Сайт учителя начальных классов
.
Білім басы - Әліппе.

Білім басы - Әліппе.

  Білім басы - Әліппе.

Сабақтың тақырыбы: «Білім басы - Әліппе.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың 4 ай бойы алған білімдерін тиянақтау, қызығушылықтарын

                                   арттыру, ата – аналарға өнерлерін көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Ана –тілі оқулығымен таныстыру, ақыл ойын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа, туған елін сүюге тәрбиелеу,

                                  эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:         Дәстүрлі емес. Мереке сабақ..

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, саз.

Сабақтың әдісі:        Аралас сабақ, ойын түрде, топтық, жеке жұмыстар.

Техникалық құралдар:Қанатты сөздер жазылған  плакаттар,шарлар, гүлдер, комьютер,

                                       интерактивті тақта, тақырыпқа сай слайдтар.

Сабақтың барысы:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата- ана, ұстаздар, оқушылар!

 «Білім басы - Әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

                 Болашаққа  жол бастап,

                 Әліппең келді ортаға.

 Балалар, сендер үш ай бойы  нені оқыдыңдар менен нені үйрендіңдер?

Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді және қандай нәтижеге жетті соны тыңдаңыз.

Әліппе: Жарайды, тыңдайық.

              Келгенде алғаш мектепке,

              Білмеуші едік әріпті

              Оқимыз қазір ертекті

              Үйреткен оны «Әліппе»

               Мынау менің Әліппем

               Көгілдір туым түсіндей.

              Ақылшы жақын досымдай

              Қымбатты маған кісідей

              Іші толған әріпке

              Жақсы кітап Әліппе

              Әліппені аламыз.

              Мектепке біз барамыз.

           Бар кітапқа бас болған,

           Әліппе – ғылым анасы.

           Әліппеден басталған

          Даналықтың данасы.

Ортаға әріптер шығады.

          Ата зейін салдың ба?

          Бар әріптің алдында

          Неліктен «а» тұрады,

          Деп бір күні сұрадым.

         Атам менің сауцатты,

         Былай берді жауапты.

         Ата, ана, ақыл, ар, адам,

         А – дан басталар.

         Содан шығар, құрбаным,

        «А» ның алда тұрғаны!

Айбек  Енді біз жаза білеміз,

             Әріпті қосып әріпке.

             Риза боп саған жүреміз,

             Сүйікті біздің Әліппе!

Алинұр: Ең алғаш Әліппені,

               Қызығып қарай бердім әріптерге.

               Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

               Ұстазым оның кілтін алып берді.

Альфия: Оқуды көп ойладық,

                Қызығына тоймадық.

                Әріптерді үйреніп,

                Сауат ашып тойладық..

Сәуле: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

            Енді қолға басқа кітап аламыз.

            Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

            Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Жәнібек: Үйретіп алғаш  бізге Әліппені,

                Мұғалім ғылымға жол салып берд.

                Адамның ой – арманы мақсаттары,

                Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ән:  «Мұғалім ол біздің»

Мұғалім : Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар?

Хормен: 42 әріп бар.

Мұғалім : Алфавит дегеніміз не?

Оқушы : Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуы.

Мұғалім : Енді алфавит сырын айтайық.

Сара:        Алфавиттің «А» тұрады басында,

                Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

                Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

                Ал осының сыры неде, түсінші?

Алинұр:  «А» деген ол – аналар ғой ардақты,

                «Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.

                «Б» деген ол – балалар ғой әдемі,

                Біздің елде үшеуі де кәделі.

               Қой бағады айлап.

               Әкем менің мықты,

               Күрескенді жықты.

               Ал «Әліппе» шырағым,

               Әріптерден тұрады.

Нұрбек – Бб   «Б» дегенің - батыл,

                         Батыл және батыр.

                        «Б» дегенің балға

                        Балға ұстамай қалма,

                       «Б» дегенің баға

                       Бестен басқа алма.

Альфия – Вв  Ең әдемі көлік,

                        Велосипед, велик.

                       Витаминнен қашпа,

                      Жұт, ауызыңды аш та.

Әли – Гг.      Мойынымызда галстук,

                      Ұлан болып таныстық..

                      Көрген адам байқар,

                      Шын асыл тас Гауһар.

Әкежан – Ғғ: Бір – бірінен алыс,

                       Жұлдыз жолы ғарыш.

                      Білсең соның мәнін,

                      Боласың сен ғалым.

Алинұр Дд: Дастарханды марқайып

                     Дина күйін тартайық

                     Дала  жырын төгілтер

                     Домбырада қай халық..

 

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппеден тағы не үйрендіңдер?

Иә, біз ережелерді айтып үйрендік. Қане, кім қандай ереже біледі екен кім айтады, Ал Әкежен айтып жібер.

Әкежан:  Сөз дыбыстан құралады.

Айғаным: Дыбыстар әріппен таңбаланады.

