Сайт учителя начальных классов
.
Әліппе -  білім бастауы

Әліппе - білім бастауы

 Әліппе -  білім бастауы

Тақырыбы: «Әліппе -  білім бастауы» 

Мақсаты:

 Сауат ашу  пәнін оқу барысында  оқушылардың  алған білімдерін көрсету. Көркем сөйлеуге  және өнерге баулу. Бірлікке  , достыққа,  Отанын  сүюге , білімге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

интерактивті  тақта, оқулықтардың  макеті  , ұлы ағартушылардың  портреттері, еңбекке  баулу  сабағында  жасалған қолөнер  үлгілері. т.б.

Өту  барысы:

1.Кіріспе  сөз:

- Бүгін егеменді  ел болған  еліміз  ескеріліп, етек – жеңіміз кеңейіп, тәуелсіз  тұлпардай  атақ-даңқымыз  алысқа  жетіп  жатқан шақта, бүгінгі күнде  біздер, сіздер  үшін тойларыңызға  тағы бір той  қосылмақ. Бұл той балалардың  тұсаукесер  тойы  іспеттес, кеше ғана алаңсыз, ағаш атқа  мініп  шапқылап  жүрген  бүлдіршіндер  бүгін  бойларына  жауапкершілік  пайда болып, саналы азаматтық борыштарының  алғашқы  асуынан  аман-есен  асып, бір жасқа  тағы  да  есейіп отыр. Тойларыңыз  тойға  ұлассын!

Балаларыңыз  атаның  ұлы  емес, халықтың  ұлы  болсын!

/музыка  ойнайды/

Ортаға  екі оқушы  шығады. Қолдарында  «Әліппе оқулығы».

Амандасады:

-          Қайырлы күн!

-          Қайырлы күн!

-          1. Рұқсат болса  танысуға бола ма?

-          2. Әбден болады.

-          1.Менің есімім  - Дарын.

-          2. Өте тамаша  есім екен. Есіміңіз  болашағыңызға серік болсын! Менің  есімім  Дана.

-          1.  О,о! «Көп қарияның  ішінде  бір бала  дана болады»  деген, яғни , ата мен әженің  жып-жылы  ұясынан  шыққан боларсың. Даналығың  өнеріңмен  өріліп жүрсін!

-          2. Рахмет, дарындығыңды  байқаттың-ау, Дарын!

-          1. Ал, жол болсын, Дана!

-          2. Әлей  болсын, Дарын. Мен № 21 мектепке  бара жатырмын.

-          1. Таптым, таптым!  1 «г»  сыныбының  «Әліппе  білім бастауы» ертеңгілігіне  жол тартқан  екенсің-ау, солай ма, Дана?

-          2. Дәл солай, қарашы Дарын. Міне, құрметті ата-аналарымыз да  ертеңгілікке  келген  екен.

-          1. Қадірлі  ұстаздарымызда  төрден  орын алыпты.

Екеуі  бірігіп:

Ендеше. 1 г сынып оқушыларын  құрметпен  ортаға  шақырайық.

1. Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2. Армысыздар, аналар, ұстаздар!

1 – бөлім:

1.

Көз салып қараңызшы  бойымызға

Ортақ боп  бүгінгі  өскен  ойымызға.

Хош келіпсіз  ұстаздар, ата-аналар!

Әліппемен  қоштасу  тойымызға.

Армысыздар , аналар,

Бармысыздар , балалар,

Сөзіме құлақ  салыңыз,

Бір серпіліп  қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі  жыр, әніміз!

Өтті оқу  сан сабақ,

Бүгін үлкен  салтанат.

Оқулықпен  достаспақ,

Әліппемен  қоштаспақ.

Өсті білім, ойымыз,

Құтты  болсын  тойымыз!

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа  кірдім  қуанып,

Қарсы алды  ұстаз  мейіріммен

Қадамымды  құп алып.

Күн  нұрындай  білімнің,

Күнімен  мол  білімнің.

Құттықтаймын  достарым,

Құтты болсын  Ұлы  күн!

Бар кітапқа  бас болған,

Әліппе  - ғылым  атасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың  данасы.

