Құлақ. Мұрын. Көз. Тері. Тіл. Оларды күту ережесі.

Құлақ. Мұрын. Көз. Тері. Тіл.  Оларды күту ережесі.

ТақырыбыҚұлақ. Мұрын. Көз. Тері. Тіл.  Оларды күту ережесі.

Мақсаты:    Білімділік:Әр мүшенің адамның  қоршаған ортаны танып білуге алатын орнын ұғындыру.

Дамытушылық:  ой- өрістерін  дамыту, жұппен жұмыс жасай отырып қорытынды жасау білуге баулу.

Тәрбиелік:Сезім мүшелерін таза ұстауға тәрбиелеу.

Әдісі:сто, диалогті оқыту.

Қолданатын көрнекілік: Суреттер ,кесте

Күтілетін нәтиже:сезім мүшелері туралы білімдері бекітіледі, өзін- өзі   реттейді, ойларын айтуға үйренеді, жүппен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Шаттық шеңбер. (2 мин)

Қол ұстасып бәріміз

Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп.

Күлімсіреп жүрейік

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(5 мин)

-Бүгін күн қандай , қай мезгіл

  1.  

Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

-жапырақ түседі, күн суытады, адамдар жылы киінеді, жемістер піседі, қысқа дайындық жасайды. Қандай жануарлар қысқа дайындалады?

Ендеше,  біз кірпіге қысқа дайындық жасауға көмектесейік (тапсырмалар орындау.)

 

  • : көру мүшесін ата
  • : көру мүшесіні қызметін ата
  • : есту мүшесін ата
  • құлақ мүшесіні қызметін ата
  • өзің қандай жануарлардың дауысын сала аласын
  • иісті немен сезесің
  • көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін (көз)

 

  1. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар шешу.(2 мин)

  1. Күмбір- күмбір қарағым, қартайғанша жарадың. (құлақ)
  2. Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі. (бес саусақ)
  3. Жағалай- жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым,(тіс, тіл)
  4. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін  (көз).

 Бүгін сабақта біз сезім мүшелерін қалай күту керектігін білеміз

Сезім мүшелерінің күту ережесі мұғалімнің әңгімесі (7 мин)

  • Мұрныңды таза ұста
  • Үнемі жанында қолорамал болсын.
  • Өзің білмейтін өсімдіктерді, сұйық не ұнтақ заттарды иіскеме.
  • Құлағыңды таза ұста.
  • Құлақ қуысын үшкір заттпен шұқыма.
  • Құлағыңды суықтан және қатты желден сақта.
  • Көзге үшкір заттарды жақындатпа.
  • Кітапты жатып оқыма.
  • Көзіңді қатты желден, шаңнан және шақырайған жарықтан қорға
  • Теріні таза ұста.

2) жүппен жұмыс.(10 мин)

-мұрын – қандай мүше. қалай күту керек

-көз қандай мүше. Қалай күту керек.

-тіл, тері қандай мүше. Оларды қалай күту керек.

- құлақ- қандай мүше. Оны қалай күту керек.

3) сергіту сәті.

4) ойын: «не ортақ» (10 мин)

Әр жүпқа суреттер тарату.

1 жұп: орамал, тіс пастасы, щетка

2 жұп: шампунь, сабын, мочалқа

3 жұп: тарақ, сабын, щетка

4 жұп: тіс пастасы, щетка, бет орамал.

Әр жұптан 1 оқушыдан шығып, аталған заттардан барлық адамға не ортақ зат, ал не жеке әркімде болу керектігін айтады, түсіндереді.

Мысалы: шампунь, сабын барлығына ортақ, ал бет орамал немесе тіс щеткасы жеке әр адамда болу керек.

3) қорытындылау. Сезім мүшелерінің күту ережесі:(5 мин)

Рефлексия: Сабақ ұнады ма?Ұнаса басбармақтарыңды көрсетіңдеh Бағалау. Жинаған жұлдызшаларды санау.(2 мин)                                

Автор: Ержанова Мерует Игиликовна

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Теректі ауылы, Теректі негізгі мектебі

18
Декабрь
0
2116
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.