Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Маңғыстау

Маңғыстау

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Тақырыбы: Маңғыстау
Мақсаты: Оқушылардың Маңғыстау туралы түсініктерін кеңейтіп,қазба байлық-тарын таныстыру.
Қосымша мәліметтер бере отырып, танымдылық,ізденімпаздылық қызығушылығын арттыру,дамыту.
Туған жердің табиғатын,байлығын қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдісі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
1. Шаттық шеңберін жасау
2. Бір –біріне күлкі сыйлау
ІІ. Өткенге шолу
3. Сұрақтарға жауап алу.
- Жақсы оқушылар, менің қолымда жұлдызшалар бар,осы жұлдызшаны алған оқушы бүгінгі сабаққа қатысу мүмкіндігіне ие болады.Ал,оны алу үшін сіздер жыл басынан өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беруіңіз қажет.Олай болса, экранға назар аударамыз,іске сәт!
Сұрақтар:
1. Өсімдіктердің тобын ата.
2. Топырақ дегеніміз не?
3. Топырақтың құрамы
4. Көкжиек және көкжиек сызығы деген не?
5. Тамыр деген не?
6. Тұқым түрлері
7. Сұлба деген не?
8. Ауаның негізгі қасиеттері
9. Тұсбағар деген не?
10. Өсімдік неден көбейеді?
11. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
12. «Қызыл кітап» туралы не білесің? Ол неге керек?
13. ҚР –сы өз тәуелсіздігін қашан қабылдады?
14. ҚР –ның астанасы туралы не білесің?
15. Көкжиек тұстарын ата.
16. Тірі табиғаттың маңызды бөліктерін ата.
17. Өсімдік мүшелерін ата.
18. ҚР –ның Конституциясы қашан қабылданды?
( Жұлдызшаны алған оқушы өзінің қалауы бойынша отырады)
- Жақсы оқушылар әрқайсысыңыз өздеріңізге ұнаған топқа отырдыңдар, енді осы топтардан топ басшысын сайлап алуымыз керек.
Топ басшысының міндеті:
1. Тобындағы оқушылардың түгел сабаққа қатысуын қамтамасыз ету
2. Көмек беру
3. Тобын алға жетелеу
4. Әрқайсысын іштей бағалап отыру
5. Сабақ соңында бағалау
(Топ басшыларын сайлау, міндеттерін түсіндіріп өту)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту
- Жақсы оқушылар енді әр топ үйге берілген тапсырманы мына бөлімдер бойынша қорғайды, қорытады.
1 –топ: Пайдалы қазба – көмір дүниеге қалай келді?
2 – топ: Тас көмірдің пайдасы
3 –топ: Тас көмірді жер қойнауынан қалай өндіреді?
( Әр топтан бір –екі оқушы қорғайды)
IV. Жаңа сабақ
- Өте жақсы оқушылар, енді барлығымыз экранға назар аударайық.Экранда табиғатқа,дүниетанымға байланысты жұмбақтар жасырынған.Шешуін дұрыс тапсақ, бізге сурет сыйлайды.Қане, сыйлықты алуға тырысамыз,ойларымызды жинақтап, шешіп көрейік.
1 –жұмбақ: Адассаң ал қолыңа,
Бағыт сілтер жолыңа ( тұсбағар)
2 –жұмбақ: Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. ( су )
3 –жұмбақ: Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. ( күн)
4 – жұмбақ: Арыстан ақырады,
Орман жарқырады. (найзағай)
5 – жұмбақ: Өзі таудың бөктерінде өседі,
Жаңа жылда үй төріне көшеді. ( шырша)
6 – жұмбақ: Гүл –гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең? ( көктем )
( Жұмбақты шешеді артында ұңғыманың суреті )
- Міне, қызық күтпеген сыйлық болды.Бұл ненің суреті, кім біледі, кім көрді?
( Оқушылардың ойларын, жауаптарын тыңдау ауызша немесе жазбаша)
- Дұрыс айтасыздар, бұл мұнай кен орындарындағы мұнай өңдейтін ұңғыма.
- Енді оқушылар айтыңыздаршы еліміздің қай қалаларында мұнай өндіреді?
( Оқушы жауаптары тыңдалады)

