Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Құстар.

Құстар.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Құстар.

Тақырып: Құстар.

Мақсаты: 1.Білімділігі:Құстар туралы түсініктерін кеңейту.

2.Дамытушылығы:Оқушылардың дүниетанымын, танымдық белсенділігін, зейінін,байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
түрі:жаңа  білім беру

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,ойын, тест, видео көру,есте сақта тапсырма, жұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:психологиялық ахуал тудыру.

Сүйейік табиғатты, аялайық,                                                                

Бізде одан жақсылықты аямайық.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.                                                           

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

2. Топқа бөлу:түстер арқылы.

ІІ.Үй жұмысы:тест бойынша.

1 топ

2 топ

1. Өрмекшітәріздіні тап:
А) қоңыз
В) қарақұрт
С) сүлік

1.Құрттар тобын тап:

А)жауынқұрт

В)кене

С)көбелек

2. Өрмекшітәрізділердің жәндіктерден айырмашылығы неде?

А) уы бар
В) сегіз аяғы бар
С) алты аяғы бар

2. Адамның денсаулығына зиян келтіретін паразит құрт ...

А)ішекқұрт

В)шұбалшын

С)сүлік

3.Қазақстан жерінде ең ірі өрмекші ?
А) бүйі
В) қарақұрт
С) кене

3.Құрттар топырақты неге байытады?

А)суға

В)қарашірікке

С)зиянды заттарға

4. Бұл өрмекші далада, жусанды шөлде тіршілік етеді. Құрсағы домалақ,қара барқыт түсті. Адамды шаққанда қатты ауруға шалдықтырады. Өлтіріп жіберуі де мүмкін. Өрмекшінің аты қалай?
А) бүйі
В) қарақұрт
С)кене

4.Бұл құрт жаңбыр жауғанда ғана жер бетіне шығады.Денесі шұбатылған, ылғалды, жұқа, жылтыр, ауаны жақсы өткізеді?

А)жауынқұрт

В)сүлік

С)ұлу

5.Өрмекші шыбын, ұсақ көбелек сияқтыларды аулау үшін не құрайды?
А) өрмек
В) ермек
С) үрмек

5.Ішекқұрт ағзаға қалай түседі?

А) қолынды жумасан

В)басынды жумасан

С)ауамен

ІІІ.Сабақтың тақырыбын ашу, мақсат қою -сандықшаға салу.
-Тыңдаңдаршы, мынау не дыбыстар шулап жатқан? Үнтаспадан құстардың шулаған дыбыстары естіледі.  Бізге қонаққа нелер келді?Сабақтың тақырыбы қандай? Қандай мақсат қоямыз?

II.Негізгі бөлім.

1.Интерактивті тақтамен жұмыс.

-Құстар туралы жалпы не білеміз?

Адамға дос                    пайдалы                          зиянды құрттарды жояды

                                                     Құстар                  егінге пайдалы

Бау-бақша,ағаштарды

қорғайды                    

                        Сән береді                              ән салады                        

Оқушылар тақтаға шығып жазады.

2.Сұрақ-жауап:

- Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?

-Құстар орманда, далада мекендейді.

- Құстар ұясын қай жерде жасайды?

-Құстар ұясын ағаштың басына,  шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

-Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

-Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

Құстың құрылысын балалардан сұрау, содан кейін  толықтырып айту.

3.Мәтінмен жұмыс: оқушыларға құстар туралы мәлімет жазылған парақшалалар таратылады.

-құстар туралы жаңа не білдіңдер? кластер құру

-ежелгі құс-Археоптерикс

-Ұшпайтын жаңа құспен таныстыру:Казуар-өте ірі құс, оның салмағы 85 кг-ға дейін жетеді. Түйеқұстар сияқты ұша алмайды, бірақ желаяқ.Казуар жемістер және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Ұяны жерге қазып салады.Австралияда мекендейді.

ІҮ.Сергіту сәті: Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Ү.Бекіту :1.Жұмбақ шешу:құстар туралы.

