Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Күш – білімде.

Күш – білімде.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Күш – білімде.     

Тақырыбы: Күш – білімде.

       Мақсаты: 1) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

                2) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру;

                3) өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ғажайып ұяшықтарға арналған плакат, тақырып бөлімдері жазылған парақшалар.

Сыныбы: 2 класс оқушылары арасында.

Өткізілген уақыты: 28.01.2014

    Барысы:

Ұйымдастыру:

  1. Сайыстың мақсатын айту;
  2. Сайысқа қатысушылармен таныстыру;
  3. Жеңімпазды анықтау.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 2 сыныптар аралығында өткелі отырған «Күш – білімде!» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Сайысымызға 6 оқушы қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болайық.

   Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең белгілі бір пәнге арналады және өз ұпайлары бар, сол арқылы ұпай жинайсыздар. Сонымен дайын болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілеймін. Алғашқы кезең  қазақ тілі   пәніне арналады. 

Қазақ тілі:

5 ұпай сөздерді буынға бөлу:жазбаша.

  1. Қоңырау.

 

10 ұпайдың сұрақтары:

  1. Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді? Түбір дегеніміз не?
  2. Дауыссыз дыбыстар қандай түрге бөлінеді? Жұрнақ дегеніміз не?
  3. Сөйлемдердің түрлерін ата. Туынды сөз дегеніміз не?
  4. Ң дыбысы қандай дыбыс? Жалғау дегеніміз не?
  5. І дыбысы қандай дыбыс? Сұраулы сөйлемнің ережесін айт.
  6. Й қандай дыбыс? Лепті сөйлемнің ережесін айт.

 

2-кезең

Математика:

5 ұпай. Жазбаша. Теңдеу шешу.

60 + х =90

10 ұпайдың сұрақтары:

  1. аптада неше күн бар?   6+7
  1. Шаршы  дегеніміз не?  8+4
  2. Бұрыш түрлерін ата.  7+5
  3. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?  6+5
  4. Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?  9+3
  5. Екі таңбалы сандарды қалай қосамыз?   4+7

Дүниетану.

10 ұпай.

  1. Ағаш діңін тоқылдатып, оның қабығының астындағы қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін табады. Ол не? (тоқылдақ)
  2. Егер біреуі ауыр олжа тапса, оған басқалары қолма-қол жәрдемге келеді. Олар олжасын сүйретіп, бір ізбен шұбайды. (Құмырсқалар)
  3. Күндіз демалады да, түнде қорегін аулауға шығады. (Жапалақ,үкі)
  4. Көктем мен күзде түлеп, түсін өзгертеді. Желаяқ жүйрік және секіргіш. (Қоян)
  5. Тауыққа ұқсайтын кішкентай құс, қалың шөптің арасын шұңқырлап, ұя салады. (бөдене)
  6. Мысық тұқымдас жабайы аң, биік тау басында тіршілік етеді, ақылды, күшті, сымбатты. (барыс)

                            

                                  « Әдебиеттік оқу»

10 ұпай.

      Бұл кезеңде мәтіндегі бір кейіпкердің айтқан сөзі   оқылады, сендер мәтіннің атын табуға тиіссіңдер.

  1. Лашығына оралған қызметші «Ендігі уақытта балаларымды қалай асыраймын?» деп қайғырыпты. «Ханзаданың достығы»
  2. –Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ», - дейді Көкек. «Қарлығаш пен Дәуіт»
  3. –Саған бірдей екі ойыншықтың керегі не? – деп таңданды әкесі. «Қайырымды бала»
  4. –Телефонмен «Жедел жәрдемді» шақырған қайсыларың? – деп сұрады дәрігер. «Әжесін қайсысы жақсы көреді?»
  5. – Мұғалім, тиыным қалтамда екен. Мен портфеліме салған сияқты едім, - деді Салима. «Алтай ақша сұрамайды»
  6. –Оның себебі ,балам, анау ағашты бағып қағумен өсірген.,-деді атасы. «Бақша ағаштары»

  Құрметті сайыскерлер! 6 оқушының ұпай сандарын есептейік.

Қолдарыңдағы ұпайларды қоса қойыңдар.

Ең жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.

Қорытынды.

      Қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Күш - білімде» атты білім сайысы өз мәресіне жетті. Сайысымыз осы жылда алған білімдеріңізді көрсетті. Сайыс барысында өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңіздер! Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар және нағыз білгірлер болады деп сенеміз!

      Нәтижелерін шығару,  мақтау қағаздары мен алғысхаттар табыс ету.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (23.01.2015)
Көрсетілім: 1253 | Ілмек сөздер: білімде., Күш | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 12
Қонақтар: 12
Тіркелгендер: 0