Етістік - Бастауыш сынып - Ашық сабақтар - Ашық сабақтар - Ұстаздар сайты
Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Етістік

Етістік

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік

I слайд

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

  •       Етістік сөз табы туралы білім                                                       беру,етістіктің қолданыстағы маңызын,қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу,етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.

Дамытушылығы:

  •       Сөз таптарын ажырата білуге ,сөйлемнің  мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін ,тілін дамыту.Логикалық ойлау сезімін ояту.Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі:

  •         Каллиграфияны  сақтау,   кішіпейілділікке, адамгершілікке , мәнерлі сөйлеуге, қырағылыққа тәрбиелеу  .

Сабақтың түрі , әдісі: Жарыс сабақ, ойын ашық                                                                                                                             айту, түсіндірмелі, сұрақ- жауап, мақтау-                 мадақтау.

Пәнаралық  байланыс:дүниетану,математика,    

                                       музыка, әдебиеттік оқу.

 Интерактивті тақта:

Жабдықтау және көрнекілік

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру бөлімі

II слайд

Поэзия минуты:

           Қазақ тілім- өз тілім , ана тілім

           Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

          Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

          Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне , балалар  кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы

                    II Өткенді қайталау

III слайд

*   Жұрнақ пен жалғау туралы не білесің?

*  Зат есім дегеніміз не, неше түрге бөлінеді?

*  Негізгі  зат есім дегеніміз не?мысал келтір

* Туынды зат есім дегеніміз не?мысал келтір

* Туынды зат есімге не  жалғанады?

* Тәуелдік жалғау туралы не білеміз?бір сөзді      тәуелде.

* Іні, қалам,дәптер сөздерін жекеше, көпше түрге тәуелде

           Етістік дегеніміз не?Сұрақтары, мысал.

                 I II Суретпен жұмыс

IV слайд

а/(Суретке ат қойып, әңгіме құрастыру, етістікті табу)

Қыс мезгілі                Табиғат суреті

ә/Үйге берілген тапсырма сұралады, етістікті табу

              

 

   IV  Дәптермен жұмыс

   V слайд

а/ күннің жадысы

ә/ сынып жұмысы

б/ тақырыбы

в/ минуттық көркем жазу.

П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П

VI   слайд

  1. жаттығу.     Дара және күрделі етсітіктерді   табу:

                     Балбұлақтар ағады.

              Баурайынан таулардың

             Балбұлақтар ағады.

             Балбұлақтан қанғанның

            Бойы сергіп қалады.

                                                  Е.Ерботин.

VII   слайд

 

2 -жаттығу.     Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп   жазу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету:

 

        Әжем маған жылы шұлық  тоқыды /тоқып берді/.   Нұрым мен Сырым құстарға үйшік жасады / жасап отыр/.  Жиналыс басталды ма?/ басталып кетті ме?/.    Жездем қуанды ма?/қуанып жүр ме?/

Балалар мұзайдында коньки тепті/ теуіп жүр/.

Тиін қарағайдың бүрімен қоректенеді/ қоректеніп жүр/.Солтүстіктен  суық жел соқты/ соғып тұр/.

Солтүстік                    Мұзайдын

 

VIII   слайд

 3-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту.

                «Серперді » шертермен

                Шерте үйрендім.

                Шертермен     «Серперді»

                Ерте үйрендім.

                                            Е.Ерботин

           «Серпер»,шертер деген не?

 IX слайд   «Серпер» - Құрманғазының күйі.

 X слайд    «Шертер» -қазақтың,ертедегі түріктің аспабы,домбыраға қарағанда кішірек , оның даусы қатты шығатын болған.шертер екі, үш  ішекті, ал ішектерін аттын жалынан жасаған.Қазіргі кезде шертер аспабын қолданбайды.

 ХI слайд          Сергіту сәті

     Құрманғазының күйі      «Серпер»

 

 ХII слайд         

4- жаттығу.  Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек көшіріп жазу, кез-келген 2 күрделі етістікті қатыстырып сөйлем құрастыр.

 

Жайнады                               Бақылап тұр

Жалғады                               тартып отыр

Шашты                               оқып отыр

Ұшты                                   қонып жатыр

Секектеді                            билеп жүр

Тегістеді                             шауып барады

 

 

 

ХIII слайд         

        V  Дидактикалық ойын :«Кім алғыр?»

           Күн,сәбіз,ай, саяхат,қала, дала,ауыл,ата, оқушы, шебер, дәптер,кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе, қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз,арба / 25сөз/

 

 XIV    слайд    

               YI  «Мақал қуаласпақ» ойыны, етістікті          табу

 

1   Көз жетпегенге  сөз жетеді.

2   Дос жылатып айтады,

     Дұшпан күлдіріп айтады.

3   Мақтаншақтық өтірік айтқызады,

     Өтірік көңілді қайтқызады.

 

XV    слайд  

              VII   Шығармашылық жұмыс

  • Бұлбұл                           бақылдайды
  • Сиыр                              сайрайды
  • Аққу                               мөңірейді
  • Бақа                               қарқылдайды
  • Тырна                            сұңқылдайды
  • Түйе                               қаңқылдайды
  • Қаз                                 боздайды
  • Қарға                              тыраулайды    
  •  

XVI    слайд  

         VIII   Тиым  сөздер  білесің бе?

Етістіктерді сұрақ кою арқылы табу

 

X VII   слайд

             I Х   Сабақты бекіту: Етістік туралы не білеміз?

    *    Білемін

*    Білдім

    *    Білгім келеді

 

    X VIII  слайд

Х   «Жүректен жүрекке» Бағалау.Мадақтау

        Әр қатар өз тобын бағалайды.

 

 X IX слайд                                                                                                                                                                                            ХI   Үйге тапсырма:     5- жаттығу

                                            5 мақал /етістік/

Ұстаздар сайты

Авторы:

загрузка...
Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (23.01.2015)
Көрсетілім: 2119 | Ілмек сөздер: етістік. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 6205
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 14
Қонақтар: 14
Тіркелгендер: 0