1- топ

1.Ала шапан киеді,                                         2.Қызығып әр адам

Қыпылықтап жүреді.                                      Ұстап ап даладан

Секектеп бір тұрмайды,                                 Жүнімді жұлып ап

Өреден құрт ұрлайды.                                    Бесікке қадаған ( Үкі)

Қалдықты жеп тауысқан,

Аты оның...........(  Сауысқан)

3.Еркін самғап ұшсын деп,                           4.Кеудесi қайқандап,


Мәпелейміз,баптаймыз.                                   Жүредi байпандап. (Қаз)
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

2- топ

1. Ай астында ақ мамық                                  2.Ағашта жабысып тұрады

Жатыр суды жастанып (Аққу )                         Тұмсығын  аямай ұрады. (Тоқылдақ)

3. Екi айыр құйрығы,                                     4. Орманда сайрайды,  

Қияқ мұрт қанаты,                                             Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Ұшқырлардың жүйрiгi.  (Қарлығаш)

2. «Әлемнің ең әдемі құстары» видеоны тамашалау.

3. Есте сақта:суретке қарап есте сақтау.

-суретте не бар?/бақа, тауық, балық, қоңыз/

-бақа нешеу? /4/

-тауық нешеу? /3

-қоңыз нешеу? /5/

-балық нешеу? /3/

-қоңызда неше нүкте? /7/

-балықтың көзі қандай түсті? /Көгілдір/

4. «Сен білесің бе?»  айдары

 Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.

 Дүниежүзінде колибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай)  321 түрі бар.

Сары шымшық балапандарын  күніне 1000 рет тамақтандырады.

Акулалар өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда, жемтігі жарақат жасамау үшін көздерін жабады

Түйеқұстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді.

Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс

Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады. Киттің жүрегі минутына  9 рет соғады.

Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра  алмайды екен.

Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт.

Кенгуру  мен  эму  артқа қарай жүре алмайды.
Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.
Ү.Қорытынды:Құстар жөнінде сұрақтар.
1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)
2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)
3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
6.Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

(Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді)

ҮІ.Рефлексия:Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді.Неге?

Әр бала өз ойын айтып шығады.

ҮІІ.Үй жұмысы: 1.Өзіне ұнаған балық туралы мәлімет,жұмбақ жаттау

                              2. «Құстардың пайдасы және зияны» кесте құрып, жазу

ҮІІІ.Бағалау.

1 топ: Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар . Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын архиоптерикс қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы.

 

ІІ топ: Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген

1 топ: Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар . Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын архиоптерикс қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы.

 

ІІ топ: Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген

  І қатар

1. Өрмекшітәріздіні тап:
А) қоңыз                        В) қарақұрт                       С) сүлік

2. Өрмекшітәрізділердің жәндіктерден айырмашылығы неде?

А) уы бар                В) сегіз аяғы бар                С) алты аяғы бар

3.Қазақстан жерінде ең ірі өрмекші ?
А) бүйі                   В) қарақұрт                         С) кене

4. Бұл өрмекші далада, жусанды шөлде тіршілік етеді. Құрсағы домалақ,қара барқыт түсті. Адамды шаққанда қатты ауруға шалдықтырады. Өлтіріп жіберуі де мүмкін. Өрмекшінің аты қалай?
А) бүйі               В) қарақұрт                             С)кене

5.Өрмекші шыбын, ұсақ көбелек сияқтыларды аулау үшін не құрайды?
А) өрмек           В) ермек                                С) үрмек

ІІ қатар

1.Құрттар тобын тап:

А)жауынқұрт               В)кене                     С)көбелек

2. Адамның денсаулығына зиян келтіретін паразит құрт ...

А)ішекқұрт              В)шұбалшын              С)сүлік

3.Құрттар топырақты неге байытады?

А)суға                   В)қарашірікке            С)зиянды заттарға

4.Бұл құрт жаңбыр жауғанда ғана жер бетіне шығады.Денесі шұбатылған,

ылғалды, жұқа, жылтыр, ауаны жақсы өткізеді?

А)жауынқұрт           В)сүлік                   С)ұлу

5.Ішекқұрт ағзаға қалай түседі?

А) қолынды жумасан        В)басынды жумасан                   С)ауамен

І қатар

1. Өрмекшітәріздіні тап:
А) қоңыз                        В) қарақұрт                       С) сүлік

2. Өрмекшітәрізділердің жәндіктерден айырмашылығы неде?

