Мм дыбысы мен әрпі

 Мм дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

  • Оқушыларды «Мм» дыбысының таңбасы мен таныстыру; баспа

түрі мен жазба түрін жазу.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту;
  • Сөздік қорын молайту;
  • Өз жолдастарының жауаптарын тыңдау және бірін бірі сыйлай білуге дағдыландыру мен тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Типі: Жаңа сабақ;

Көрнекіліктер: Мм әрпінің жазылуы, суреттер, буындар.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Ойын: «Неге айналады?»

  1. Жұмыртқа неге айналады?   /балапанға, құсқа, крокодилге..../;
  2. дән неге айналады?                /бидайға, арпаға.../;
  3. Уылдырық неге айналады?   /балыққа/;
  4. Гүлдер ше?                               /жеміске ..../
  5. Марғау ше?                              /МЫСЫҚҚА/.

ІІІ. Осы «марғау, мысық»деген сөздердегі алғашқы дыбыс қандай? «М»

Дұл дыбыстарға сөздер құрайық : /мақта, машина, қамыс, самса, Маржан, Марат, Мақсат, мамық..../

ІҮ. Енді осы дыбыстармен ойын: «Сөз тап, тез тап!»

Мысалы: Мысық-қасық, жастық, бастық,...

                 Мақта-тоқта, сақта, жақта, бақта, ...

Ү. М м дыбысын енді әріпке айналдыру, көрсету, Мм әрпін,

Буындар жазылған плакат:

                                   Ма Мама

                                   Му Маржан

                                   Мау Мата

                                   Ом

Екінші буындағы дауысты дыбыстарды ата.

Екінші буындардағы дауыссыз дыбыстарды ата.

ҮІ. Сергіту сәті:

ҮІІ. Мысықтың суретін ілу және суреттің астында

Сұрақтар: Мынау не?                      Не істейді?

                  Мысық                             мияулайды, ұйықтайды.

ҮІІІ. Жұмбақ шешу:

Кіп-кішкентай арыстан,

Мияулайды, ұйықтайды.

Тышқанды еш қоймайды.       /Мысық/

ІХ. Дәптермен жұмыс:

Мм әрпін және сөздерді дұрыс, әдемі жазу.

Х. Сабақты қорыту:

- Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

- Бұл әріп дауысты ма, дауыссыз ба?

- Тапсырмалар сендерге ұнады ма?

ХІ. Үйге тапсырма:

Мм әрпі бар тақырыпты оқып келу және осы әріп бар мына жануарға «Мысық» және мына жәндікке «Маса» ертегі құрап келу.

Автор: Джиембаева Райгуль Анапияқызы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы Панфилов атындағы орта мектебі

18
Декабрь
0
1523
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.