Сайт учителя начальных классов
.
Сүйемін бабам  тілі- анам тілін.

Сүйемін бабам тілі- анам тілін.

Сүйемін бабам  тілі- анам тілін.     

Сабақтың тақырыбы: Сүйемін бабам  тілі- анам тілін                                 

Ақ сандығым ашылсын,

Класта  у-шу басылсын

Жан дүниемізді  ашатын,

Ішінен  білім  шашылсын.

            Құрметті  оқушылар   бүгін сабақ  ерекше маңызды, көңіл қойып тыңдап, ықыласпен  назар аударайық.  Бізде қонақтар бар. Қазақ қонақжай халық, қонақ келсе төріне  шығарып, бар тәтті дәмдісін алдына тартады. Ал бүгінгі  біздің  қонаққа  ұсынарымыз –біліміміз. Енді  сабақта жария ету үшін сырлы таяқшаны қолданайық.

І.Нағыз білгір

І  әдебиеттік оқу

1.Сөз өнері  жарысы (айтыс)

2.Жазба әдебиетінің    негізін  салушы  (Абай)

3.Ауыз әдебиетінің  түрлерін  ата (жаңылтпаш, ертегі, мақал –мәтел)

4.Жүз жасаған  жыр алыбы (Жамбыл)

5.Қазақ балаларына  европалық үлгіде мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

6.Абайдың неше қара сөзі бар (45)

7.Қазақстан Республикасының  рәміздерін ата

8.Тіл туралы заң қай жылы  шықты (1989 22 қыркүйек)

9.Ата Заңымыз қай жылы шықты? (1998 жылы 30 тамыз)

10.Мемлекеттік  тіл  қай тіл?  (қазақ тілі)

ІІ қазақ тілі

1.Қазақ  әліпбиі неше ә ріптен тұрады (42)

2. Жұрнақ нешеге бөлінеді? (сөз түрлендіруші, сөз тудырушы)

3.Түбір дегеніміз  не? (Сөздің  түпкі мағынасы)

4.Етістік құрамына қарай нешеге  бөлінеді? (дара, күрделі)

5.У дыбысы қандай  дыбыс?

6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

7.Лепті сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? (Адамның көңіл- күйіне байланысты айтылатын сөйлем)

8.Мәтіннің түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

9. «Б» дыбысы қандай дыбыс (дауыссыз, ұяң)

10. «Э» дыбысы  қандай сөздерде кездеседі?  (Орыс тілінен енген сөздерде)

«Кім көп біледі?» ойыны

Әр  топ  қызықты сұрақтар  арқылы  берілген  тиісті  мақал- мәтелдердің  шешімін табу керек.

Мысалы:

1.Кімнің  қызы қай кезде  таранады?

(Қойшының  қызы қой келгенде қорқады)

2.Қорқақ неден қорқады?

(Қорқақ көлеңкесінен қорқады)

3.Қандай бала  бір-бірімен  ойнамайды?

(Аш бала тоқ баламен  ойнамайды)

4.Бос сөзге  үйір, іске жалқау адамды  қалай атайды?

(Тілге-шешен, іске –мешел)

ІІ.Тіл-өнер.

Мұнда мақал айтылады, бір  сөз айтылмай қалады. Сіздер сол сөзді  тауып, орыс тіліне  аударасыздар.

Мысалы: 1. Ашу –дұшпан ақыл ....(дос) (друг)

            2.Адамды асырайтын  (еңбек) (труд)

            3.Досы көпті (жау) алмайды.  (враг)

            4.Адам көркі  шүберек,

            Талдың көркі  (жапырақ)  (лист)

            5.Тіл тас жарады, тас жармаса (бас)  жарады.  (голова)

            6.Білім кілті- тіл. (язык)

            ІІІ.Менің сүйікті авторларым

а)Бұл кезеңде ақын- жазушылардың  шығармалары  өлеңдерінің аты айтылады. Сіздер  соның авторын айтасыңдар.

1.Білім  таппай мақтанба. (А.Құнанбаев)

2.Кітап (С.Бегалин)

3.Көк серек (М.Әуезов)

4.Анна  апайдың  бақшасы (О.Бөкейхан)

ІV. Тұлғаны танисың ба?                                 

 

V. Сөз мерген

1.Халқымыздың  әдет ғұрпын, тарихын біліп, оны қастерлеп, бірлігіміз бен келешегімізді   нәрлі қайнар  көзіне айналдыру- әрқайсымыздың  азаматтық борышымыз. Олай болса ұлттық тәрбиенің  бастауы  болған  қазақ  ырымдары мен тыйымдарына  арналған  тіл білімі  сайысымыздың  келесі  бөлімі  «Сөз мерген» бөлімі.

 

 

1

Жіп

 

2

                           Есік

 

3

Терезе

 

 

1

Бел

 

құшақтамайды

2

                             Тізе

3

Адам

 

1

      Жер

 

теппейді

2

  Еден

3

                   Есік

 

1

Көрпе

 

баспайды

2

Жастық

3

Кілем

 

VI. Сөз мағынасы

Бүгін киген ақ тоным,

Ертең болар  қара тон.

Қара тоным  аздан соң,

Болып  кетер ала тон.

 

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

 

Қараңқы қазақ көгіне,

Өрмелеп барып күн болам.

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда кім болам.

 

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған  берем ойымның алтын кенін.

Ол бар  болса, мен барлық  қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан халқым менің.

                                               (М.Мақатаев)

Сабақты  қорытындылау: Н.Назарбаев  «Тіл  ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа  ұласқан,  бабадан  балаға жалғасқан  ұлы мұралардың  ұлысы, алдымен әр ұлттың тілі ғой» деген. Ендеше  ата-аба  тілін жалғастыру, оның мәртебесін  көтеру мына баршамыздың  міндетіміз, парызымыз.

Бағалау.

ID: 7702 | Просмотров: 2218