Әліппем, менің  әліппем,

Сені  қолға  алып мен.

Есігін аштым  мектептің,

Ертеңгі сәуле  жарықпен.

Келгенде  алғаш  мектепке,

Білмеуші  едік  әріп  те,

Оқимыз  қазір  ертек  те,

Үйреткен  оны  әліппе.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып  әріпке

Риза боп саған  жүреміз,

Сүйікті  біздің  , Әліппе!

Әліппе  сауатыңмен  санамды аштың,

Достарыммен  теңдес  араластым.

Үйреніп, әріптер  мен  әңгімені,

Күн сайын  алға қарай  қадам  бастым.

10.Әліппе  жарты жылдай  жолдас болдым,

Ана тілге  әкеліп  жалғастырдың.

Әр әріпті  қостырып, сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш  сен  көзімді аштың.

Орындаймыз  әліппе  ақылыңды,

Жарысқанда  жазамын тақымымды.

Қандай қиын  жұмбақты  шешу үшін,

Арттырамын ғылымға  құштарлықты.

Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,

Жақсы бол  деп, біздерге  алаңдайсың.

Мен үйреткен  әріптің  құдіретімен,

Дейсің  бізге  кірпіш  болып  қаланғайсың.

хор: «Әліппе»

/Осы кезде  ортаға  Мақта қыз  бен  мысық  шығады/.

-          Мақта қыз, құйрығымды берші.

-          Жоқ , бермеймін, алдымен жақында елімізде  қандай  мереке  өткенін  айт.

-          Балалар, көмектесіңдерші, мен білмеймін, ұйықтап-ұйықтап, жаңа ғана  ояндым.

Хормен:

-          Президент күні! Тәуелсіздік  күні!

-          Мақта қыз, берші  құйрығымды.

-          Жоқ, оп-оңай  құйрығыңды  ала алмассың. Келесі сұрақты  тыңда.

-          Отан деген  , Тәуелсіздік деген немене?

-          Білмеймін, /деп жылап жібереді/    балақайлар көмектесіп  жіберіңізші...

-          Міне, балалар, жалқаулық пен  ұйқыға  үйір болсаңдар , осылай  болады. Көмектесеміз бе?

-          Иә

-          Тыңда ендеше  балаларды. 

2 – бөлім:  Әріптер айтысы:

«Т»

Отан деген-атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан-ана, Отан-үлкен

Қазақстан – туған ел

«Ә»

Әже, қара ғажапқа

Теңдік  тиді  қазаққа.

Езгідегі  ұрпағың

Енді айналмас  мазаққа.

 

«У»

Өзіңдікі  Туың да,

От пен  ауа  суың да.

Жаса  Қазақстаным –

Белді  бекем буын да.

«Е»

Өзіңдікі  елің де,

Өзіңдікі  жерің де.

Елің, ерің  аңсаған 

Тәуелсіздік  төріңде.

«Л»

Оңтүстікте Алатау,

Биіктерін қар басқан.

Алатауда ақ отау,

Алматыға жалғасқан.

«С»

Асқар тау да – сенікі,

Бақша бау да – сенікі.

Қалтқысыз доспенен

Қатал жау да сенікі.

«І»

Анау – Іле өзені,

Анау жатқан – Жетісу.

Бәрі сенің өз жерің,

Өз суларың, інім – ау.

«З»

Заман мынау – ел сенген

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген

Заңымыз бар Негізгі.

«Д»

Көк аспандай тулардың

Желбірейтін күні бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

«І»

Жасы кіші үлкен де,

Үнін қосты жеңіске.

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске.

«К»

Біз намысты қазақтың ұланымыз

Қорғайтын өз Отанын қыранымыз.

Тәуелсіздік көк туын берік ұстап

Ел ертеңі білімді ұрпағымыз.

Хор «Отан»

-          Ой қандай   керемет!

-          Көрдің бе, мысық, балалар қандай  білімді? Ал осы сен санамақ  білесің бе?

-          /үндемей  басын  шайқайды/

-          Тыңда  ендеше. Ал балапандар  дайынбыз ба?

Жүктеу

ID: 6606 | Просмотров: 2614