Жанель: Дыбыстарды естиміз, айтамыз. Әріптерді көзбен көреміз.

Сара: Кісінің аты- жөні, қала, ауылдың аты бас әріппен жазылады.

Мағжан: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзде жуан болады.

Мұғалім: Иә, балалар біз көп ережені біледі екенбіз, ал енді біз ата – аналарымызға қалай оқитынымызды көрсетіп жіберейік.

«Бір уыс мақта» әңгімесінен үзінді оқытып, әңгімінің тақырыбын тапқызу.

Мұғалім: Балалар, енді біз келген қонақтарға қалай жазатынымызды көрсетейік. (Тақтаға жасырынған суреттердің атын жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыздыру, аю, қасқыр, қоян, сағат).

Балалар, енді берілген буындардан сөз құрастырайық интерактивті тақтаға қараңдар.

Бі                  сі

Кі                 лім

Кеп             теп

Мек            тер

Мұғалім дұрыс балалар сендер Әліппден талай білім алдыңдар енді біз қонақтарымызға санхалық көрінісімізді тамашалауға шақырайық.

  Сахналық көрініс. «Сүңгуір үйрек».

                                                    Авторы : Сара.

                                                    Аққу :      Әйгерім мен Нұрай.

                                                    Түлкі :     Ерасыл.

                                                    Үйрек :    Досымжан.

Мұғалім: Балалар, біз осы уақытқа дейін оқумен қатар сандарды оқуды, жазуды, оларды салыстыруды, қосып, азайтуды меңгердік. Енді математикадан алған білімімізді көрсетейік.

Интерактивті тақтадан сандардың ретін, көршісін атап, сандарды салыстыруды, қосындыны табуды орындайды.

Мұғалім: Балалар мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Қане кім айтадыең алғаш мектеп ашқан кім?

Динара: Ы.Алтынсарин.

Мұғалім: Ы.Алтынсарин атамыз сендерге қандай өсиет айтып кетті?

Оқушылар хормен: Бір аллаға  сиынып,

                                  Кел, балалар, оқылық.

                                  Оқығанды көңілге,

                                  Ықыласпен тоқылық.

Мұғалім: Дұрыс балалар сендер дұрыс жауап бердіңдер. Осы шумақ өлең үнемі сендердің естеріңде жүрсін, Ал тағы да қандай өнеріміз бар кім көрсетеді. Ал қане қыздар өнерлеріңді көрсетіңдер.

Би. Өзбек биі.

Мұғалім: Жақмы балалар, енді Әліппемен қоштасатын уақытта жетті.

Хормен: Қош бол, құтты Әліппем,

               Көп нәрсені үйреттің.

               Таныстырып әріппен,

               Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:

Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілдеріңде өте жақсы сөйлейді екенсіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады. Ана тілін жақсы оқыңдар.

Әліппе:                            Ұстаздар мен балалар

                                          Аталар мен аналар

                                         Танысыңдар досыммен,

                                         Достасыңдар осымен.

                                         Аттанғанда бүгін мен,

                                         Ана тілін таныңдар.

                                         Оқып ана тілінен,

                                         Ақыл , білім алыңдар.

Ән: Әліппе.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Хормен: Қош келдіңіз, Ана тілі!

Ана тілі:                          Сәлем , ойшыл достарым,

                                         Терең білім, ой – сана,

                                         Әр бір сөзім, ой салды,

                                         Ғылым , тәлім өнерім көп,

                                         Достасқанға берерім көп.

  Мұғалім: Балалар, сендер көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйренулеріңе көмектескен кім?

Хормен:

Мектеп

Мұғалім

Ата – ана

Әліппе!

Мұғалім: Балалар, енді ата- аналарымызға рақмет айтайық.

Оқушы : Әліппемен қош айтысып, қаламыз,

               Енді қолға ана тілін аламыз.

               Ата- ана қуанышқа ортақ бол,

               Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ата- анаға рақмет.

Ән: Ана

Мұғалім: 1 сынып оқушыларын құттықтау үшін 5 сынып оқушылары келіп отыр. Би, ән орындалады.

Қорытынды сөз: Қымбатты кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің - өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмас қазына. Елімізді, жерімізді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін.

Ата – аналарға айтарым балаларыңыздың осындай дәрежеге жетуіне сіздердің де еңбектеріңіз көп. Сондықтан сіздерге рақметімді айта отырып, балаларыңыз жақсы азамат болып өссін деймін.

Ата- аналарға сөз беріліп, оқушыларға тілек айтылады                      

Мұғалім: Біз тек қана әріп танып, тақпақтар айтып, өлеңдер жаттаумен айналысып қоймай, сонымен бірге үлестірмелі материалдармен жұмыс істеп, тапсырмаларды өз бетінше орындауға, сұрақтарға жауап беруге, сандарды санап, цифрларды жазып үйрендік.

 

ID: 6791 | Просмотров: 2345