Сайт учителя начальных классов
.
Ф  дыбысы мен әрпі.  Телефон түрлері.

Ф дыбысы мен әрпі. Телефон түрлері.

Ф  дыбысы мен әрпі.  Телефон түрлері.

1-СЫНЫП    ӘЛІППЕ

Сабақтың тақырыбы:    Ф  дыбысы мен әрпі.  Телефон түрлері

Сабақтың  мақсаты:       

  1. Ф дыбысы мен әрпін  енгізу.
  2.  "Телефон түрлері" әңгімесінің  мазмұнымен

          таныстыру.

  1.  Жүргізіп,түсініп, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
  2.  Жаңа әpiптi жазып үйрету
  3.  Телефон туралы, оның қызметі жайлы білімдерін

           кеңейту.

  1.  Балалардың қиялын қозғап, шығармашылығын

            қолдау.

  1.  Сақшыл болуға баулу, эстетикалық, тәрбие беру.

Көрнекіліктер:  сypeттер, тірек сызба, семантикалық карта, слайд.

Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, болжау, жұппен жұмыс,  

                                                      сұрақ-жауап немесе ой қозғау.  

Сабақтың түрі:      Аралас сабақ    

Жаңа техналогия: «Тәй – тәй» бағдарламасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Балалар бiз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Қандай мәтін оқыдық?
  •  Кім тақтаға в әрпін көрсетеді?

                                               

                       Жаңа сабақты түciндipy, бекіту.                                

  1. Қызығушылықты ояту.
  • Балалар, біз бүгін жаңа дыбыспен танысамыз. Оның қандай дыбыс екенін мына cypeттeгi не екенін атап табуға болады.

Мынау не? (Фотоапарат)

  • Фотоапарат  сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (Ф)
  1. Ф дыбысы мен әрпін таныстыру.

Бүгін біз ф дыбысымен танысамыз. Мынау ф (эф) әрпі. (әрпті  көрсетемін)

Ф (фы) дыбысы, ф (эф) әрпі.

Қайталаңдар:  - фы, - фы, ...

          -  эф, - эф, ...

 -  Ф дыбысы кездесетін қандай сөздерді білесіндер ?

Жұмбақтар жасыру

  1. Қос бүйүрін таянып,

                     Тұратын бұл қай әріп.  (Ф)

  1. Қос қоржынын артынып,

                       Қос құлақтай қалқыйып,

                      Тұратын бұл қай әріп.  (Ф)

  • Телефон, кофе сөздерін әрiптep қалтасын пайдаланып, әркім өзі құрап жазсын.

    Сөзжұмбақ шештіру.                         

 

Ф

О

Н

Т

А

Н

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Т

Е

Л

Е

Ф

О

Н

 

 

 

 

Б

А

Л

Ы

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

К

Е

М

Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф

О

Т

О

А

П

А

Р

А

Т

 

Қ

О

Я

Н

 

 

 

 

 

 

 

К

Ү

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         "Телефон" мәтінімен жұмыс.      

 а)    Қызығушылығын ояту

Балалар,телефон деген не? 

Ол не үшін керек?

       Топтастыру

Осы сұрақтарға жауап төңірегінде әр партадағы  eкi оқушы бip- біріне телефон  туралы білгендерін айтады, яғни жұппен жұмыс жургізіледі.

  • Сонымен, телефон туралы не білеміз?
    1. оқушының  жауабы  тыңдалады.
  • Қaзip біз «Телефон түрлері» деген әңгіме оқимыз. Оны оқымас бұрын онда не туралы айтылады деп ойлайсыңдар - соны  тыңдап көрсек. Ойларыңнан қызық-қызық әнгімелер,  оқиғалар шығарып айтуға болады.

Осылайша  «болжау әдici» бойынша оқушылар  өздepi құраған  әнгімелерлерін ортаға  салады.

ә) Mәтіндi оқу.

Оқушылар мәтiндi оқып шығады. Түсінбеген   сөздері болса сұрайды.

б)        Толғаныс жасау.

  • Балалар, кімнің әңгімесі кітаптағы әңгімеге ұқсас болды? Қай жеpi ұқсайды ?  Қай  жері ұқсамайды ?
  • Eндi «Телефон» деген сөзді ecтігeндe сендердің ойларыңа не келеді, оның  бәрін айта беріңдер. Мен мына тақтаға ілулі  форматқа жазып тұрамын.

