Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Г дыбысы мен әрпі

Г дыбысы мен әрпі

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты
1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту.Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету. Г дыбысы бар сөзді буынға бөле отырып Г дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Дамыту ойындары арқылы білімдерін бекіту.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, сөзжұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу,адамгершілік қасиеттерін, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер кеспе әріп.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Мұғалім: Алдыңғы сабақта біз қай әріппен таныстық?
(Ү дыбысы мен әрпі)
Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс балалар дауысты ма, дауыссыз ба?
Мұғалім:Қане айтып көрейік. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
(Ү дыбысы дауысты, айтылғанда созылып, еш кедергісіз айтылады)
Мұғалім:Балалар дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз, айтамыз.Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
Қане Ү дыбысына сөздер ойлап жіберейік: үкі, бүркіт, түлкі, үйрек. Енді осы сөздерді буынға бөлейік.
( ү-кі, бүр-кіт, түл-кі, үй-рек)
Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рөльге бөліп оқыту.
- Кім сызды мына партаны?- деп ұстаз бізден сұрады.
Үсенбек айтты: - Мен емес.
Үміт айтты: - Мен емес.
Күміс айтты: - Мен емес.
Бұған жалғыз кінәлі - Елемес үнсіз тұр әлі.

III.Жаңа сабақ:
Мұғалім: Ал, қанекей балалар тақтаға назар аударайықшы.Тақтада не жазылып тұр, қанекей оқып жіберейік?
( сөзжұмбақты шеш деп тұр)
Мұғалім: Ия дұрыс айтасыңдар, балалар сөзжұмбақты шеш деп тұр.Олай болса қанекей балалар сөзжұмбақ шешіп көрейік.
1. Аспаптың бір түрі. (гитара)
2. Үй құстарының бірі. (үйрек)
3. Ешкінің төлі. (лақ)
Мұғалім:Енді балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр.
(Оқушылар: Гг дыбысы)
Мұғалім: олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпімен танысамыз.
Мұғалім: Гг дыбысы
- дауыссыз дыбыс,
- ұяң дыбыс,
- сөздердің басында, ортасында кездеседі. (Гүлдің суреті көрсетіледі)
ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.

IV.Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.

V.Оқулық пен жұмыс:
Е -гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.
Е- геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е -гіз - бірге туған екі адам.
Се- гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).
Ке- ре- ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»
Бе- те- ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше -ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не -ге - сұрақ.
Шең- гел - тікенді өсімдік.
Мез -гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
(Оқушыларды - тізбектеп оқыту.)

VI. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ауада жазу, тақтада көрсету.
Бас әріп, кіші әрпін жазу.

VII. Шығармашылық тапсырма.
Гүл, көгершін сөздеріндегі текшені бояу.

VIII. Сергіту сәті.
«Ақ көгершін» әні
(Үнтаспадан тыңдау)
IX.Жаңа сабақты қорытындылау.
Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық, Гг дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Джилгелдыева Турсынай Дуйсенбаевна

№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: t13101991 (02.02.2015) | Автор: Джилгелдыева Турсынай Дуйсенбаевна E W
Көрсетілім: 978 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 3
Қонақтар: 3
Тіркелгендер: 0