Сайт учителя начальных классов
.
Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз

Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз

Тақырыбы: Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға күз сыры жайлы мағұлмат бере отырып, күз туралы түсініктерін молайту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсету шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қоршаған ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, жемістер мен көкөністер көрмесі. Жапырақтар мен шарлар.
Барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі. 
Кіріспе сөз. Мұғалім: 
Құрметті қонақтар, ұстаздар оқушылар. Біздің бүгінгі «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Күз мерекесі бүгін біздің мектебімізге келіп жатыр. Күз мерекесін еңбек адамдары, ауыл, қала барлық жерлерде аталып өтеді. Жер ана мен табиғаттың адамға берген байлығын паш ету мерекесі. Ертеңгілігімізді бастаймыз. 
1. Жүргізуші: Бірінші құттықтау сөз мектеп директоры Жамансарина Алтын Иманқызына, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағымбаева Лаура Тельманқызына, тәрбие ісінің меңгерушісі Ергалиева Бақтылы Майлықызына беріледі:

2. Жүргізуші: 
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.

1. Жүргізуші:
Келді міне алтын күз
Талдарға алқа тағатын
Халқымыздың еңбегін
Табиғатта бағалар
1 оқушы: Күз дегеніміз – байлық, молшылық, тоқшылық. Күз дегеніміз – жер ананың дарқан дастарханы. Себебі күзде барлық жеміс – жидек, көкөністер піседі. 
2 оқушы: Алтын күз аталу себебін білесіздер ме? Себебі айнала сары түске боялып, алтындай болады. Ал алтын байлықтың белгісі. 
2 жүргізуші: Балалар енді ортамызға алтын күзді шақырайық. 
Көркем: Берекелі, алтын күз
Мерекелі алтын күз.
Хормен: Сәлеметсіз бе Алтын күз.
Күз: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын жаз
Сары алтындай малынған
Алтын күз деген мен болам
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар.
1 жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын күз.
Сайраңдаған күліп ойнап,
Келді міне, Алтын күз
2 жүргізуші: Балалар барлығымыз бір ән айтайық.
Хор «Алтын күз»

Күз: Оқушылар қазір біз «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық. 

1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес дәмі 
Оның аты ... . 
2. Кіп – кішкене болса да
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып
Танисың ба ... . 
3. Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін – ай 
Оның аты ... . 

1. Жүргізуші: Көрініс «Бақшадағы айтыс»
(3 класс оқушылары өз өнерлерін көрсетеді)

Күз: Балалар енді «Кім жүйрік» ойынын ойнаймыз. Мен сендерге сұрақтар қоямын. Сендер жылдам жауабын айтасыңдар. 
1 сұрақ. Күзде қандай меркелер болады?
2 сұрақ. Күз айларын атап шығыңдар?
3 сұрақ. Құстар, шыбын – шіркей қайда кетеді?
4 сұрақ. Күз қандай болады?
5 сұрақ. Нан туралы мақал айтыңдар?
(4 класс оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.)

1 жүргізуші:Балалар енді жұмбақ шешейік. 
1. Түйіп байлап көктемде 
Қызарып жаз жеткенде.
2. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызы, сүті тәтті.
3. Сырты тас, іші қуыс бөлек – бөлек.
4. Жер бетінде шашы бар.
Жер астында басы бар.
Хор: 
2 жүргізуші: Алтын күз балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар бүгінгі мереке маған ұнады. Менің орманға баратын уақытым болды. 
Берекелі бақ дәулет
Арта түссін тойланып 
Сау болыңдар баршаңыз
Келгенше жыл айналып.
Мұғалім: Күз ұсынып егісі мен жемісін
Әкеліпті халыққа бір молшылық.
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін
Елімізде болсын әркез көпшілік – дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз

ID: 1007 | Просмотров: 3767