Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Пәні: Математика
Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Мақсаты:
1. Білімділік : Қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін,оқушының белсенділігін түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.
3. Коррекциялық:Математикалық тілін,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
4. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,білімпаз болуға,ақыл –ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, топтық,сұрақ –жауап
Көрнекіліктер: Елді мекендер атауы, пойыздың суреті, интерактивті тақта,қима қағаздар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз!
Мұғалім:
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты түрлі тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылық ,іскерлік қабілеттерімізді арттыру.Сабақтың ережесі:
1. Тыныштық сақтау
2. Бірін –бірі тыңдау
3. Өз ойын ашық айту
4. Уақытты үнемдеу
5. Мадақтау
-Жақсы балалар, мына суреттен кімді көріп отырсыңдар?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
( Оқушылар елбасы туралы білетіндерін ортаға салады )
- Дұрыс,елбасымыз Н.Назарбаев Еліміздің экономикасы мен халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жыл сайын халқына жолдау жолдайды.Біздің бүгінгі сабағымыз елбасы жолдауындағыдай өркендеген ,дамыған елді –мекендерге саяхат жасау арқылы өтеді.Ал, саяхатқа пойызбен барамыз.Пойызға отыру үшін не алуымыз керек?
- Билет алуымыз керек.
- Олай болса, атақты математиктердің тапсырмаларын орындауымыз керек.
( суреттегі математиктер туралы айтып, орындайды)
1 –математик :
Үйден қандай тапсырма орындап келдің?
2-математик:
Сұрақтар:
1. Математикада неше амал бар?
2. Қосу амалы туралы не білесің?
3. Азайту амалы туралы не білесің?
4. Көбейту амалы туралы не білесің?
5. Бөлу амалы туралы не білесің?
6. Қосындыны санға көбейту үшін не істеу керек?
- Өте жақсы балалар,олай болса қосындыны санға көбейту тақырыбында алған білімдерімізді бүгін пысықтаймыз.Ұлы математиктер сендердің білімдеріңізге таң –тамаша болып саяхат – пойызға билеттеріңді берді.
- Саяхатқа шықпас бұрын сабағымыздың алдымен үлгі жоспарын жасап алайық.Бүгінгі өтілетін тапсырмалардың ішінде ең оңайын және қиаламыз деген тапсырмаларды анықтап алайық.
(Әр топтың топ басшысы өз ойларын ортаға салады)

- Өте жақсы олай болса сәттілік тілеп, пойызға отырамыз.Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.Саяхатымызды Сенек ауылынан бастаймыз.
(Сенек ауылы туралы білетіндерің ортаға салады)
Тапсырмасы:
- №1 тапсырма Дұрыс жауабын тап.
(1-бағанын интер.тақтада, 2-бағанын жәй тақтада плакатта орындайды)

- Балалар, Қызылсай ауылына да келіп қалыппыз.Бұл ауылды естулерің бар ма?
(Оқушылар өздерінің білетіндерімен бөліседі)
Тапсырмасы:
- №2 тапсырманы жарысып орындаңдар!
( Екі топ алдарындағы дайын бетшеде орындап, бір –бірден оқиды)

- Қызылсай ауылын да білімдерімізбен таң қалдырдық.Пойызымыз Құланды ауылына келіп қалды.Осы ауылға барып көрген оқушы бар ма?
(Оқушылардың ойларын тыңдау)

Тапсырмасы:
№3 тапсырманы өз бетінше әр топ бір бағаннан орындаңдар.
- Жақсы, ал мен тақтаға әр топтан бір оқушыдан тақтаға орындауға шақыра-мын.Қалғандарыңыз орындарыңызда орындауға болады.
(Түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді)
-Өте жақсы балалар,Құланды ауылының халқы сендерге рахмет айтты.Енді міне,Теңге ауылына да келіп жеттік.
( Теңге ауылы туралы білетіндерін ортаға салады)
Тапсырмасы:
№6 тапсырмадағы теңдеулердің ішінен күрделі теңдеуді тауып орындаңдар.
(Орындамас бұрын теңдеу деген не, еске түсіру)
- Балалар, Теңге ауылының халқы сендерге дән риза.Олай болса, пойызымыз келесі ауылға жеткенше бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.
(Туған жер,Отан туралы тақпақтар айту)
- Тамаша балалар, әркімнің туған жері,Отаны өзіне ыстық.Олай болса, өзіміздің туған қаламыз Жаңаөзенге соғып кетейік.
(Жаңаөзен қаласы туралы білетіндерін ортаға салады)
Тапсырмасы:
1 –топ №7 тапсырманың 1 –шісін, 2-топ №8 тапсырманың 1-шісін орындап көріңдер
( Екі топтан 1 оқушыдан тақтада орындайды,талдайды,сұрақтарға жауап береді)

