Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Етістік.

Етістік.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Етістік.

Сабақтың тақырыбы:     Етістік.

 

 Сабақтың   білімділік  мақсаты:    Оқушылардың етістік туралы берілген ұғымды кеңейту.Сөйлем ішінен етістікті табуды,оның басқа сөзбен байланысын анықтауды,сұрақ қоюды үйрету.

Дамытушылығы:  сөз таптарын ажырата білуге,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушылардың адамгершілік сезімдерін ояту, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, бүктемелер,

Сабақты өту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын элементтері,шығармашылық әдіс.

Пәнаралық  байланыс: математика,ана тілі,дүниетану,музыка.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

                                      а)Ән ұран айту.

 

                                      Ісін жырлап ізгінің,

                                      Жіберейін тізгінін,

                                      Елбасымыз тұрғанда

                                      Бақыттымыз біз бүгін,-

Осыдан,бір ай бұрын 17-қаңтар күні Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев,,Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ,,атты,Халыққа жолдауында «Қазақстан 2050 Мәңгілік елге» жету мақсатын  алға қойды. Біз сол мақсатқа жету үшін, білімді азамат болып жетілуіміз керек.       

 

ә)Психологиялық дайындық:  Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Осы қонақтарымыздың жәнеөзіміздіңкөңілдерімізді  көтеру үшін,бір-бірімізге қарап,сәттілік тілейік.

                                                          Ақ ниетті тілекпен,

                                                          Ақ көңілді жүрекпен,

                                                          Амандасып алайық

                                                          Қонақтарды ізетпен.          

 

  -Ал,балалар,осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды жалғастырайық.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

         Бүгінгі,сабағымызды ,,Шашу,,ойыны арқылы еске түсірейік.

Бұл ойыннан бір-бірімізге деген - сыйластық,кеңпейілділік , достықты көре аламыз.

 

-1. Сөз таптарды қанша және біз нешеуін білеміз?

 

  -2. Зат есім дегеніміз не?

 

  -3. Зат сеім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

 

  -4. Атауына қарай зат есім нешеге бөлінеді?

 

  -5. Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

 

  -6. ,,Халқым, сөзін тәуелдеп  бер.

 

  -7. Дыбыс дегеніміз не?

 

  -8. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 

  -9. Туынды зат есімге мысал келтір?

 

  -10. Жалпы есімдерді ата?

 

                    Бәрімізге ортақ ,,Сандар сөйлейді,, ойынын ойнайық.

     -Балалар,осы аталып жатқан ,сөздер,сөйлемдер,дыбыстардан,әріптерден  

      құралып отыратындықтан  сандарды сөйлетіп көрейік.

 

4.      Дәптермен жұмыс:

              Дәптерімізді ашайық,

              Қолға қалам алайық

               Түп-түзу,боп отырып,

               Көркем етіп жазайық.

 

Көркем жазу үлгісіне.

            Ее....  .    Ермек  балықтарға жем шашты.

5.      Оқулықпен жұмыс.

          1.Суретке қарап,ауызша жаттығуды орындау.

        2.Әңгімеге ат қойып,сұрақтармен тапсырманы орындады.

2-жаттығуға қарап ,түсініп алайық.ондағы іс-қимылды білдіретін сөздерді тауып,көшіріп, сұрақ қойып өз бетінше орындау.                                           

5- жаттығуды суреттердің көмегімен ондағы заттардың төлдерін қасына жазу арқылы не үйренгендеріңді  тексер.

          Бие ---------.                                       Қой -----------.

          Сиыр -------.                                       Ешкі-----------.

          Ит------------.                                       Мысық-----------. 

6-жаттығу.,,Сәйкестендіру тест,, арқылы жануарлардың дыбысталуын сызба арқылы орындау.                                                                                                                                                 Бие                                    мөңірейді

Түйе                                  бақырады

Қой                                  үреді

Сиыр                                 боздайды

Ешкі                                  мияулайды

Ит                                      кісінейді

Тауық                               маңырайды

Мысық                             ақырады

Шошқа                             қыт-қыттайды

 Есек                                  қорсылдайды

 

Етістікті     тауып. сұрақ қою  .

6.Шығармашылық жұмыс: Бес жолдық өлең құрастыру.

 

                             ------------   ------------  баламын,

                             --------------  ------------- аламын,

                             -------------   ------------- саламын.

                             --------------     ----------- барамын,

                             --------------    ------------ қаламын.    

 

7.Сабақты бекіту:    «Топтастыру» стратегиясы.

«Кім жылдам?» ойыны арқылы сабақтан алған білімдерін бекіту және жеңген балаға ертегі кітаптар тарату.

Түрлері                                                                                 Дара,күрделі

      Сұрақтары                                                   Не істеді?,қайтті? не қылды?

 

8.Сабақты қорыту: «Инсерт» тапсырмасы бойынша өзіңді тексер.

                                        Өлең оқып,сызба сыздық,

                                         Дәптерге жазу түсірдік.

                                         Сонымен біз сабақта,

                                         Нені талдап,нені түсіндік?

 

  -Қане ,балалар,сабақтан нені оқып,нені үйрендік? Мына инсерт бойынша өзіңді тексеріп көр.

-Етістікті қайталап шығу

8.Үйге тапсырма:

4- жаттығу. Сөйлем  құрап келу

9.Мадақтап,бағалау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 963 | Ілмек сөздер: етістік. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 9
Қонақтар: 9
Тіркелгендер: 0