Сайт учителя начальных классов
.
Қосарлама қос сөздер

Қосарлама қос сөздер

 

Қосарлама қос сөздер

Тақырыбы: Қосарлама қос сөздер

білімділік  -қос сөз,қосарлама қос сөз,қосарлама қос сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік беру,қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру;

дамытушылық-ойын  түрлері арқылы оқушылардың ой-өрісін,танымын,өз бетімен ізденуі арқылы қабілеттерін жетілдіру,сөзжасам туралы түсініктерін дамыту;

тәрбиелік-оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,Отанын,жерін     сүюге,адамгершілік қасиеттерге,эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға,әділдікке,тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта арқылы даярланған слайдтар, М.Әуезов шығармалары

 Типі:жаңа білімді меңгерту.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,шығармашылық арқылы пікірін қорғау.

Пәнаралық  байланыс: әдебиет

Пайдаланылған әдебиеттер:

1«Сөзжасамды оқытуға қосымша» Б.Б.Жахина 2007жыл

2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 2008жыл\

3 Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару; бүгінгі сабақтың мақсатын айту.

Үй тапсырмасын сұрау

1«Ақсүйек ойыны арқылы сыныптағы 22 оқушыға ішінде «ақсүйекгі» бар конверттер таратылады.Тек 6 оқушы ғана тапсырма жазылған (сүйектің суреті бар) конверт табады.

2 Тақтадағы түстерді таңдау арқылы жұмбақтардың шешуін табу (жұмбақтардың ішінен қос сөздерді айтып өту)

                  1    2    3    4   5   6   7   8    9

                Қ  О  С  А  Р  Л  А  М  А

Жаңа сабақ.

1.Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

Қосарлама қос сөздердің құрамына назар салайық

Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады.

Құрт-құмырсқа,әке-шеше,ағайын-туыс,үлкен-кіші,іші-сырты,аға-іні

Бір сыңары мағыналы,екінші сыңары мағынасыз 

Келін-кепшік,бала-шаға.

Екі сыңары да мағынасыз

Ығы-жығы,екен-саяқ

Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер

Үгіт-насихат,оқу-ағарту,саяси-экономикалық,қазақша-орысша,ғылыми-танымдық.

2. Ойнайық та, ойлайық!

«Көкпар» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп,қос сөздердің сыңарларын тауып жазу

82-жаттығу

Дос-                                        Жігіт-                                      Әмпей-  

Сана-                                      Қыз-                                        Тым-

Ат-                                          Шал-                                       Егжей-

Ас-                                          Шапан-                                   Бытықы-

Қару-                                      Ақсақ-                                     Атау-

Сән -                                       Қора-                                      Далдың-

Кескін-                                   Арық-                                     Алапай-

Қиын-                                     Қант-                                      Ымы-

Апалы-                                  Әуре-                                        Қылтың-

3. Семантикалық картамен жұмыс

 

 

                           Түрлері

 

 

Мысалы

Мағынасы жақын және қарама-қарсы сөздердің қосарлануы

 

Бір сыңары мағыналы,екіншісі мағынасыз сөздердің қосарлануы

 

Екі сыңары да мағынасыз сөздердің қосарлануы

 

Кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер

 

1

Ығы-жығы

 

 

 

 

2

Ыдыс-аяқ

 

 

 

 

3

Бала-шаға

 

 

 

 

4

Ғылыми-әдістемелік

 

 

 

 

5

Ақ-қара

 

 

 

 

6

Туыс-бауыр

 

 

 

 

7

Мал-жан

 

 

 

 

 

4. Оқулықпен жұмыс

84-жаттығу.Сөйлемнен қосарлама қос сөздерді тауып,қосарлама қос сөздердің қай түріне жататынын анықтау

5.Шешендер сайысы

Алтын сандықтан шыққан мақал-мәтелдердегі қос сөздерді табу.

1.      …………. көсем боласың, ………….. шешен боласың.

2.      ………….ның  ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

3.      Әдептілік ………… –адамдықтың белгісі.

4.      Ақылды адам  ……….. келеді, ………. байқай келеді

6. Мен оқыған шығарма

М.Әуезов шығармасынан үзінді (мәтін ішінен қос сөздерді айтып өту)

7. Жеке оқушымен жұмыс

86-жаттығу 1 Өлеңді түсініп оқу 2 Қарама-қарсы сөздер жасау

8. Мен таңдаған мамандық (Бекіту)Оқушылар пікірі

Үй тапсырмасы   1. 87-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,қос сөздердің жасалуын түсіндіру.

2.Ережелерді жаттау

Оқушыларды бағалау

Қос сөздер, түрлері, емлесі

Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.

1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.

2)бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің

қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.

3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.

4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер:ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.

5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:

жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.

6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздердеп аталады.

Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б

Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б.

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т. б.

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.

3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.

4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.

Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.

ID: 8610 | Просмотров: 3186