І.  Дәптермен жұмыс.

Ф әрпін жазғызып үйрету. Сөйлемдер жазу    

ІІ. Суреттерге қарап мәтін құрау

Сөз тіркестері: Фарида, фабрика, тері, қалып .

                            Файзулла, қайшы, желім, шебер .

ІІІ. Сұрақтарға жауап алу

Аяқ киімнің қандай түрлерін білесің?

Семантикалық картамен жұмыс

              Әріптер

Тапсырма

А

Б

Ж

О

Е

Р

Дауысты дыбыстар

+

 

 

+

+

 

Дауыссыз дыбыстар

 

+

+

 

 

+

 

 

Қорытынды

Окушылардыц білімін бағалау

- Балалар, сонымен біз кандай дыбыспен таныстык?

Қандай  мәтін оқыдық ?

Ф әрпін ауада жазып көрсетіңдерші.

 

2-СЫНЫП     АНА ТІЛІ

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды  Ө. Тұрманжановтың   «Туған өлкем» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру,    
  2. Дамытушылық: Ө .Тұрманжанов туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды көп ізденуге , өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру, ой қиялдарын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Отанын, елін жерін сүюге, қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  аралас сабақ

Сабақ әдісі:  «ой шақыру», «миға шабуыл», тізбек әдісі, «ой қозғау»

стратегиясы, топтастыру стратегиясы , болжау стратегиясы   «Жалғасын тап» ойын «Баспалдақ» ойыны.

Көрнекілігі: сызба, суреттер, портрет, кітаптар

 І.  Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

    2.Психологиялық дайындық.

    Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

    Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

3.Үй тапсырмасын сұрау .

4.Өткен сабақта қандай өлеңмен таныстық ?

   Өткен сабақты пысықтау

ІІ. Жаңа сабақ.

Өтебай Тұрманжанов портретін көрсету, ақын туралы мағлұмат беру. Өлеңнің негізгі ойы не деп ойлайсыңдар? Ө . Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданында дүниеге келген. Мәскеудегі шығыс жастарының Коммунистік Университетін бітірген .1929 жылы «Таң өлеңдері» атты өлеңдер кітабы жарық көрді. Балаларға арнап, өлең, ертегі, әңгіме, аңыз, повестерден тұратын бірнеше кітаптар шығарылған.Ө . Тұрманжанов 40 – қа жуық кітаптың авторы.

«Ой шақыру» стратегиясы.

  • Балалар сендерге сұрақтар беремін, сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер әріптер ашылып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
  1. Біз қай Республикада тұрамыз?                                          Т
  2. Республикамыздың рәміздерін кім біледі?                         У
  3. Тудың түсі қандай? Ненің суреті белгіленген?                            Ғ
  4. Елтаңбада не бейнеленген?                                                 А
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?     Н
  6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?              Ө
  7. Президентіміз кім?                                                               Л
  8. Біз қайсы облыста тұрамыз ?                                                       К
  9. Біздің Республикада қандай ұлт өкілдері тұрады?            Е
  10. Біздің тұратын қаламыз?                                                     М

«Туған өлкем» сөзі шықты

Бүгінгі сабақта Ө. Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.

  • Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру.

«Миға шабуыл» стратегиясы.

  1. Өлеңдегі ақын сөзіміне сай келетін сөздерді атаңдар.
    • қуаныш
    • мақтаныш
    • өкініш
    • шаттық
  2. Ақын туған жердің гүлі күні туралы не дейді?
  3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегендерді қалай түсінесіңдер?

«Тізбек әдісін» қолдану

Оқушыларға өлеңді оқыту .

Дәптермен жұмыс.

«Ой қозғау» стратегиясы

Ақын сөздерін пайдаланып туған өлке жайлы өлең құрастыру.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Өлеңнің екі қатарын жалғастыру.

Оқушылар өлеңдерін оқиды.

  • Балалар туған өлкем деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Басқа сөзбен тағы қалай атауға болады?

Менің Отаным, Атамекенім, Туған жерім, Кіндік қаным тамған жер.

                                    Жүктеу

ID: 7514 | Просмотров: 3215