Сайт учителя начальных классов
.
Сан есім.

Сан есім.

Сан есім.

Cабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың  мақсаты:

1. Сан  есімнің заттың санын, ретін  білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту,  қиялын  ұштау.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Сауатты  жазу  дағдыларын  жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

 

Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік  жұмыс.

Көрнекілігі: электрондық оқулық, тірек-сызба, мультимедиалық кабинет, сурет.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.

 

Сабақтың  барысы:

 

1. Ұйымдастыру  бөлімі.

- оқушыларды  сабаққа  әзірлеу;

- балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің  білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық;

- психологиялық даярлау:   Үлкенге де сіз,

  Кішіге де сіз,

  Сәлем бердік сіздерге

  Құрметпенен біз.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

 - дәптерлерін тексеріп, ауыстыру;

- балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.

- қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- біз қандай сөз таптарымен таныстық?

- ендеше, өткен сабақтарға  байланысты семантикалық картамен жұмыс жасайық:

Семантикалық карта

Сөздер

Зат есім

Сын есім

Етістік

асхана

 

 

 

жасыл

 

 

 

күліп отыр

 

 

 

қағаз

 

 

 

бесеу

 

 

 

ұзын

 

 

 

жүгіріп жүр

 

 

 

қасқыр

 

 

 

- сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

                      Қане, қанат жасайық,

                     Қарлығаш боп ұшайық

                    Ұшып-ұшып қонайық.

3. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

Дәптермен жұмыс

- дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған  жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп? 

көркем жазу минутыЕе әрпін бір жолға жазамыз да, бес сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

- әдемі, көркем етіп жазып болсақ, маған айтыңдаршы біз қай сөзді көркем етіп жаздық?

- әрине, бес, бес дегеніміз не?

бұл сөзге сұрақ қояйықшы қанше? немесе неше? Ал мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз табымен таныстық па?

4. Жаңа сабақ.

- ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім».

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. (хор)

Оқулықпен жұмыс

182 бет. 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді? Слайд

 

183 бет. 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.

 

Тақтада берілген жаттығуды жазайық. Өлеңді түсініп оқы.Өлеңнен сан есімдерді тауып, көшіріп жазамыз және бір сан есіммен сөйлем құрастырамыз.

- сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

                      Қане, қанат жасайық,

                     Қарлығаш боп ұшайық

                    Ұшып-ұшып қонайық.

 

5. Қорытындылау.

- балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- бүгін қай сөз табымен таныстық?

- ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік:

Тест.

Сан есім.

р/с

сұрақтары

нұсқалары

а

ә

б

в

1

Сан есім нені білдіреді?

заттың сынын

заттың санын,ретін

заттың атын

заттың сапасын

2

Сан есімнің сұрақтарын көрсет

кім?не?

кімдер?нелер?

не істеді?қайтті?

қандай? қай?

қанша?неше?

нешінші?

3

Сан есімді көрсет

жасыл

он бес

дала

парта

4

42 саны қай нұсқада дұрыс жазылған?

қырық

қырық тоғыз

тоқсан

қырық екі

5

92 саны қай нұсқада дұрыс жазылған?

тоқсан үш

тоқсан екі

сексен бір

жетпіс

- үйге тапсырма: 4-жаттығу,183 бет. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдің тиістісін сөзбен жаз. Үлгі: ...(7,0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.Жеті жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.

- бағалау: 

ID: 6852 | Просмотров: 2624