүркіт ұшты,

             Ұшты-ұшты іркіт ұшты.

             Ұшты-ұшты үйрек ұшты,

             Ұшты-ұшты бүйрек ұшты.

             Ұшты-ұшты торғай ұшты,

             Ұшты-ұшты кекілік ұшты,

             Ұшты-ұшты кекілің ұшты.

             Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты,

             Ұшты-ұшты қарындаш ұшты.

             Ұшты-ұшты қаз ұшты,

             Ұшты-ұшты саз ұшты.

 

8. Ребус шешу (9 слайд).

Құстардың суреттері берілген, астында аттары жазылған.Осы құстардың атындағы әріптерді пайдаланып сөз құрастыру.

Қыран    ұзақ   тоқылдақ   үкі   тырна   пингвин

- Қандай сөз шықты?

- Қызыл кітап

- Бұл кітаптың аты “Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар кітабы”- Қазақстан Республикасының ”Қызыл кітабы”. Оның мұқабасының түсі қызыл.Қызыл түс қауіп-қатердің белгісі сияқты.Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.

     Қазақстанда құстың 490 түрі бар.Қызыл кітапқа құстың 49 түрі қорғау үшін енгізілген.Сондай құстардың бірнешеуін айта кетейін.Олар: аққу, тырна, қыран, дуадақ, бірқазан, бүркіт.

 

9. Сабақты қорытындылау (10 слайд)

  1) “Жыл құстарын көрсет” ойыны.

Ойынның шарты: Жалпы аттары жазылған құстардың суреттері көрсетіледі.Осы жерден жыл құстарын көрсету, атын атау.

 2) Венн диаграммасы (11 слайд).

- Оқушылар, бүгін біз не жайлы білдік?

- Құстар.

- Қандай құстармен таныстық?

- Жыл құстары және қыстап қалатын құстармен.

- Ендеше, жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды атайық.

 

                     Жыл құстары                                Қыстап қалатын құстар                                          

 Жыл құстары:қараторғай, қарлығаш, тырна, аққу, көкек.

 Қыстап қалатын құстар: сауысқан, тоқылдақ, қарға, торғай, шымшық.

 - Бір сөзбен айтқанда, бұлар- құстар.Құстарға тән, ортақ қасиетін кім айтады?

 - Ұшады, тұмсығымен қоректенеді.

10.Ой қорыту (12 слайд)

- Құстарды туралы айтқанда, ойларыңа не келеді, балалар?              

                                                 ДОСЫМЫЗ

                                       

                                                           ↑ 

                        БАЙЛЫҚ    ←  ҚҰСТАР     →    ОРМАН ЕМШІСІ                                          

                                                            ↓

 

                                 ТАБИҒАТТЫҢ СӘНІ МЕН ӘНІ

11. Бағалау                             

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (23.01.2015)
Көрсетілім: 1527 | Ілмек сөздер: тіршілігі., Құстардың, көктемгі | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 7
Қонақтар: 7
Тіркелгендер: 0