Сайт учителя начальных классов
.
Ұлттық ою-өрнектер

Ұлттық ою-өрнектер

Ұлттық ою-өрнектер     

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық ою-өрнектер                                                                     

Сабақтың мақсаты:

 1.Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ою-өрнектің ерекшелігін түсіндіру. 

2.Ою-өрнектің түр-түсін және аттарын ажырата білуге жаттықтыру.

3.Қошқар мүйізді оюды қағаздан бүктеп қиып үйрету.                      

Сабақтың түрі:ашық сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,жеке-жеке көмек көрсету,сырттай бақылау.

Көрнекілігі:   Сыныптың бір шетінде ұлттық бұйымдармен киімдер  және ауыл көрінісі (киіз үй, қасында жайылып жатқан киіз,алты бақан, ұлттық киім киген қыз бен жігіт,қорада үй жануарлары бар,ою-өрнектер бейнеленген альбом т/б)  үстел үстіне қойылған.Слайд                                                                                  

Сабақтың барысы:

А)Ұйымдастыру кезеңі:

Ә)Жаңа сабақ:

         Балаларға ұлттық ою-өрнекті танып білу үшін,көрнекілік әдісі арқылы, көрмеге барып жақынан танып-білуді ұсынады.Алдын-ала ұйымдастырылған көрмеге келіп ою-өрнектермен таныстырады.

         Ауыл көрінісі(киіз үй,текемет киіз,алты- бақан теуіп тұрған қызбен жігіт, аулада ит, қорада үй жануары қойылған) бір үстелде ұлттық бұйымдары қойылған(сандық,ұлттық киім киген қыз отыр,дорба,торсық, т/б.)  және альбом мен суреттерді көрсетіп әңгімелейді.

1-тапсырма:

Балаларға сұрақтар қойылады.

Ою-өрнектерді және қай жерлерде көрдіңдер?

Әжелеріңнің киімдерінде барма?

Киіз үйде көрдіңдерма?

Қандай ұлттық бұйымдарда көрдіңдер?

Сынып ішінде ою-өрнек барма?

Балалардың жауабы:

Киіз үйде ою-өрнектер көп болады.

Әжелердің бешпентінде көрдік.

Үйде тұратын сандықтарда болады.

Сыныпта ұлттық бұрышымызда бар.т/б

2-тапсырма

Сыныптағы ұлттық бұрышындағы көрініске қарап ою-өрнектерді таныстырып, өзара салыстыра әңгіме құру.

3-тапсырма

Орындарына келіп жайғасқан соң,көрмеде қандай ою-өрнектер көргендігі жайлы сұрайды.Балаларға дайын дорбаның сыртын әшекейлеу үшін, қошқар мүйіз оюын қағаздан бүктеп қию арқылы дорбаның сыртына әшекейлеп жапсыруды көрсетіп,балаларға тапсырманы орындатады.Жұмыстарын ұқыпты таза жасау керектігін ескертеді.

   Жәй ертегілер әнін тыңдап отырып,жұмыстарын жасайды.                  

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың өз бетінше жұмысын ,сырттай бақылап,жеке-жеке көмектеседі.  

 Сергіту сәті:  Дөңгелене тұрамыз,

                         Керегені  құрамыз.

                         Уықтар боп иіліп,

                         Шаңырақты құрамыз.

 

Балалардың жұмыстарына талдау жасап, мақтау арқылы бағалайды.

Жақсы жасалған жұмыстарды тақтаға іліп қояды.

Балаларға ою бейнеленген карточкалар үлестіреді.

Қорытынды: Сұрақ-жауап көрнекілік әдістері арқылы алған білімдерін анықтайды

ID: 8395 | Просмотров: 3108