Сайт учителя начальных классов
.
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс.

Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс.

Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс.

Тақырыбы:  Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс

П і к і р

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылындағы орта жалпы білім беретін С.Меңдешев атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күміс Сисенова Бақытқызының «Бастауыш сынып оқушыларын еңбеке баулу пәні бойынша шығармашылық жұмысқа баулу» тақырыбындағы ашық сабағы бірлестік отырысында тыңдалып, аудандық тамыз маслихатына ұсынылды. Мұғалім оқушылардың біліктіліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, өнердегі әсемдікті көре білуге оларды өз қолдарымен жасай білуге үйретуде технологияның озық түрлерін қолданып, оқушыларға сапалы білім беріп келеді.

Бұл сабақта әртүрлі бұйымдар жасау арқылы бастауыш сынып оқушылары қоршаған ортаны жақсы танып білуді, табиғат әлеміне сақтықпен қарауға, бүлдірмеуге ой түйіндетті, шеберлігін арттырды.

Сисенова Күміс Бақытқызы

1960 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Орал педагогикалық училищесінің бастауыш мектепте сабақ беру мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірген. 1983 жылдан бері өз мамандығы бойынша жұмыстанып келеді.

Педагогикалық өтілі – 30 жыл. І санатты мұғалім.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушының өз қабілетіне қарай жеке тұлғаны еңбекке икемдеу, көзқарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру. Қоршаған ортаны жақсы тануға, қорғауға, түсінуге үйрету;
  2. Топпен жұмыстануда бірін-бірі тыңдай білу, ұйымшыл болу, белсенді, жауапты екенін түсіне білуге баулу;
  3. Бастаған ісін тиянақты орындауға, әр түрлі заттың бөлшектерін де пайдаға асыра білуге, үнемшіл, ұқыпты болуға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге бағыт-бағдар беру.

Сабақтың көрнекілігі:

Еңбек папкасы, еңбек құралдары, шығармашылық тапсырмаларға қажетті құралдар. Хатқалталар. Мақал-мәтелдер.

 

Еңбек сабағының қауіпсіздік ережесі:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Қызығушылықты ояту. «Топқа бөлу»

 

Алма, шие, жүзім, алмұрт (осы атаулармен аталған балалар топқа бөлініп отырады);

Әр топтан 1 оқушы тұрып құрбыларының еңбектеріне сәттілік тілейді.

 

ІІІ. Өткен сабақтың түрлерін еске түсіру.

  1. Табиғи материалмен жұмыс.
  2. Ағаш, сымтемірмен.
  3. Матамен.
  4. Қатырма қағазбен.
  5. Түсті қағазбен.
  6. Ермек сазбен.
  7. Сазбалшықпен.
  8. Фольгамен.

 

Еңбек сабағының ережелерін пысықтау.

  1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау;
  2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау.
  3. Сәнді бұйымдарды жасай білу.
  4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.
  5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.
  6. Есіңде болсын!
  7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын.
  8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын.
  9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстмаса! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер.
  10.  Қолыңды сабындап жу.

 

IV. топпен жұмыс. «Ұяшық таңдау»

1-ұяшық: «Адамды адам еткен не?» Еңбек

2-ұяшық: абай өлеңіндегі 5 асыл істі ата?

3-ұяшық: Бейнетсіз (не) жоқ? (рахат)

V. Әр топтағы хатқалтадағы шашылған сөздерден еңбек туралы мақал құрастыру (ақылдасып 1 оқушы оқиды.

  1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  2. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,

Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.

  1. Еңбекпен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер.
  2. Егін ексең жерге өкпелеме, еңбек етсең елге өкпелеме.
  3. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады.

VІ. Сарамандық жұмыс.

Оқушылардың жұмысына басшылық беру, түсіндіру, танысу.

Ескерту, мадақтап отыру. Оқушыдан ненің бейнесін жасағанын сұрау, мәнін ашу, бағалау.

Балалар біз мақал-мәиелді еңбектеніп, құрап шығардық.

«Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек» - дегендей бүгін біздер өз қалауымызша шығармашылық жұмыспен айналысамыз.

Шығармашылық жұмыс дегеніміз – әр адам баласының өз ынта-жігерімен, қабілетімен жұмыстануы (шығармашылық жұмыс әртүрлі бағытта болатынын түсіндіру).

 

VІІ. Жұмбақтар шешу.

Жарқылдаған қос қылыш

Қол тисе жоқ тыныш.

                                  (Қайшы)

Кішкене өзі, мың көзді.

                                  (Оймақ)

Тап-тап, тап жорға

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес

Жерге түссе таптырмас.

                                  (Ине)

VІІІ. Топтау әдісі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша. Республикалық ғылыми әдістемелік журналы. 2012 жыл.
  2. «Еңбекке баулу» әдістемесі.
  3. «Еңбекке баулу» оқулығы. Алматы кітап баспасы – 2009 жыл.
  4. «Бастауыш мектеп» журналы. 2009- 2012 жж.

ID: 7581 | Просмотров: 4038