Сайт учителя начальных классов
.
Оқушымыз біз енді

Оқушымыз біз енді

Оқушымыз біз енді

Хамзина Жаңылсын Хамзақызы-

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,

бірінші санатты педагог-психолог,

А.Таймановатындағы  №34 мектеп-гимназиясы,

Орал қаласы

1-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған тренинг- сағаты

Сабақтың тақырыбы«Оқушымыз біз енді»

Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым түсініктер туралы алған білімдерін әрі қарай кеңейту

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,зейін тұрақтылығын дамыту,.

3.Оқушыларда жағымды эмоция қалыптастыру, белсенділікке тәрбиелеу бейімделу кезеңінен қиындықсыз өтуге жағдай туғызу. Достыққ, бірлікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: Түрлі суреттер, геометриялық фигуралар, магнитафон, кодаскоп  т.б.

Сабақ барысы:

I.Психологиялық дайындық

IIОқушылардың ойларын тыңдау

Тақпақ:

Мектебің, мынау-класың,

Осында он бір жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.

Жаттығу «Шынымды айтсам...?»

- Сендер кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, оқушы атандыңдар. Оқушы болу, оқушы атану қиын ба? Қаншалықты қиын?  Мектеп, оқушы , ұстаз, сабақ туралы айтқанда сендерде қорқыныш, мазасыздану болды ма? Осы жайында әңгімелеп бересіңдер. Әңгіме, шынымды айтсам деп басталуға тиіс. (Оқушылар өз ойларын ашық айтады)

-Ал, енді сол қорқыныш, мазасыздану қазір басылды ма?

III. Жаттығу-тренингтер

1.«Көршіңді білесің бе?»  жаттығуы

Нұсқау: Көршілерімен жұптасып алға шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Мұғалім сұрақтар қояды. Сұрақты кімге қойса, сол оқушы жауап береді. Мысалы:

-Айнұрдың бантигінің түсі қандай?

-Мирастың мойнында галстук бар ма, жоқ па? т.б.

2. «Жаңбыр» тренингі

Мақсаты: Топты тыныштандыру, эмоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағытталады.

Қатысушылар 4топқа бөлінеді:

1-топ-алақандарын сылайды

2-топ-тізелерін алақандарымен соғу;

3-топ-саусақтарын сытырлату

4-топ-аяқтарының басын тықылдату.

III.Релаксация«Кішкентай құс»

IV. Жаттығу-ойындар

1.«Сөз-моншақтар» жаттығуы

Нұсқау: Мұғалім балаларға бір сөз айтады. Сол сөздің соңғы әрпіне сәйкес келетін сөз ойлап оны балалар жалғастырады. Осылайша жіпке тізген моншақтай сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Мысалы: Адам- мысық-қала- ағаш-шырша –ақыл-лақ т.б.

2. «Ойлан да аяқта» жаттығуы

-Лимон қышқыл, ал қант... (тәтті)

-Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)

-Екі бірден көп, ал бір... (екіден аз)

-Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың?... (қолмен)

-Самал үйден Айманнан бұрын шықты, ал Айман... (кейін шықты)

4. «Жасырынбақ» ойыны

Әртүрлі жануарлар суреттері, үстінде геометриялық фигуралар. Жұмбақтарды шешу арқылы оларды босата аламыз. Ал, қанекей жануарларға көмектесейік

Қорбаң, қорбаң етеді

Тәтті жақсы көреді (Аю)

Жол бойында жортқан,

Сыбызғысын тартқан (Қасқыр)

Тауықтар қашып жасқанған

Қулығы артық басқа аңнан (Түлкі)

 Ұзын құлақ, сақ құлақ

Секіріп жүр шапқылап (Қоян)

Күні бойы тынбайды,

Қысқы азығын жинайды (Тиін)

Сұрақтар:

-Бірінші кімді босаттық?

-Ол қандай фигураның астына жасырынған еді?

-Қоян қандай фигураның астына жасырынды.? т.б.

 «Жіктеулер, топтау»

-Дөңгелекке ұқсас не бар?(доп, күн, сақина, тарелке, қақпақ т.б.)

-Үшбұрышқа ұқсас не бар?(гүлдің ыдысы, шәйнекбанкі т.б)

-Төртбұрышқа ұқсас не бар? (үй, теледидар, есік, терезе, сөмке, телефон, кітап т.б.)

-Шаршыға ұқсас заттар (терезе, теледидар т.б.)

-Кесіндіге ұқсас нені атауға болады? (есіктің, тақтаның кітаптың үстелдің т.б.қырлары)

5.  «Фотоаппарат» жаттығуы

Нұсқау: Тақтаға 10 түрлі заттың суреті ілінеді. Балаларға қарауға 1 минут уақыт беріледі. Суретті жауып қойып, аттарын айтып беру талап етіледі.

6. «Рұқсат етілмейтін түстер» жаттығуы

Нұсқау: Мұғалім сұрақтар қояды, ал оқушылар жауап берген кезде ақ және көк түстерді атамау керек. Сұрақтар:

-Шөптің түсі қандай?

-Аспанның түсі қандай?

-Күзде жапырақтың түсі қандай болады?

-Түймедақтың (ромашка) гүлінің түсі қандай?

-Күннің түсі қандай болады?

-Алманың ше?

-Қардың түсі қандай?

-Судың түсін айт

-Ал сүттің түсі ше?

7.«Атауға болмайтын сандар» жаттығуы

Нұсқау: Мұғалім сұрақтар қояды, ал оқушылар жауап берген кезде 2 және 4 сандарын атамау керек. Сұрақтар:

-Бір қолда неше саусақ бар?

-Итте неше аяқ бар?

-Тауықта неше аяқ болады?

-Сендер неше жастасыңдар?

-Аспанда қанша жұлдыз бар?

-Адамда неше көз бар?

-Бір аптада қанша күн бар?

-2ге 2ні қосқанда қанша болады?

8.«Рұқсат етілмейтін қимыл» жаттығуы (Музыкалық тренинг)

Нұсқау: Мұғалім қолымен түрлі қимылдар жасайды. Балалар қимылды қайталайды. Тек мынаны ескеру керек. Қолды төмен түсіруге болмайды. Мұғалім қолын төмен түсіргенде , оқушылар қолдарын жоғары көтерулері тиіс.

V. Графикалық диктант

  1. «Санамақ» айту (жәйлап, қаттырақ, жылдам, өте жылдам, сыбырлап, шетелдік сияқты)

VII. Сурет салу«Мен болашағымды қалай елестетемін»

X. Қорытынды

 Жаттығу «Біз бірге күштіміз»

Нұсқау: Мен сіздерге жеке сөздер оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің бас әрпін, яғни естілген дыбысын айтасыңдар.

Бұлт, із, зерек,

Бірлік, ірімшік, раушан, гүл, емен,

Күрек,үштік, шындық, тас, ілім, мысық, іні,зергер,

-Қандай сөйлем шықты?

Б І З    Б І Р Г Е    К Ү Ш Т І М І З

(Қолдарын ұстасып «Біз бірге күштіміз». деп қайталайды)

ID: 6007 | Просмотров: 3779