Сайт учителя начальных классов
.
Көмектес септік

Көмектес септік

 Көмектес септік

Сабақ тақырыбы: Көмектес септік
Сабақ мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді  меңгерту, сұрақтары мен

                     жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше

                     ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа

                     септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Дамытушылығы: Өткен сабақтармен байланыстыра білу, оқушылардың

                     сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Пәнге деген қызуғышылығын арттыру, топпен жұмыс істей

                      білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, Музыка,суреттер, «Жетіген» музыкалық  аспабы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері :  Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Сабақтын көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте. Септіктер кестесі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.

Ә) Оқушыларды 3 орталыққа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасы:

85-жаттығу

Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып,олармен сөйлем құра.

Еңбек    -  Еңбекпен

Су     -  Сумен

Ораз   - Оразбен

Кітап  -  Кітаппен

Семантикалық карта

 

Сөздер

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

Бөлмеде, оқушылардың,ағаш

Ағаш

Оқушылардың

 

 

Бөлмеде

 

 

Суретшінің, құмда, Әсемді

 

Суреттің

 

Әсемді

құмда

 

 

Шеңберді,мектепке,кітап,

кітап

 

мектепке

шеңберді

 

 

 

Оқушы,

ағаштың,саңырауқұлақтан,

оқушы

ағаштың

 

 

 

саңырау

құлақтан

 

Ауылға, Айданада,

Сәулемен

 

 

Ауылға

 

Айданада

 

Сәулемен

ІІІ.Жаңа сабақ

86-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып , сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.(Ы.А.).  2. Хат Астанадан   келіпті. 3. Асыл Жанармен  сөйлесті. 4. Қойдың жүні пайдалы.Жүннен   фабрикада түрлі маталар тоқылады.

87-жаттығу.Жұмбақты оқып,жатқа айт,шешуін тап.

         Ж.с

Екі ішек бар далада,

        Т.с                                           б.с

Ауылды жалғар қалаға,

   Т.с                                           б.с

Қаланы жалғар ауылға.

                  К.с

Екі ішекпен зулайды ел

      Ж.с                                      ж.с

Жауында да, дауылда.               (Пойыз жолы , рельс)

ІV.Сергіту сәті

Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір-бірімен шатыстырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны ойнап-күлме,босқа жүрме.
Атау,Ілік,Барыс,Табыс,Жатыс,Шығыс,Көмектес,
Жаттап алсаң балақай,зат есімді септе тез.
 

 

90-жаттығу

Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып,жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

 

          Гүлнұр (бару), жіп (байлау), қол (жуу), ән (айту).

 Үлгі:

жіпті байлау,жіппен байлау

Гүлнұрға бару,Гүлнұрмен бару, қолды жуу,қолмен жуу, әнді айту,әнмен айту

 

91- жаттығу

Өлеңді ұйқасына лайық сөзді қойып көшіріп жаз.

Тұмсығымен шымшып,                Сылдыр қағып,

Құрт тереді шымшық                                     Таудан құлап,

                                                                             Жатыр ағып,

     Мөлдір бұлақ

* Шығыс ,көмектес септіктегі сөздерді тап.

* Көмектес септіктегі сөзді сөз құрамына талда.Сонда не байқадың?

 

Ү.Қорытынды:

  • Олай болса, мына суретке назар аударайық.
  • Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап - Жетіген.

Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.

       Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімнің жерінде қазақ тілі елінде, «Септік» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.

- Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.

- Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды.

- Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырайын» - дейді.

- Жатыс атты аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың» - деп бесінші ішекті тағып егіледі.

- Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын» - деп егіледі.

- Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын» - деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.

- Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспабы» пайда болыпты.

ҮІ. Ой қозғау.

- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? –    Септік шал

- Ілік қайтыс болғанда шал не деді? –       неның зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

- Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.

- Табыс өлгенде не деді? –                        нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.

- Жатыс ұлы өлгенде не деді? –          кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.

- Шығыс қайтыс болғанда не деді? –  неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.

- Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? - деді.

 

ҮІІ. Сұрақтар сыры.       «жетіген»  сөзін септе

ҮІІІ.Бағалау.

Мына бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды

р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Семантикалық карта

86-ж

87-ж

88-ж

90-ж

91-ж

Қосымша сұрақ

1

Тыныштықбай И

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Төремұратов Д

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Төлепберген А

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Аманжол Ғ

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Шаханова А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІХ.Үйге тапсырма:        89-жаттығу

Сурет бойынша әңгіме құрау.Әңгімеде көмектес септіктегі сөздері бар сөйлемдер болсын.

 

ID: 8618 | Просмотров: 2862