Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Етістік.

Етістік.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Етістік.

Сабақтың тақырыбы:     Етістік.

Сабақтың мақсаты:

                                   Білімділік:  етістік туралы берілген білімді ойын, дидактикалық

         материалдар арқылы еске түсіру, талдау, бекіту.

                                   Тәрбиелік:  оқушыларға адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесін

         беру,  ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық 

        қарым –  қатынасқа үйрету.

                                   Дамытушылық:  оқушылардың танымдық, шығармашылық

        қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой

         қорыту жұмысын арттыру.

Сабақтың түрі:  экологиялық - ертегі сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі:  түсіндіру, сұрақ – жауап, ассасация

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сөзжұмбақ, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, ана тілі, математика

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а)  Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә)  Назарларын сабаққа аудару.

б)  Сыныпты үш топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .

 56 – жаттығуды тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

«Құпия» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.

  1. 10 . Зат есім дегеніміз не?
  2. 20.  Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  3. 30.  Негізгі зат есім дегеніміз не?
  4. 40. Туынды зат есім дегеніміз не?
  5. 50. Тәуелдік жалғаулары деген не?
  6. 60. Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады?
  7. 70.  Көптік жалғауларын ата.
  8. 80. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса:  жылқы.
  9. 90.  Қалам сөзін тәуелде

ІV. Жаңа сабақ.

         Ерте, ерте, ертеде жапан түзде достарына өкпелеп жалғыз ағаш өмір сүріпті. Ол 10 жасында ержетіп, 20 – сынды бұғанасы бекіп, 30 – да кемеліне келіп, 50 – ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.    Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

  • Ух, жаным – ай, жаным! Енді не қылайын! Жапырақтарым сыздайды, бұтақтарым

сырқырайды, жәрдем ете көріңдер, - деп, ағаш күні – түні зарлайды.

Оның даусын естіп, бір күні бір шағала ұшып келеді.

  •  Ата ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.
  • Балалар, шағаламен бірге ағаштың ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық.

Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

Сөзжұмбақ шешу.

  • Мен сіздерге жұмбақтар жасырамын, ал сіздер сол жұмбақтың жауабын тауып,

торкөзге толтырасыңдар.

  1. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды,

Бірақ та сақалы бар.

                                         ( ешкі )

  1. Кірбигенді күлдіреді,

Көңіліңе күн кірер

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер.

                                    ( от )

  1. Болса да көзі, жарықты көрмейді

Өзі бірақ та,

Көргіш – ақ түнде, құс па, бұл не?

                                                           ( үкі )

  1. От басында құмған,

Екі көзін жұмған.

                                ( мысық )

  1. Қабат – қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

                                        ( кітап )

  1. Тұмсығы мықты,

Кедір – бұдырдың бәрін

Тегістеп шықты.

                                        ( үтік )

  1. Күміс табақ дөңгелек

Аспанда жүр дөңгелеп.

                                          ( күн )

  • Балалар, қызыл сиямен қоршалған торкөздің ішінен қандай сөз шықты?
  • Етістік.
  • Олай болса, бүгін біз етістік туралы білімімізді толықтай түсеміз.

Ой қозғау.

  • Етістік туралы білімдеріңізді ортаға салыңдар – ой қозғау әдісі.
  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістік қандай сұрақтарға жауап береді.
  • Етістіктің түрлерін ата.
  • Біз ағашты емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз. Алғашқы тапсырманы

орындадық. Енді шағаламен бірге әрі қарай аттанайық.

Шағала ұшып келе жатып бір ағаштың бұтағында отырған торғайды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды. «Ағашқа жақсылық жасай көр»,- деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ,- дейді. Оның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп мына тапсырманы орындайық.

Оқулықпен жұмыс.

1 – жаттығу.

- Суретке қара.

- Сурет мазмұны бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құруға болады?

- Әңгімеге ат қой.

Әнуар балықтарға жем шашты.

2 – жаттығу.

                        Көл бетінде қалқиды,

                        Мақта сынды үйілген

                        Үні әсем сан қыйлы

                        Мойны да әсем иілген.

                        Мамығын ол тарайды,

                        Маңғаздана қарайды.