- Өте жақсы оқушылар, енді экранға назар аударайық.
( Экраннан қысқаша фильм көрсетіледі)
- Жақсы, фильмде қай облыс, қала туралы айтып өтті?
- Маңғыстау
- Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі жаңа сабағымыз өзіміздің туған өлкеміз, қазыналы да қасиетті Маңғыстау турасында екен.
V. Оқулықпен жұмыс
1. Олай болса, оқулығымыздан тақырыпты ашып, қараймыз.
( 1 – 2 – оқушыға мәтінді дауыстатып оқыту)
2. Сұрақтарымен жеке –жеке жұмыс, талдау, жауап алу, оқушыны тыңдау.
VI. Қосымша мәлімет
- Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 –наурызында құрылды.Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады. 1990 жылы Маңғыстау дербес облыс атанды. Маңғыстау «Мың қыстау» деген ұғымды білдіреді. Маңғыстаудың қараойын мекендеп жатқан 362 әулиесі бар.Оғыландыда нағашысы Есет батыр Көкіұлынан бата алған қасиетті Пір Бекет атамыз –қолдаушымыз.
- Маңғыстау облысы ҚР –ның Оңтүстік батысында орналасқан.Облысты батысы мен терістігінен Каспий теңізі орала қоршап жатыр.Топырағы сортаң,өсімдігі бұталы ащылы,қысы қытымыр,ұзақ емес,желді,қара суық ызғырықты,ылғалы аз,көктемі созылмалы,шөл далаға жатады.
- Маңғыстау халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысады.Қаракөл қой, түсайыр түйе,Адай жылқылары өлкенің айнымалы табиғатының өзіне лайықты түліктері болып табылады. Өлкеде 1960 жылдан бастап өнеркәсіп қауырт дамыды.
VII. Сергіту сәті Ән: «АТАМЕКЕН» (Ескендір Хасанғалиев)
VIII. Жаңа сабақты қорыту.
- Жақсы оқушылар, Маңғыстау туралы айтып тауысу мүмкін емес, дегенменде ең негізгі байлығымыз туралы түсінік алдыңыздар.Осы алған мәліметтерді тағы да басқа айтылмай қалған, өздеріңіз білетін мәліметтеріңізді келесі тапсырмада айтуға мүмкіншілік бар.Олай болса, мен сіздерге 3минут уақыт берем сол уақыт ішінде өздеріңіздің білімдеріңіз байқалады.Іске сәт!
( парақша беріледі, постер қорғайды, әр топтан 1 – 2 оқушы қорғайды.Жұмыс жасап жатқанда музыка ойнап тұрады)
ІХ. Қорыту. Үйге тапсырма.
- Өте жақсы оқушылар, міне өздеріңіздің бүгінгі сабақтан алған және бұрыннан білетін мәліметтеріңізді мақтанышпен күннің шұғыласына жаздыңыздар.
- Алдағы уақытта да туған өлкеміздің аспаны ашық, әрбір күні шұғылалы, жеріміз мұнайлы бола берсін деп үйге тапсырма «Туған өлкем -Маңғыстау» тақырыбында сурет салып,мәтінді әңгімелеп келесіздер.
Х. Бағалау. (Әр топтың қоржынына түскен жұлдызшаларды топ басшысы, топ мүшелеріне таратып береді)

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Толепова Жанат Сайлаубаевна

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы №13бастауыш мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: 19790211T (31.01.2015) | Автор: Толепова Жанат Сайлаубаевна E W
Көрсетілім: 1338 | Ілмек сөздер: Дүниетану, Байлық, қазба, Маңғыстау | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0