-Өте жақсы балалар, халқымыз рахметін айтып жатыр.Пойызымыз Жетібай кентіне жетті.
(Жетібай туралы білетіндерін ортаға салады)
Тапсырмасы:
-«Тез ойлан,тап!» ойыны, 1 минутта ауызша қалдықпен бөлудің нешеуін орындай аласың?

Мұғалім:
- Шапшаңдығымызды тексеріп көреміз бе? Олай болса №9 тапсырмаға қараймыз.Уақыт кетті.
(Әр топ ауызша орындайды,жауаптарының санына қарай ұпай беріледі)
-Өте жақсы балалар, енді пойызымыз Форт –Шевченкоға келді.Ол туралы не білесіңдер?
(Оқушылар өз білгендерін айтады)
Тапсырмасы:
- Зерттеу өзгешелігі бар немесе үйреншікті емес тапсырмаларды 1 минутта орындап көрсін.
- Олай болса , оқулығымыздағы №10 тапсырма ны 1-топ , №11 тапсырманы
2-топ топпен біріге орындайсыңдар. Уақыт кетті.

- Форт –Шевченконың халқы сендерге дән риза екендерін айтты. Саяхатымызды жалғастырамыз.Пойызымыз Ақшұқыр,Сайын ауылдарына да жетті.
(Оқушыларды тыңдау)
Тапсырмасы:
Математикалық жұмбақ:
Кітапханада 3 бөлме,
Әр бөлмеде 10 шкаф,
Әр шкафта 5 сөре,
Санай алсаң егерде,
Айтып берші анықтап,
Қанша болды сөресі? (3*10*5=150)

Қорытындылау.
- Өте жақсы балалар, міне көптеген елді мекендерге саяхат жасадық.Енді Ақтау қалалсына соғып, үйге тапсырма ала кетейік.
( Ақтау қаласы туралы білетіндерін ортаға салады)
- Мына тапсырманы орындасақ, үй тапсырмасын алып, ауылға қайтамыз.
Тапсырма:
- Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін тап.

І топ ІІ топ
( 6 + 10) * 5 ( 10 + 7) * 3
(Әр топ қорғайды)
Үйге тапсырма:
- Өте жақсы, олай болса үй тапсырмасын аламыз.
І топқа: № 4, № 7 (2)
ІІ топқа: №5, №8 (2)
Рефлексия.
- Облысымыздың көптеген елді мекендерін араладық,таныстық,тапсырмаларын орындадық.Саяхатымыз ұнады ма?
- Ұнады
- Олай болса, топ басшысы барлық жинаған ұпайларын санаңдар.
Бағалау.
( топ басшысы ұпайларын айтады, тобындағы оқушыларға жеке баға береді)
Мұғалім:
- Сендер болашақта осындай дамыған елде өмір сүресіңдер.Егер осылай оқып, білімді азамат болсаңдар,Қазақстанның тәуелсіздігін,Туын биікте ұстайтын,Елбасымыздың сенімін ақтайтын азамат болады деген сеніммен сабағымызды аяқтаймыз

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Толепова Жанат Сайлаубаевна

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы №13 бастауыш мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: 19790211T (03.02.2015) | Автор: Толепова Жанат Сайлаубаевна E W
Көрсетілім: 1725 | Ілмек сөздер: математика, пойыз, Саяхат, Көбейту | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5909
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 126
Қонақтар: 126
Тіркелгендер: 0