Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері

Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері

Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері

І Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазіргі заманғы сәндік  өнерімен таныстыру.

Білімділігі: Өзінің ұлттық  мәдениет тарихына үңілуге мәжбір ету.

Халық шеберлердің жасаған бұйымдары арқылы ата-баба өнерімен таныс болу.

Тәрбиелігі: Ұлттық психологиямызға тән халқымыздың мәдениетін көтеруге  дәнекер болуға баулу. Ұлттық өнерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылы:Ата-баба кәсібінің өнерін дұрыс меңгеру үшін этнографиялық ерекшелігін  білуге ынталандыру.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Әр түрлі қарындаш, түсті қағаздар, қайшы, желім, альбом.

Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнектер үлгісі, ою-өрнектер композициясы, құрастыру жолдарын көрсететін үлгі нұсқалары, үлгі суреттері .

Сабақтың түрі: Аралас

ІІ Сабақтың әдісі: Түсті қағаздан  ою-өрнекті ою, жабыстыру, суретін салу, құрастыру.

Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру кезеңі

                                (оқушы саның түгелдеу)

                                 Сабаққа жұмыс орның әзірлеу.

                                ІІ Үй тапсырмасын тексеру .

  1. Бірінші қылқалам шебері кім?

(Қастеев. Ә.)

  1. Мүсін дегеніміз не?
  2. Бірінші Қаз. өнеріндегі мүсінші кім?

(Наурызбаев. Х.)

                                  4)Ою өрнектің неше түрі бар?

                                  5) Ою өрнектің түрлерін ата.

                                              (өсімдік, ғарыштық, жануарлар,                                                           күс,құрт-құмырсқа, адам т.б )

                                  Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.

ІІІ Жаңа сабақ: Ою-өрнек –бейнелеу өнерінің жоғарғы тегі,  халық мәдениетінің дәуірінің өзіндік қолтаңбасы.

Орнамент (латынша-әшекей) әшекей , жазық бетіне ырғақты әуенде, тәртіппен орналасқан өрнек.

Адам өнерінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алған: қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған.

Сәндік қолданбалы  өнерге көркемдік жағынан әсемделіп жасалған үй  жиһаздары, ыдыс-аяқтар , киім  кешектер, әйелдің зергерлік әшекейлері, бұйымдары, ойыншықтар, ою-өрнек  пен үй ішін, сыртын безеңдіретін сәнді мүсіндік  жұмыстар, керамикалық беттер де кіреді. Сәндік қолданбалы өнердің негізгі-ою –өрнектер.  Көркем кәсіптік кілем , ыдыс-аяқ, тұрмыстық  бұйымдарды ою-өрнексіз елестету мүмкін емес.Өрнектер өзінің табиғат жағдайына, ұлттық ерекшелігіне, қолдану ортасына, салт-дәстүріне байланысты әртүрлі ырғақпен ерекшеленіп тұрады.

Бір өрнек  элементінің бірнеше рет қайталануы-өрнек ырғағы.

Фриз деп үй қабырғасының ішкі және сыртқы  беттерінің шетін өрнектермен  безендіруді айтады.

Өрнек пішіні геометриялық  шаршыны, ромб, шеңбер фигураларды еске салады.

Сәндік қолданбалы өнер шеберлері өрнек элементтерін табиғаттан алады, ұқсастық ерекшелігін сақтай отырып   стилизация жасайды.

Қазіргі заманғы сәндік өнері шығ. өрнектер  ірі пішіндермен, түстің ашықтығымен, талпыламалығымен ерекшеленеді.

Оның көп элементері  қоршаған ортадан (машина,ойыншықтар,үйлер) алынады.

Сәндік қолданбалы өнер өзінің  табиғатында ұлттық сипатты көрсетеді, ол әрбір  халықтың өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының сенімнен туады.

Аппликация- бастырма .

Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника-аппликация негізінен  пайдаланылады. Қазақ халқы өнерінде өрнекті фигураларды (аппликация) негізі  киізден, матадан, теріден ойып алатын болған.

Ал қазіргі кезде бұл өнер коллаж жұмыстарында пайдаланылады.

«Бұл өнерді қайдан үйрендің?»-деген сауалға Ә. Қастеев:

Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен

Ешкінің  мүйізінен,-деп жауап береді.

Үлгілі қиюмен айналысқан көп айналасқан шеберлер жаңа буын қосып оны  түрлендіріп отырады.

ІV  Сабақты бекіту: Ою-өрнектерден композиция құрастыру (аппликация)

V Үйге тапсырма: Өз бетімен жұмыс.

ID: 76 | Просмотров: 4662