Сайт учителя начальных классов
.
Ғ дыбысы мен әрпі

Ғ дыбысы мен әрпі

Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы:   Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті:  Ғ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:   1. Сөздерді талдата отырып, ғ айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету

                              2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

                                            3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

 

Есту диктанты:

Арыстан орманда. Орманда аңдар мол. Олар аң аулады.

Жаңа сабақ

Қолымда шалғы –

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

                                   (Ғ)

 

Ағада бар,

                      Менде жоқ.

                      Жағада бар

                      Жеңде жоқ.  (Ғ)

    Мұғалім аға, жаға сөздерін бірнеше рет айтып, оқушылардың назарын ғ дыбысына аударып, ғ дыбысының таңбасымен таныстырады

(А-ғ-ғ-ғ, жа-ғ-ғ-ға)

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың осы бетіндегі баған түріндегі сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ол сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құратуға болады. Сөздік жұмыстарын жүргізу де қажет.

    Мұғалім «Ол – Сағат аға. Сағат аға шалғы тартты» деген сөйлемдерді оқушыларға талдатып, меңгертткеннен соң, оқушылардың ойлаған сөйлемдерімен оларың қатарын арттыруға болады. Сөйтіп, әңгімеге ат қойылады. 

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптерінің 6-бетіндегі жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар Ғ дыбысының бас әрпін жазып үйренеді. Бас әріптен басталатын сөздерді жазып, көркем жазу дағдысы қалыптаса бастайды. Олар суретке және сызбаға сүйеніп, сөйлем құрап жазады.

Қорытынды

Балға , таға,ибұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрату

ID: 6870 | Просмотров: 2496