Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Дені  сау  адам -  табиғаттың  ең қымбат  жемісі

Тақырыбы : Дені  сау  адам -  табиғаттың  ең қымбат  жемісі

                              /мұғалімдер арасында  тренинг  /

Мақсаты:

           Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,

           бағалы  байлық екендігін түсіндіру.

Тренинг ережесі :

  • Сөзді бөлмеу
  • Бір-біріне кедергі жасамау
  • Бірігіп  жұмыс істеу
  • Намысқа тимей өзгенің пікірін сыйлау
  • Күлімсіреу 
  • Кешікпеу  

Түрі : Тренинг

Көрнекіліктер : Нақыл сөздер, шар, плакат, боя  қаламдар,  

Қатысушылар :  Мұғалімдер

Барысы :

        Дені  сау  адам табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың  өз денсаулығына  көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны. Адамның  денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады.

Денсаулық - бар байлығың  басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең  – дей келе  бүгінгі                         

« Дені  сау  адам -  табиғаттың  ең қымбат  жемісі » атты  тренингке  қош  келдіңіздер !

І. «Стол резюмесі  »танысу тренингі

Әр топ өздерінің жақсы ерекшеліктерін және жетістіктерін  айтып  таныстырады. т.б.

ІІ . « Мюнстерберг » әдістемесі

Мақсаты :  Әдістеме зейіннің  таңдамалылығын анықтауға бағытталады .

Нұсқау : Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар .Сіздің міндетіңіз :тез оқып отырып ,сол сөздердің астын сызуыңыз керек .Жұмыс уақыты -2 минут

Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны ,қатеге байланысты бағаланады .

АашпгоппартаивнртереЗевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершвврткрпденсаулықгушблматабиғатждыгутсчв

Рахмет .Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете  білдіңіздер және сөздерді

 таба білдіңіздер

Талқылау :Ең көп сөз құраған кімдер ?


ІІІ. «Мен ғажайыппын » ойыны

Мақсаты : Мәдениетті адамды ерекшелендіретін нәрсе. Оның айналасымен еркін және жағымды қарым-қатынас жасай алуы.

Нұсқау:  Сіздерге  екі қолдың  көмегі  арқылы  іс-қимыл жасалады.

                 Сол іс-қимылға  сөздер айта  отырасыздар.

Рахмет сіздерге   ситуациядан  шыға  білдіңіздер.

 

ІУ. Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
  3. Не себепті  екі баған екі түрлі  болуы мүмкін?
  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

 

Басты байлық - денсаулық.
Сақта жолын сен тауып.

 

 

У. «Күлкі  жемісі  » шығармашылық  тапсырма .

           

Нұсқау :  Түрлі-түсті  шардағы  өлең  ұйқастарын  тауып   жалғастыру

 

 

 

 

 

 

 

             Сықылықтап    ...................

              ...................   күлесің

             Түйілді ғой   ішегім  деп

              ................... күлесің

 

 

           Өзің  шошып ...................

            ................... көзіңнен

           Сенен таза  ...................

            ................... кезіңнен

 

       

         Күлдіре біл , ...................

         .................. жанның  дәуірі

         ................... кетеді

         ...................бар   уы

 

УІ. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
        Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік.

Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.

 

Талқылау :  Сіздерде  қандай  сезім  болды?

                    Табиғат  құбылысы  ұнадыма ? қай  құбылысы  ұнады?

                    Табиғатта  кіммен  жүр едіңіз? 

УІІ. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
Рахмет  сіздердің  бойларыңыздағы  асыл қасиеттердің  бар екенін жәнеде  өздеріңізді  жоғары бағалайтындарыңызды көрсете білдіңіздер. Биіктерден көріне беріңіздер.

УІІ. «Күннің  шуағы» тренинг

  1. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат  жемісі»  дегенді қалай   бағалап түсінесіздер?
  2. Бүгінгі  тренингтен  алған  әсерлеріңізді жазу.

 

Қорытынды:

 "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,

 

  ойын  ойнамағандықтан қартаямыз."

                                                                       Бернард шоу

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты  болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі  екенін ұмытпаңыздар!  Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 1308 | Ілмек сөздер: жемісі., Дені, Табиғаттың, ең, Сау, қымбат, Адам | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5903
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0