Сайт учителя начальных классов
.
«Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс

«Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс

«Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс

Тақырыбы: «Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс.

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс.

Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.

Барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.          

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қатысушы жастарын ортаға шақырайық.

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

І. Айналым:

Ережесі: Бұл айналымда сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырып, топ мүшелерінің есімдерін де атап өтеді. Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде тек әннің музыкасы жасырылады.(Әнді тапса бірге шырқайды)

І айналым тақырыптары:

      1.«Көктемге сағыныш»

2. «Сарғайтқан сезім»

3. «Өмір-ай»

4. «Анама»

5. «Таулар шыңы»

Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.

Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.

ІІ айналым.

Ережесі: Алдымен екі топқа да 2-әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын сөздерді айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп А- А. Мысалы: Алма, апа, ана т.б. (Уақыты 1минут).қай топ көп сөз айтады сол топ жеңіпмаз болып табылады.

Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз.

Жүргізуші: Оқушылар, әуен мен сөздің байланысы бір-бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады

Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!

ІІІ айналым.

Ережесі: Келесі бөлімде төрт жол өлең беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге синоним яғни, мағыналас сөздер айтасыздар.

Сіздерге берілетін өлең А.Құнанбаев. «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, (Суық, ызғар)

Масатыдай құлпырар (Жайнар, әдеміленер) жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер (Шуақтанар, жадырар) күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып (Қуанып, мәз болысып) жас күлер ќұрбысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп,(Амандасып, қал-жағдай сұрасып) құшақтасып

Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!

Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік

Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал-мәтелдерімізде баршылық. Келесі бөлімде мақал-мәтелдерден сайыс.

ІV. Айналым. Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. (Достық, әдептілік, ата-ана, еңбек, білім, өнер).

Жүргізуші: Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жарыса жауап берді.

Осы айналым бағасына назар аударайық!

Жүргізуші:

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай келесі бөлімде нағыз тапқырлықтарыңыз бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.

-Ақтық мәреге аяқ басайық!

Ақтық мәре. Екі топ бір – бірлеріне кезекпен кезек 3 реттен әртүрлі тақырыптағы әндердің сөздерінің орындарын ауыстырып айту керек. Ал қарсы команда сол әнді тауып алу керек.

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Марапаттау:

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!

ID: 7164 | Просмотров: 3007