Құстар айтысы

Құстар айтысы

Қызылорда облысы, Арал қаласы

Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Жарменова Кульжан 

Тақырыбы: Құстар айтысы

Мақсаты:  а) білімділік:  Ертегінің мазмұнын түсініп, өз бетінше оқуға, ойларын жүйелеп айтуға, мәтінге талдау жасауға және алған білімін өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

ә) дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыта отырып, дербес жұмыс істеуге жұмылдыру. Ой-өрістерін кеңейте отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға, ойларын ашық айтуға машықтандыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды алауыздықтан аулақ болып, бір-бірімен бірлікте, татулықта болуға және топпен, жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Типі: жаңа материалды игерту

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ- жауап, ой-қозғау, болжам жасау, эссе жазу, сиқырлы орындық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 -Ауқымды елімізде өтетін шаралардың өзіндік символы болады. Мысалы, қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде сүйкімді барыс таңдалды. Ал бүгінгі біздің сабағамыздың бойтұмары көктем мезгіліне байланысты-Күн. Сондықтан сабақ барысында сендердің іс-әрекеттерің күн бейнесі арқылы бағаланады.

І. Қызығушылықты ояту.

2) Ой қозғау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

2-слайд. Көктем көрінісі.

3) Құстардың үнін тыңдап, қандай құс екенін анықтау.

3-слайд.

Оқушылар ұнаған құстарының суретін алып, топтасады.

 

1-топ. Торғайлар

2-топ. Көгершіндер

3-топ. Қарғалар

4) Жаңа сабақтың тақырыбын шығару үшін шеңбер ішіндегі әріптерді Қ әрпінен бастап бір әріпті аттай отырып, оқып шығу.

4-слайд.

ІІ. Мағынаны тану.

1.Мәтінмен жұмыс жүргізу.

    Мәтінді үш бөлікке бөліп, қима қағаздар арқылы мәтін мазмұнын игертемін. Оқушылар мәтінді оқып болған соң жұп арасында түсінік айтады. Әр топтағы «Сиқырлы орындықта» отырған оқушыларды тақтаға шығарып түсінік айтқызамын. Әр топтағы оқушылар өздерінің оқыған жерінен басқа топтарға сұрақ қояды.

5-слайд.  Бір-бірімізді тыңдаймыз, дұрыс жауап береміз.

2.Оқушылар құсбегінің қойған сұрақтарына жауап береді.Әр топқа екі сұрақтан қойылады.

3.Сергіту сәті.

Аққу боп ұшамыз, ұшамыз,

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.

Аққудай ақылды боп, ақылды

Орнымызға қонамыз, қонамыз.

4.Бейнетаспа арқылы «Құстар айтысы» ертегісін көрсету.

5.Топпен жұмыс. Құсбегінің тапсырмасы.

6.Бейнеге қарап мәтін құра. Өмірмен байланыстыру.

І топ. Отбасы ауызбіршілігі.         ІІ топ. Көп ұлтты Қазақстан         ІІІ топ. Сыныптағы бірлік

ІІІ. Ой толғаныс.

     Эссе жазу

-Ертегіден не үйрендік?

Бағалау.

Сабақтың өтілу барысын Метафора арқылы аяқтау, қорытындылау.

Үйге тапсырма.

1.Мәтінді оқып түсінік айту.

2.Алауыздық және татулық туралы бес мақал-мәтел жаттап келу.

3.Топ атына сәйкес бес жолды өлең жазып келу.

Автор: Жарменова Кульжан

Қызылорда облысы, Арал қаласы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп

18
Декабрь
0
1701

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.