А) уы бар                В) сегіз аяғы бар                С) алты аяғы бар

3.Қазақстан жерінде ең ірі өрмекші ?
А) бүйі                   В) қарақұрт                         С) кене

4. Бұл өрмекші далада, жусанды шөлде тіршілік етеді. Құрсағы домалақ,қара барқыт түсті. Адамды шаққанда қатты ауруға шалдықтырады. Өлтіріп жіберуі де мүмкін. Өрмекшінің аты қалай?
А) бүйі               В) қарақұрт                             С)кене

5.Өрмекші шыбын, ұсақ көбелек сияқтыларды аулау үшін не құрайды?
А) өрмек           В) ермек                                С) үрмек

 

 

 

 

4 жол өлеңді аяқта.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....
қаңқылдап сымпылдап шаңқылдап қарқылдап

             4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар...

4 жол өлеңді аяқта.
           Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....

 Аққуды атпа, досыңды сатпа.
 

Үкіні көзі асырайды.
 

2. Сен  білесің бе?

1.Дала құстары неге ұшады, үй құстары неге ұшпайды?

2.Құстарды зерттейтін ғылым- орнотология.

3.Қырағы құс сұңқар, ең үлкен құс- түйеқұс.

4.Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт, ең жүзгіш- пингвиндер.

5. Аққуды атпа!

3. Топпен жұмыс.

Жұмбақтар жасыру, шешуі конвертте

1- топ

Ала шапан киеді,

Қыпылықтап жүреді.

Секектеп бір тұрмайды,

Өреден құрт ұрлайды.

Қалдықты жеп тауысқан,

Аты оның...........(  Сауысқан)

2- топ

Өзі кішкентай , өзі әдемі,

Ертегінің кейіпкері.

Ал, айта қойыңдаршы,

Бұл қай құс?.........(Қарлығаш)

Сергіту сәті.

Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Торғай, торғай, томпаң- томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

2. Құстар қалай дыбыстайды.

1- топ                                                                      2-топ

Тауық- қыт-қыттайды                                 Әтеш- шақырады

Қарға- қарқылдайды                                   Тырна- тыраулайды  

Бұлбұл- сайрайды                                         Сауысқан- шықылықтайды

Торғай- шиқылдайды                                   Көгершін- уілдейді

Қарлығаш- шықылықтайды                         Шағала- шаңқылдайды

Ал, балалар осы құстардың дауысын шамамен жобалап көрейік.

3. Енді балалар құстардың пайдасы мен зияны туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар.

1-топ                                                               2-топ

                          Қарға

Пайдасы                                                 зияны

                               Тоқылдақ

Зияны                                                   Пайдасы

4. Мәтінмен жұмыс. ( Мазмұндау)

1- топ

Қарға- қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс.

Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.

2-топ

Тоқылдақ- Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс.Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Өзге құстарға жемін табуға көмектеседі.

5. Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді. Суретін сал.

6.Ермексаздан жасалған аққуды мамықпен безендіру.

7. сабақтан алған әсеріңді жұмыртқаға бейнеле.

III. Сабақты қорыту.

-         Бейбітшілік құсын білесіңдер ме?( Көгершін)

-         Ендеше, сол құс туралы әнді есімізге түсіріп, орындап көрейік.

Бағалау.

Үйге тапсырма: өздеріңе ұнайтын құстың суретін салыңдар.

Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.

Сабақтың тақырыбы: Құстар

 Сабақтың мақсаты: Құстардың жануарлардың маңызды тобы екендігі, жабайы және үй құстары, олардың тіршілігі,күтімі, олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.

 Тәрбиелік мақсаты: Құстардың адам өміріндегі маңызы және оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілік: Құстардың суреттері, тірек сызба, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Пәнаралас байланыс . Ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

 

Жаңа сабақ. Ой қозғау. Құстар туралы не білеміз? Сызба арқылы оқушыларға құстар туралы білетіндерін айтқызу.

Мағынаны тану: Құстар- жануарлардың ең көп  тараған түрі. Олардың түрлері көп. Үй құстары ,жабайы құстар, болып бөлінеді.