                                                               ( аққу )

- Шағала одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындаған да жоғарыдан төмен қарай құйғыта түсіп келе жатқан бүркітті кездестіреді. Оған да мән жайды хабарлайды.  Ол бірақ шағаланың ұсынысына өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Бүркіт үшін біз көмектесіп жіберейік.

 

 

3 – жаттығу.

«Тез тауып, бөгелмей жаз» ойыны.

Ата, іні, балық, түйе, шортан                             Ойнады, жинады, қуды, жарысты, айтты.

- Шағала одан әрі ұшып келе жатып, сауысқанды көріпті. Ол да көмектесе алмайтынын айтады. Қане, балалар, сауысқан үшін біз көмектесіп жіберейік.

Топтық тапсырма.

4 – жаттығу.

«Кім шапшаң» ойыны.

Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

І – топ:      қонды, ұшты.

ІІ – топ:     жауды, секірді.

ІІІ – топ:    тасыды, қонды.

- Шағала одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен көкектің үнін естиді. Ол көкекке де ағашқа көмектес дегенді айтады.

- Кешір шағала, маған ренжіме, менің өз кәсібім бар ғой. Мені ормандағы аңдар, құстар түгел адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра, - дейді. Қане, көкектің тілегін орындап жіберейік.

5- жаттығу

«Малдар қалай төлдейді? »

  • Балалар, мен допты лақтыру арқылы малдардың атын атаймын. Ал сіздер допты қағып алып, олардың қалай төлдейтінін айтасыңдар.

Жылқы құлындайды.

Сиыр бұзаулайды.

Қой қозылайды.

Түйе боталайды.

Ешкі лақтайды.

  • Шағала әрі қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да ағашты емдей көр деп өтініш айтады. Сонда аққу:
  • Мен қасиетті де, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Өйткені, маған

көп құстар келеді, ақыл – кеңес сұрайды. Мен саған да ақыл айтайын. Сен тоғайда үйсіз – күйсіз жүрген, жұмыссыз жүрген құстар бар. Солардың бірін тап та, өтініп көр, мүмкін солардың біреуі, саған ілесіп барып, ағашты емдеп қалар, - дейді. Аққудың тапсырмасы. 

Шығармашылық тапсырма.

«Буынұйқас» ойыны.

Буындар берілген сол буындарға ұйқастырып сөйлем жазасыңдар. Мысалы:

- рет, - рет, - рет    Мен салдым сурет.

- ю, - ю, - ю            Көрдім аппақ аю.

І топ:     - бар, - бар, - бар

               - ла, - ла, - ла

ІІ топ:    - да, - да, - да

         - дер, - дер, - дер

ІІІ топ:   - уыл, - уыл, - уыл

               - ға, - ға, - ға

«Түсін мені» ойынын ойнату.

Әр топтағы оқушыларға сөздер жазып беру.

І топ:      оқиды, билейді.

ІІ топ:     ұшады, күледі.

ІІІ топ:    жүгіреді, ұйықтайды.

Ойынның шарты: әр топтағы оқушы өздеріне берілген сөздерді тек қимылмен көрсетіп түсіндіреді. Қалған топ мүшелері оның қандай сөз екенін табады, оларға сұрақ қояды.

- Шағала аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір  құсқа кез болады. Ол құс шағаланың тілегін тыңдап, орындап, онымен бірге ағашқа келіп, оның құрт ауруын жазған екен.

Проблемалық сұрақ:  Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

- Тоқылдақ.

- Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді. Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай тақырып  

   қоюға болады?

- Тоқылдақ – орман дәрігері.

- Содан бері әлгі ағаш жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер. Ендеше жасыл өсімдіктер, ағаштар жайқалып өсіп, құстарымыз көп болып, шарықтап ұша берсін десек, мына бір тапсырманы орындап жіберейік.

 

V. Жаңа сабақты бекіту.

Венн диаграммасы.

 

           Зат есім              Етістік

VІ. Үйге тапсырма.

Үйден 6 – жаттығуды орындап келу.

VІІ. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 1194 | Ілмек сөздер: етістік. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 17
Қонақтар: 17
Тіркелгендер: 0