Сайт учителя начальных классов
.
Қош,келдің Наурыз!

Қош,келдің Наурыз!

Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:нақыл сөздер жазылған парақшалар,суреттер.
Барысы:Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! ! Бүгінгі болғалы отырған «Қош келдің, Наурыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1 оқушы:Құралай
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер,Наурыз күнін қарсы алайық.

2-оқушы:Дінмұхаммед
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арманда.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

3-оқушы: Ақжан
Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.
Мұғалім:Балалар бізге Қызыр баба,шуағын шашып Күн,Жиренше шешен, қонаққа келіпті.
Қызыр баба:Ау,аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп жүр шаттық ән.
Аманбысың ардақты халқым менің
Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Күн:Сәлем ата-аналар!Қызыр баба аман ба?
Жақсы жайлы заманда,Уақыт үдеп келдім мен.
Бақыт тілеп адамға.
Әне,Наурыз келді,әсемденер жер енді.
Мұғалім: Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ
«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты
Наурызды шақырайық.

Бәрі:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..

Наурыз: Жайнатамын бар гүлді
Сайратамын бұлбұлды.
Төгілтіп ән-күй, жырды
Мейрамдайық бұл күнді,
Тіршіліктің бастауы, Наурыз айы мен болам!
Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылсыншы жырымыз!
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Жиренше шешен:Той әкелген ғаламға,
Күн мен Наурыз армысың!
Бас иеміз бабамыз-
Бас иемін саған да,барша жұртым аман ба?
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.
Күн:Мың жасай бер,Жиренше.
Мұғалім:Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..
Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

1. Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы, мәңгі деп есептелген.
2. Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.
3. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.
4. Наурыз көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс мошылық бастауы.
5. Наурыз мерекесі мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.
Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

Ән: «Қазақы дастарханым»
(оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқиды).
4-оқушы:Гүлмарал
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз – жыл басы!
5-оқушы: Бірғаным
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ той мерекесі!

6-оқушы:Мадина
.Наурыз келді, көктем келді, ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды Наурыз, армысың!
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
7-оқушы .Анел
Қиыры жоқ менің байтақ далама
Әсем, көркем ауылыма, қалама
Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді
Сырлы әніне құлақ түрмей болама?

8-оқушы: Әділет.Ш.
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.
9-оқушы: Ақерке
Ата- бабам тойлаған,
Наурызым армысың
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
10-оқушы:Әділет.Б.
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде,
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, наурыз, күлімде!
11-оқушы.Нұрасыл
Наурызды халқымыз,
Жыл басы деп санайды,
Көнермеген салтымыз,
Көп елдерге тарайды
12-оқушы:Венера
Ақ түйенің қарны жарылды,
Наурызды елім сағынды
Үлкен-кіші асығып,
Бұл тойға бәрі ағылды.

13-оқушы:Ерасыл
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің,
Береке ырыс сыйлашы.
14-оқушы.Бекет
Көктем тойы әніміз,
Көркем өнер сәніміз,
Өлең жырмен той сәнін,
Өрнектейміз бәріміз.
15-оқушы:жЖансая
Наурыз айы – бақыт басы, жыл басы.
Наурыз тойы – ата – дәстүр жалғасы
Ұлыс күні ұлы тойға кенелсін
Қасиетті қазағымның ордасы
16-оқушы:Тұрар
Наурыз келді, Жыл келді,
Дала жайнап, гүлденді.
Көңілдерге қуаныш
Жүректерге нұр берді.

Ән: «Ақ әжем»

Қызыр баба: О-ой, бәрекелді! Көп жасаңдар, айналайындар! Жастарың, айтса айтқандай, өнерлі екен. Жөн-жоралғыдан да қаражаяу емес көрінеді. Енді, рұқсат болса, бұрынғының жолымен мен енді балалардың зерделері мен ой-өрістерін біраз пайымдап көрсем.
Күн:Жөн, ата, жөн! Жастарымыз зердесіз емес сияқты. Намысты қолдан бере қоймас.
Қызыр баба: Ендеше алғашқы сұрақ:
1-сұрақ:Наурызшешек деген өсімдік туралы не білеміз?
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
2-сұрақ:Наурызкөк құсы туралы не білетіндеріңді айта қойыңдаршы?
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
3-сұрақ:Наурыз көже туралы не білеміз?
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
4-сұрақ:Наурызнама ойын сауығы туралы не білеміз?
«Наурызнама»- шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.
5-сұрақ:Халық Наурызша деп айтып жатады.Оны қалай түсіндіңдер?
Ақниет: Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
6-сұрақ: Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Ол бата туралы не білеміз?
Бұл наурыз бата наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.
Қызыр баба: Бәрекелді, балалар, жарадыңдар! Ризамын.
Мұғалім: Осы барлығымыз айтып жатырмыз «Ұлыстың ұлы күні» деп, ал ол қайдан шыққанын білесіңдер ме?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

17-оқушы:Құралай
Салтымен ата-бабамның
Жаңғырды қайта заманым!
Жаңа жыл басы-Бұл Наурыз!
Қайырлы болсын, қадамың.
-Халқымыздың салт дәстүрлеріне кезек беру
Ата-аналар тұсау кесер мен бесікке салу дәстүрлері туралы айтады.
17-оқушы.Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын, Наурыз той,
Ұлы күні ұлыстың!
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
-Қонақтарға наурыз көже беру.

Мұғалім: Қызыр баба, енді сіз дәстүріміз бойынша бата берсеңіз!
Қызыр баба: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын,
Төрт құбыла тең болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке әкелсін,
Наурыз құтты болсын!
Мұғалім:
«Қош келдің, Наурызым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

ID: 9535 | Просмотров: 4514