Пайдасы: зиянкестермен күреседі,еті, жұмыртқасы, мамығы. Құстар біздің досымыз. Сирек кездесетін түрлері ,, Қызыл кітапқа,, енгізілген. Құстар табиғат көркі. Оларды қорғау керек. Қажетсіз атуға, оларды ұстауға болмайды.

 

Өзіндік жұмыс. Бұл қай құс ? Оқушыларға Суретті парақша таратылады, суреті бойынша бұл қай құс,ол туралы не білетіндерін айтады.

 

Топпен жұмыс. Сыныпты үш топқа бөліп ( топ-табиғат, топ- құстар, топ- өсіәмдік)

әр топқа тапсырма беріледі. Топтан бір оқушыдан шығып, берілген тапсырмаға жауап алынады.

 

Дәптермен жұмыс. ,, Есіңе сақта,, құстар адамның досы, оларды қорғау керек. Қызыл кітапқа жойылып бара жатқан құстар жазылады.

 

Жұмбақ  шешу.  Бұл қай құс?

1.Қызығып әр адам

Ұстап ап даладан

Жүнімді жұлып ап

Бесікке қадаған ( Үкі)

 

2 .Тұмсығында суы бар

Бұл қай құс тауып ал? ( Бірқазан)

 

3.Ағашта жабысып тұрады

Тұмсығын  аямай ұрады. ( Тоқылдақ)

 

 

Ойын. Конвертке бірнеше құстың суретін салып сол суреттердегі құстарды біріктіріп, бір құстың бейнесін айту, қандай құс екенін айту

 

Ой толғаныс. Венн диаграммасы бойынша үй құстары мен жабайы құстардың ортақ айырмашылықтарын толтыру.

 

Сабақты қорыту. ,, Мен саған, сен маған,, сұрақ- жауап ойыны   арқылы.

 

  1. Қандай үй құстарын білесің?( үйрек , қаз, тауық)
  2. Қандай жабайы құстарды білесің? ( Дуадақ, сауысқан, бүркіт)
  3. Сөйлейтін қандай құс ? ( Тотықұс)
  4. Қызыл кітапқа не жазылады? ( Жойылып бара жатқан құстар жазылады)

Үйге тапсырма. Мәтінді оқып келу.

Жарайды, бар екен. Өткенде біздер «Балықтар» және «Құстар» деген тақырыптарды  өткенбіз. Бүгін сол тақырыптарды қайталаймыз. Алдымен мына тапсырмаларға назар аударыңыздар. Тапсырманың орындалу шарты мынадай: берілген мына буындарға 3 әріптен қосып, толық сөз жазасыңдар. Сендер екі топқа бөлінесіңдер. Әр топқа бес сөздер берілген. Тақтаға ілінген буындарға әр топтан бір-бірден шығып, толықтырып жазады.

–                          Жақсы, енді дұрыс болды. Қане, бәріміз бірге осы сөздерді оқиық. Қараңдаршы, балықтардың да аттары жазылыпты. Енді, мына біздің аквариумде білетін балықтарымыз бар ма екен, қарайық.

Оқушылар бір-бірден келіп, тақтаға ілінген аквариумнен балықтың суретін көрсетеді. Қазақша атын айтады.

–                          Мынау – жайын; шортан; алабұға; бекіре; сазан; табан; майшабақ.

–                          Жақсы, ал балықтар кайда болады?

–                          Балықтар – теңізде, көлде, өзенде болады.

–                          Қазақстанның қандай теңіз, көлдерінде балықтар бар?

–                          Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде, Еділ, Жайық өзендерінде, Балқаш көлінде бар.

–                          Дұрыс, ал осы балықтар, аңдар, жануарлар жылдың қай мезгілінде ұйқыдан оянады, жылы жақтан ұшып келіп, ұя жасайды?

–                          Көктемде, ұйқыдан оянады, жылы жақтан ұшып келіп, ұя жасайды.

–                          Ендеше, біздің жаққа да құстар ұшып келіп жатыр ғой деймін. Тыңдаңдаршы, мынау не дыбыстар шулап жатқан? Үнтаспадан құстардың шулаған дыбыстары естіледі.

–                          Бұл – құстар шулап жатқан. Құстардың шулаған дыбыстары естіледі.

