Сайт учителя начальных классов
.
Күзгі табиғат

Күзгі табиғат

Күзгі табиғат

Сабақ тақырыбы: Күзгі табиғат

Сабақ мақсаты: а) оқушылардың күзгі табиғаттың өзгеретіні туралы      түсініктерін қалыптастыру;

 ә) табиғат құбылыстары мен заттарының арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып,қоршаған дүниенің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту;

 б) оқушыларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға,қорғауға   

тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру ,баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Жылдың  әртүрлі мезгілдерін бейнелейтін суреттер..

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.  Психологиялық дайындық.

      Табиғат- біздің анамыз

       Табиғатқа біз баламыз.

ІІ.Кіріспе әңгіме.

Оқушылардың күзгі ауа райы туралы түсініктерін байқау.Күздегі өлі табиғатта болатын өзгерістер: аспан қалпы,күннің ұзақтығы,салқындауы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

   1.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді талдау.

                              Күзгі табиғат

     Жауып жаңбыр,жер сабыр

    Шөп, жапырақ солады.Бұл қай кезде болады ?                     А.Байтұрсынов.

 

-Сурет бойынша күзгі және жазғы көріністі салыстыр.

 -Күзде табиғатта болатын өзгерістерді ата.

 - Күзде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады ?

 - Күз қандай кезеңдерден тұрады және онда табиғат қалай өзгереді ?

 - Күзде қандай жауын-шашын түрлері түседі ?

 -  Күз айларын ата.

  2.Күздің табиғаты туралы қандай өлеңдер білетінін сұрау.

  3.Күзді бейнелейтін суреттермен жұмыс.

  4. Сөздік жұмыс: күз,жапырақ, суытты,жауын т.б.тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру.

  1. Ойын "Сөзді есіңде сақта"

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

            көктем – жаңбыр

            жаз – күн шықты

            аспан – бұлт

             жер – шөп.

ІV.Сергіту сәті.

       Дауылға да қарамай,          (қолын толқындату)

       Жауынға да қарамай (партаны тықылдату)

     Балықшылар айдында,

       Ау тартады жағалай (ауды шірене тарту)

       Моторменен зырлатып,

       Балық аулап түн қатып,     (оңға,солға тарту)

       Белуардан су кешіп,

       Толқындарға жүр батып.   (қол-аяқтарын қимылдату)

 

V.Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешу.Көтеріліп теңізден,

                          Аспанға биік барамын.

                          Биіктен қайта түскенде,

                          Өңі кірер даланың.   Жаңбыр.

Оқушылар жаңбыр жауып тұрған   күз мезгілінің суретін салады.

VІ.Сергіту сәті.

 Жаңбыр жауып басылды         (партаны тырсылдатады)

 Күннің көзі ашылды.      (қолымен көрсетеді)   

 Көкжиекке көрікті,

 Кемпірқосақ асылды . (қолымен дөңес сызық көрсету)    

VІІ.Сабақты қорыту. "Күз көркі"ертегі құрастыру.Суретке қарап, оқушылар құрастырылған ертегіні оқиды.Күз туралы оқушылардың ұғымы тұжырымдалады.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мадақталады.

ID: 6625 | Просмотров: 3265