Сайт учителя начальных классов
.
Ертегілер еліне де – жол тәртібі қажет.

Ертегілер еліне де – жол тәртібі қажет.

Ертегілер еліне де – жол тәртібі қажет.

Тақырыбы: «Ертегілер еліне де – жол тәртібі қажет»

Мақсаты:

  1. Елімізде жол апаттарын болдырмау үшін, білімдерімізді жетілдіру.
  2. Балаларды жол апаттарының алдын алуға үйрету.
  3. Баршаға ортақ жол ережелерін «Ертегі» арқылы кең көлемде түсіндіру.

Көрнекіліктер: жол белгілері, ертегі кеіпкерлері

Барысы:

Топ басшысы:

2 наурыз 2006 жылғы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Осы заманғы қауіп – қатерлерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру керектігін» атап өтті.

                                   Жолдауды жастар қолдайды

                                   Тәртіпсіз ел болмайды

                                   «Бағдаршам» тобы әрқашан

                                   Амандық пен тыныштықты қорғайды

 

«Сарбаздар» әнінің әуенімен

Жол тәртібін сақтайтын инспекторлармыз

Жүрегіміз халықпен бірге жанымыз

Сақшысы тәртіптің

Ел қорғаны болатын ұлаңдарыңбыз

            Ай-хай, полициялар-ай,

            Инспектолар-ай

            Жолымыздың тәртібін біз сақтаймыз-ай

            Жолаушы абай бол

            Жас инспектор тілейді,

            Сіздерге ақ жол!

Озерки мектебінің өрендеріміз,

Қадағалап көлікке, нұсқау береміз

Белгісін жолдардың

Көрсетумен тәртіпке көңіл бөлеміз

Ай-хай, полициялар-ай,

            Инспектолар-ай

            Жолымыздың тәртібін біз сақтаймыз-ай

            Жолаушы абай бол

            Жас инспектор тілейді,

            Сіздерге ақ жол!

 

Жүргізуші: Ал енді қонақтарымызға айтарымыз

            Жол тәртібін сақтайық

            Ел үмітін ақтайық

            Ертегілер елін біз

            Жол апаттан сақтайық

 

Ертекші:

            Қызыл телпек қыдырып

            Әжесіне бармақшы

            Жету үшін орманға

            Белгіні еске алмақшы

            Жету үшін адаспай

            Ережені сақтайды

            Жол белгісін білмесе

            Әженің үйін таппайды

 

«Қызыл телпек» әнінің әуенімен:

            Бағдаршаммын жолды сілтер

            Бойымда бар түрлі көздер

            Жасыл жанса, дайындал

            Қызыл жанса тоқтағайсың

            Жолда жүрсең байқағайсың

            Абай болшы сен үнемі

            Жолды кесіп өткенде.

Қасқыр шығады. Бағдаршамның қызыл шамына өтемін деп машинаға соғылады. Жол ережесін білмегеннен жарақаттанады.

  • Көмектесіңіздерші! Қызыл телпек көмектесші!

Қызыл телпек:

  • Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің бе? Асықпасаңшы.

Қасқыр:

  • Білмеймін. Көзін ашып – жұмып тұрған мынау не?

Қызыл телпек:

  • Бұл бағдаршам. Жолда жүруді реттеп тұратын құрал.
  • Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен, жол апатына ұшырадың, мен сені жол ережесімен таныстырайын. Тыңда!

Белгілер шығады:

            Тәртіп керек қалай да

            Есте сақта жарай ма?

            Мына белгі тұсынан

            Бала өтеді абайла!

Екі жақтап ағылған

Көліктер өтер жаныңнан

Дұрыс болар сол сәтте

Жол нұсқаға бағынсаң.

            Тоқта, тоқта жалықпа

            Жан жағыңды анықты

            Сол уақытта қиындық

            Келтірмейсің халыққа

Велосипед көлігің

Мінсен жақсы серігің

Мына белгі тұрғанда

Суымасын сенімін

            Жаяу адам жүретін

            Белгіні бол білетін

            Ережені білген жан

            Өкінбейтін, ұзақ өмір сүретін.

Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла!

Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі.
Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, тартуымды міндетті орында

Қызыл телпек:

  • Түсіндің бе, Қасқыржан?

Қасқыр:

  • Иә!

Қызыл телпек:

  • Ендеше мен сені бағдаршамның қызметімен де таныстырайын.

 

«Чему учат в школе» әнімен:

Бағдаршамды күнде біз

Көшелерде көреміз

Көліктерде

Жол шетінде

Көшемізде

Қызыл көзде тоқтаңыз

Сары көзде алаңдама

Жүре бергін

Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Мектепте де

Серуенде де

Көшемізде

Бағдаршамға қарайық

Апат алдын алайық

Жол тәртібін барлық жерде

Біз сақтайық!

Қызыл телпек:

  • Олай болса, мен сені әжеме алып барайын, жүр кеттік

Жол инспекторлары шығады. Хор:

Инспектормыз біз, жолдың сақшысы

Тәртіпті біз қорғаймыз

Ережені сіз, жолда бұзбаңыз

Апат жолда ешбір болмасын!

 

Инспектор жастармыз, бірге боламыз

Жолымда, тәртіп сақтаңыз

Құрбылар кездесерміз әлі талай біз!

 

Әже:

Келді міне немерем,

Аман есен адаспай

Жол белгісін сақта сен

Апаттарды болдырмай!

  • Қасқыр сен менің немереммен дос болыпсың, олай болса достық биін билейікші.

Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Оқушы:Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
Оқушы: Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.

ID: 7626 | Просмотров: 4008