–                          Иә, дұрыс, бұл құстар шулап жатқан. Мына жерде қаншама құстар отыр, қарайықшы қандай құстар ұшып келіпті?

Екі қатардан бір-бір оқушыдан келіп,құстарды ағашқа іліп, қазақша атын атайды.

–                          Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?

–                          Құстар орманда, далада мекендейді.

–                          Құстар ұясын қай жерде жасайды?

–                          Құстар ұясын ағаштың басына,  шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

–                          Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

–                          Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

–                          Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

–                          Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

–                          Құстарды таспен ұрып, ұясын бұзып өлтіруімізге болады ма?

–                          Жоқ, болмайды.

 

 

Ал енді, мына бір ойынды ойнайық: «Кім жылдам?» Суреттерде құстың әр түрлі бөліктері берілген. Осы бөліктерден құсты жылдам құрастырып, атын айту керек.

Балалар тақтаға бөліктерден құсты құрастырып іледі.

–                          Міне, біздің жасырған құсымыз дайын болды. Сонымен бұл қандай құс? Орман дәрігері деп қандай құсты айтамыз? Құстың атын бәріміз бірге айтайықшы.

–                          Бұл – тоқылдақ.

Сабақты қорыту:Бүгінгі сабағымызды қорытайын десем мына бағаналарда аңдар, құстар, балықтардың барлығы шатасып кетіпті. Көмектесіңдерші. Аңдар қайсы, балықтар қайсы, құстар қайсы айыра алмай тұрмын.

Тақтаға араластырып ілінген аңдардың, балықтардың, құстардың аттарын үш бағанаға бөліп, орналастыру:

 

Дүниетану 3 сынып
Тақырыбы:Балықтар
Мақсаты :1.Балықтардың тіршілігі және олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру.
2.Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып,
сөздік қорын байыта отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқушылардың қиялдарын дамыту.
3.Балықтардың маңызын түсіндіре отырып,оларды қорғауға баулу.
Сабақтың түрі:кіріктіру сабағы.дүниетану-бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекіліктері:интерактивті тақта, бейнеролик ,суреттер,сергіту сәті,слайдтар,музыка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,казір бізде дүниетану сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық.Сабақты бастамас бұрын сендердің назарларыңды интерактивті тақтаға аударамын .
(Психологиялық дайындық.Бейнеролик көрсету)
-Балалар,сендерге ұнады ма?
-Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.(интерактивті тақтадағы сөзжұмбақты шеше отырып,жауаптарын балалардың өздеріне жазғызу)
Тапсырмалары :
1. Қосмекенділердің басқаша атауы
2. кенді пайдалы қазбалардың құрамында не бар
3.ең кішкентай құс
4.жердің өсімдік өсетін құнарлы беті.
5.Қорегін ұшып жүріп табатын құс
6. Бунақденелілер мен буынаяқтыларды бір сөзбен не дейміз
7.Суды өткізбейтін тау жынысы
8. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы
-Тамаша.Қанеки хормен ортада шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балықтар)
-Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Балықтар»екен.
ІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)
1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады
4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.
5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар ауланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.
-Балалар,сендер сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады?
-Қазір Айым Ертіс өзені туралы сендерген әңгімелеп береді. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
-Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен?
-Біздің бірнеше оқушымыз осы балықтар туралы мәлеметтер жинаған еді,енді соларды тыңдап көрейік.(Оқушылар балықтардың суреттерін көрсете отырып, хабарлама жасайды)
-Өте жақсы.Қанеки осы беттерді бір-біріне жапсырайықшы.Бізде балықтар туралы кітапша дайын болды.
ІІІ.Сергіту сәті(Интерактивтік тақта арқылы музыкалық сергіту сәтін жасату)

-Ал енді альбомдары мен бояуларыңды дайындап жіберіңдерші.
Біз сендермен мынадай жұмыс жасап көрейік.Қазір алақандарына бояуды жағып,альбомның бетіне алақандарынды басыңдар.Сендер сол баспаға балықтың қанаты,құйрығын,көзін,мұрнын қосып салуға болады.Ол сендердің қиялдарына байланысты
ІҮ.Практикалық жұмыс.(балалардың суреттерін тақтаға іліп қою)
Ү.Сабақты бекіту
-Балалар,қазір оқулығымыздың 137 бетін ашып,мәтінді бір оқып шығайықшы.
(Тізбек бойынша мәтінді оқыту)
Ү.Қорытындылау.
Сонымен,
1.балықтар қайда өмір сүреді екен?
2.балық қалай тыныс алады.
3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады?
4.қандай балықтармен таныстық?
5,Сендерген бүгінгі сабақ ұнады ма?
6.несімен?
-Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін.
Бағалау.
Үйге тапсырма:137-138 бет.оқу,мазмұны

