Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Ілік септік

Ілік септік

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Ілік септік

Тақырыбы:   «Ілік септік»                          

 Мақсаты:

            Білімділік:    Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;

                                 Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы

                                 білім қалыптастыру;

            Дамытушылық:  Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде     

                                тұрған сөздерді табуға  үйрету

           Тәрбиелік:  Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай    

                              білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға   

                              машықтандыру.

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың типі:  Сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Топпен жұмыс,  сұрақ-жауап, ойындар,      

                            жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Кесте, житондар, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.   

Сабақтың өту барысы:

  Ұйымдастыру кезеңі.

-  оқушылар назарын сабаққа аудару;

-  оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы.    Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

      1. Көршіңді тексер.

      2. Өткенге шолу.

      3. Білгім келеді.

      4. Демалыс.

      5. Біліміңді пайдалан.

      6. Не үйрендік? Не білдік?

      7. Нәтиже.

      8. Қойын дәптер.

-  Сабаққа дайын болсақ, әр сайыс өткен сайын орындаған топқа бағалау житондарын беріп отырамын. Сабақ соңында бағалау осы житондар арқылы жүзеге асырылады.

   І. «Көршіңді тексер»  (Үй тапсырмасын тексеру)

Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар беріледі.   

 ІІ. «Өткенге  шолу».

  

Септік атаулары

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? Не? 

 

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді,  -ты, -ті.

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те.

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан, -нен,  -дан, -ден,   -тан, -тен.

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен, -бен, -пен.

 

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады.          Қар қалың жауды.

   ІІІ. «Білгім келеді»

   Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған  сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.

Атақ-даңқ қалай шығады?

Көмірдің аты

Жанумен шығар.

Балғаның аты

Қағумен шығар.

Шегенің аты

Бекумен шығар.

Қашаудың аты

Шекумен шығар.

Батырдың аты

Жеңумен шығар.

Жомарттың аты

Берумен шығар.

Ақынның аты

Жырлаумен шығар.

Шәкірттің аты

Тыңдаумен шығар.

 - қарамен жазылған сөздер түбір сөзге  ілік септік жалғауларының жалғануы арқылы жасалған.

ТҮЙІН:  Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?  деген сұрақтарға жауап береді.  Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің,  -тың, -тің.

  ІV.  «Демалыс»   (Сергіту сәті)

   V.   «Білгеніңді пайдалан»   (Сабақты бекіту)

 А)  Мақалдарды  ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып  көшіріп жазу:

Туған   ...   түтіні де ыстық.

...   өзегі талмас.

Ас -   ...   арқауы.

...   шиесін шын шығарады.

 Қажетті сөздер:  Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

Ә)   Сөйлемдерді  жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.

      1. (Құндыз) терісі аса құнды болады.  2. (Шебер) қолы – алтын.                 3. (Сәуле)  әжесі ауылдан келді.  4. (Шошқа) көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.

VІ.  «Не үйрендік? Не білдік?»  (Сабақты қорытындылау)

А) «Дұрысын тап!» ойыны - 

Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап береді.

Атау септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

Ә) Венн диаграммасы

Зат

есімнің

септіктері

 

              Атау                                                             Ілік                                                                                                   Ілік

VІІ.  «Нәтиже»   (Бағалау)

Оқушылар берілген житондар бойынша бағаланады.

VІІІ.  «Қойын дәптер»   (Үйге тапсырма)

296-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою.

Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (23.01.2015)
Көрсетілім: 1118 | Ілмек сөздер: септік., Ілік | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5903
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0