Сайт учителя начальных классов
.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері.

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері.

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері.

Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілімен таныстыру; есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым – қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа, тапқырлыққа, байқағыштыққа, елін сүйетін және қорғайтын азамат болуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Алатаудың, Рәміздердің суреті, есеп жазылған топшамалар, слайд.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру
а) сәлемдесу       ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) психологиялық дайындық
1. Үй тапсырмасын тексеру. Бет92, №7, 9.Есепте.

№7 Түбірі тең болатын теңдеулерді жұбымен жаз.
а) (х - 80):40=640                          в) х – 80 = 640*40                       

      Х=25680                                      х=25680                         

ә) (х – 80)*40=640                              б) х – 80 = 640:40

      Х=96                                                    х=96  
                           

II Жаңа сабақ . Бет 92
1. Балалар, Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдерін үйренеміз. Оқулықпен жұмыс кезінде есептерді топқа бөлу арқылы және таңдау арқылы жұмыс жүреді. Артық қалған есептер үйге қалдырылады. Тексеру, дәптер ауыстыру арқылы тексеріліп отырады. Дұрыс шығарған оқушыларға Ту, Елтаңба, Әнұран беріліп отырады. Рәміздердің барлығын Алатау шыңына жеткізген  оқушылар үшін « Мамандыққа жол ашық » логика есептері ұсынылады. Бұл дегеніміз елі үшін алдағы уақытта қандай қызмет атқаратынын білеміз.

2. Оқулықпен жұмыс
№ 2. Оқулықтағы ереже оқылады. Тақтада түсіндіру.
Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша (қалдықсыз) бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау керек.

- Алда қандай мереке? Тәуелсіздік күні.

- ҚР-ның рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран.

- Ту, Елтаңба, Әнұранды қолына ұстап өз білімін көрсете Алатау шыңына кім шығады екен?

№1,2,3 есепті қатесіз орындаған оқушы  Туды

№4,5,6 есепті қатесіз орындағандар Елтаңбаны

№7,8  есепті қатесіз орындағандар Әнұран әндетіп шығады.

Алатаудың шыңына шыққан оқушыға « Мамандыққа жол ашық » атты логика  есептері беріледі.

 

№ 1. Ауызша есептеу.
45000:90= 500              24000:60= 400            

45000:900=50               24000:400=60             

45000:15=3000             24000:12=2000                 

45000:150=300             24000:120=200            

45000:500=90               24000:800=30

45000:5000= 9              24000:2000=12

 

3. Дәптермен жұмыс
Күн жады, көркем жазу минуты
210,   2100,    21000,     210 000,    901002000,     33020100,     50040102,       66004400
Тексеру кезінде дәптерлерін көршілерімен ауыстырып, тақтадағы жауабына қарап тексереді.

 

№ 3. Өзіндік жұмыс ұйымдастыру. Үш топқа бағандап бөліп беру.

548100:90= 6090            4200*70=294000                190*900=171000

326840:40=8171             3260*300=978000              127800:200=639

507000:60=8450             15300*80=1224000            196000:700=280

№ 4. Өзіндік жұмыс ұйымдастыру. Үш топқа бағандап бөліп беру.

54000=х*60         75000=b-25         9000=15*х        1200=360+х       90=5400:х         10000=9500+а

Х*60=54000        b-25=75000          15*х=9000         360+х=1200      5400:х=90         9500+а=10000                                

Х=900                   b=75025               х=600                 х=840                х=60                   а= 500

№ 5 Тақтамен жұмыс.Қай топтан тез шешеді ,сол топтан бір оқушы тақтада орындайды.

В=250м                           Ш: S=(250+150)*250=100000м2

А=? 150м артық                   100000м2:5=20000м2

Сұлы-1/5                               100000м2- 20000м2=80000м2

Жонышқа-? Артық               80000м2- 20000м2=60000м2 артық  себілді

4. Сергіту сәті.

№6. Татада орындау. Бұл есепті топшамаға жазу, топтан бір оқушы таңдап алады, сол есепті шығарады. Қалған есепті үйге алады.

Сұрақтар:  1.Жылдамдықты  қалай табамыз?    U=S:t

2. Қашықтықты қалай табуға болады?       S=U*t

3. Уақытты қалай табуға болады?        t =S:U

А) 450км:6сағ=75км/сағ       ә) 200км:20км/сағ=10cағ

Б) 320тг:4=80                        в) (3*50)*4=600тг төленді.

 

№ 7.Салыстыр. Ауызша орындау.Бұл есептеде таңдау, қалған есепті үйге алу.

А*(34*500)  =  34*а*500                                    с*452*d  <  c*542*d

f*(2400+1200)  < 2400*f+12000*f                    b: (200*100)   =  (b:200):100

 

 

№8. Бір таңбалы сандардың квадрат мәндерін есіңе түсір. Бұл есептеде таңдау, қалған есепті үйге алу.

8264-56=8               9281- 67=14                 8026400- 56= 6344           9028100- 67=8033

7249-34=15             42 16+351=367            7024900- 34= 4866           4021600+ 351=1951

4216+300=316          224+ 400= 404            4021600+ 300=1900         202400+400=800

 

№ 9. Есепті шығар. Тақтамен жұмыс.Қай топтан тез шешеді, сол топтан бір оқушы тақтада орындайды.

 160км-22км=138км           160км-( 46км*2)=68км екі күнен кейін жүру керек.

 

« Мамандыққа жол ашық »

Топтан дұрыс есептеген оқушылар үшін логикалық есептерді таңдап, шешу жұмысын жүктеу.

Сұрақтар:

      1. 1000 санында барлығы неше ондық бар? ( 100)
2. Фигураның ұзындығы мен енін қосып, екіге көбейткенде не шығады?
3. 1 дм2 неше см 2 тең? (100см2)
4. 104 санының бірлігін ата? (4)
6.  Ересек адамның жүрегі 1 минутта 5л қан айналдырса, 1сағатта неше литр қан айналдырады?

         1 тәулікте ше? (1сағатта- 60мин*300л), (300л*24сағат=7200л)

       7.   Қандай сандарды жұп сандар деп атаймыз?

           (2-ге қалдықсыз бөлінетін сандарды жұп сандар деп атаймыз).

            8. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандарды қандай сандар дейміз?

                (тақ сандар деп айтамыз).

            9. Натурал сандар дегеніміз қандай сандар? (Санау үшін пайдаланылатын сандар).

           10. Нөл натурал санға жатады ма? (жоқ)

           11. 6 санының  кубы неге  тең? (216)

           12. 7 сағ 60 минутты  минутпен өрнекте (480мин)

           13. Бір ғасырдың 10-нан  бір бөлігі қанша?(10)

           14. Екінші кластың 72 бірлігінен және бірінші кластың 7 бірлігінен тұратын сан.(72007)

           15. Олжас бір сан ойлады. Егер санды 45-ке кемітсе, мәні 20-ға тең болады.

                 Олжас қандай сан ойлады? (65)        

 

III.Сабақты қорыту. 

2. Үйге тапсырма беру
№ 6, 7, 8,-дің қалғандары және №9.
3. Бағалау, күнделікке қою.

ID: 8242 | Просмотров: 3429