 

Құстарды қарсы алайық

Категориясы: Бастауыш сынып

Сабақ тақырыбы: Құстарды қарсы алайық.
Сабақ мақсаты:
*Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы көктемде құстардың оралуын олардың азайып кетуінен хабардар ету.
* Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға ой - өрістерін, түсініктерін дамыту.
*Оқушыларды Отанын жерін, орманын, көлін, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, жатқа айту, сұрақ - жауап, пікірлесу, көркем сөз, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Құстар суреті, құстар туралы мақал-мәтелдер, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
А) Психологиялық дайындық.
Құстарды қорғап бағамыз,
Көктемде ұя саламыз.
Жыл құстарын қарсы алып,
Үй құстарын бағамыз.
Ә) Балалар, бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы:
Құстар біздің досымыз.
1. Ой қозғау;
- Балалар қандай құстарды білеміз?
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктемде ең алғаш ұшып келетін қандай құс?

2. Слайд. Суретпен жұмыс.

- Балалар мына құстардың атын атайықшы; қараторғай, қарлығаш, бозторғай, шымшық, тырна, қаз, үйрек.
- Балалар ұзақтан кейін қандай құстар ұшып келеді екен?
3. Мағынаны ашу. Слайд.
Құстардың түрі мен ұшып келу реті Ұшып келетін уақыты Мекен етуі
Ұзақтар, қараторғайлар, бозторғайлар, шымшықтар. Жер кеуіп, жәндіктер жандана бастағанда Үй шатырларының астыңғы жағы мен бұрыннан қалған ұяларды иемденеді.
Тырналар, қаз, үйрек, шағалалар. Өзен мұздан арылғанда

Бұрыннан қалған ұяларды иемденеді, биіктікке ұя салады.
Қарлығаштар, теңбіл, торғайлар. Маса, шыбын шыққанда Бұталар мен ағаш бұтақтарына, жағалаудағы тастар арасына ұя салады. Ағаш қуысына ұя салады.

4. Шығармашылықпен жұмыс. 4 жол өлеңді аяқта.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар...,
Шағала ұшар...,
Үйрек ұшар...,
Қаз ұшар....
қаңқылдап сымпылдап шаңқылдап қарқылдап
5. Құстар туралы мақал - мәтелдер мазмұнын ашу.
1. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
2. Құстың да қанаты талады.
3. Үкіні көзі асырайды.
4. Құстың мамығынан қорған үюге болады.
6. Топпен жұмыс. Құстар жөнінде викторина сұрақтары.
1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)
2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)
3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
6. Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады? (960)
« Құстар қайтып барады» әні орындалады.
7. Венн диаграммасы.
Жыл құстары Үй құстары

8. Жұмбақ шешу.
1. Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу )
2. Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ соғады. ( Толқылдақ )
3. Мысық құлақты,
бүркіт тұяқты. (үкі)
4. Көктемде ұшып келеді,
жаздай концерт береді. (бұлбұл)
Қорытынды бөлім.
«Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді, сүйеміз торғайды біз.
Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен,
Қанатты туысқанды, қолдаймыз біз».
Шыр - шыр еткен торғайды,
Қорғамасқа болмайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Қазақ халқы ертеден аң - құстарды киелі санаған. Сұлуды – аққуға, әншіні – бұлбұлға, ержігітті – қыранға, ез жігітті – жапалаққа теңесе, қарға баласын «аппағым» дер деген сөз де бекер айтылмаған.

 

Мақалаға белгі:құстарды қарсы алайық, ашық сабақ

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (23.01.2015)
Көрсетілім: 2557 | Ілмек сөздер: құстар. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 68
Қонақтар: 68
Тіркелгендер: 0