Сайт учителя начальных классов
.
: «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі»

: «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі»

ШҚО
Семей қаласы
«№25ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Калембекова Толқын Сейілқызы

Сабақтың тақырыбы : «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі»
Сабақтың мақсаты: Балықтардың, қосмекенділердің және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы оқушыларға түсінік беру;
Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;
Сөздік қорын байыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Оқушылардың қиялдарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл дамыту, логика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Ауа-райын бақылау.
Ауа.
Аспан.
Жел.
Ауаның температурасы.
3.Кіріспе.
- Бүгінгі сабақта қосмекенділердің, балықтың және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі жайында танысамыз.
- Бүгінгі тақырыпты дәптерге жазамыз «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі»
- Бүгінгі тақырыпқа байланысты үш топқа бөлінеміз. «Балықтар», «Қосмекенділер», «Жорғалаушылар»
-Осы үш топ өз топтарына байланысты жинаған материалдары бойынша білімдерін ортаға салады.
4.Үй жұмысын қайталау.
Топ бойынша өткен тақырыпқа шапшаңдықпен жауап береміз.
-Құстар туған жерге қай уақытта оралады?
-Құстар ұясын неден жасайды?
-Жылы жаққа ұшып кететін құстарды қандай құстар дейміз?
-Құстар немен қоректенеді?
-Балапандарын қалай қоректендіреді?
-Жылы жаққа неліктен кетеді?
-Қарлығаштар қай жерге ұя салады?
-Малдар қай уақытта төлдейді?
-Малдар қайда жайылады?
-Үй құстарын ата.
-Үй құстарын бағу.
5. Жаңа сабақ
Қазір қай мезгіл? Қыс мезгілінен кейін көктем келеді. Көктемде күн жылынып, қар ериді.Бақа мен балықтар көктемде жұмыртқа салады. Оны уылдырық дейміз. Уылдырықты суға шашады. Балықтың түрі өте көп. Ал, кесіртке мен жыландар жұмыртқасын күннің көзі жақсы қыздыратын жерге салады. Кесіртке жылан бунақденелілермен қоректенеді. Жылан ұсақ құс, тышқандармен қоректенеді. Ал, балықтар су асты өсімдіктерімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
6.Сергіту сәті
7. Топпен жұмыс
«Қосмекенділер» тобы
Нұртілек
Қазақстанда Бақа тұқымдасының 5 түрі (көлбақа, сүйіртұмсық, сібір бақасы, шөпбақа, қызылаяқбақа) тіршілік етеді. Олардың денесінің ұзындығы 3 — 32 см, салмағы бірнеше г-нан 3,5 кг-ға жетеді. Денесі жалпақтау, артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді, секіріп қозғалады. Тістері үстіңгі жақ сүйегінде ғана болады. Артқы аяғының башпайлары арасында жүзу жарғағы бар. Терісі жылтыр, шырышты, өкпесі нашар жетілген, терісі арқылы тыныс алады. Тілінің ұшы екі айыр, жемін тілімен ұстайды, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аналығы 500-ден 11 мыңға дейін уылдырық шашады, құрлықта да, суда да ұрықтанады. Бақаның дернәсілін итшабақ, кейде шөмішбалық деп атайды. Бақа еті кейбір елдерде (Франция, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады. Бақа, сондай-ақ, ғылыми-зерттеуге, тәжірибе жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Қызғалдақ
Бақа етінен тағам дайындау бірталай елдерде дамыған.
Бақа — Еуропада (Франция, Бельгия, Дания, Болгария, Югославия, Грекия, Румыния), сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азияда (Қытай, Сингапур, Малайзия, Бирма, Таиланд, Камбоджа, Лаос және т.б.) кеңінен таралған және экзотикалы да емес, жағымсыз да емес тағам болып табылады. Тағамға жасыл бақалардың тек сан еті қолданылады. Дайындау технологиясы да қарапайым: жартылай дайын өнім лимон қосылған суық суға 2—4 сағатқа салынады, содан кейін әр түрлі қоспасы бар сұйық қамырға (клярға) малып алып қуырады.Ф
Диана
Біз «Байлық шақырады» деп үйiмiздiң бұрыш-бұрышына қойып жүрген мүсiн ненi меңзейдi? Бiлетiндер «бұл мүсiн ежелгi Қытай императоры Гао Дидоның сүйiктi ойыншығы болған» деседi. Кезiнде ол өзiнiң ұсталарына сырт пiшiнi езуге күлкi ұялататын осы мүсiндi тапсырыс берiп жасатқан көрiнедi. Соңынан қытайлар мүсiндiге «ақша шақырғыш» қасиетi бар деп сенген. Жалпы, бақытқа, байлыққа ұмтылуға деген ынтызарлық бiр мұнымен шектелмейдi. Мысалы, қырғыздар «жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда көлiкке бақа iлiп қою, дән сабағын тiзiп iлу де ақша шақырады» деседi.
Балауса
Басқа елдерде бақасы байлық шақырады деп сенсе ал, орыс халқы бақаны түсінде көрген адам үлкен өсекке қалады. Егер бақа бақылдаса жаңбыр жауады екен.Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
Алдияр
Бақалардың бұл түрін балаларына аса қамқоршы деп атауға болады. Олардың мұндай қамқорлығы басқалардан аса ерекше. Ал мұн¬дай процесті түсіну қиын. Тіпті бір қарағанда сұмдық болып көрінуі мүмкін. Өйт¬кені аналық бақа икрасын шашысымен оны қайта жинап алып, жұтатын көрінеді.Сосын шамамен бір жарым ай бақаның қарны шырын сөгін шығармайды. Әрі өзі тамақтанбайды. Сөйтіп, бар денесін инкубаторға айналдырып, қарнында ба¬лаларының өсу жағдайын жасайды. Сол балалары алты апта өткенде анала¬рының аузынан тірі әрі денсаулығы мықты күйінде сырт¬қа шығып, өз алдына тіршілік ете бастайды.
Жұлдыз
- Колумбия ормандарында ғылымға бұрын беймәлім болып келген оншақты қосмекенді табылды, олардың ішінде тікенді қызыл-сары түсті бақа мен оған ұқсас тағы үш улы бақа бар жаңа қосмекенділердің қатарында терілерінің жұқалығы соншалық, тері арқылы жәндіктің ішкі органдары көрініп тұратын «шыны бақалар» да бар.
« Жорғалаушыла» тобы
Арай
«Бізде әдетте ем ретінде май жыланды пайдаланады Оны ел арасында «көлбар жылан», «сары жылан» деп те атайды. Негізі түрлі аурулар¬ға шұбар жылан мен қарашұбар жыланды да пайдалана беруге болады.
Жыланнан сорпа жасап іш¬кенде адамға шығатын бөртпе, безеу¬лердің жоқ болып кететінін, ет пен терінің арасындағы құрттар жойылатынын және кез-келген жараның тез жазылатынын
Танир
Кесірткелер – ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жеп, негізінен, пайда келтіретін жануарлар Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдарын, әсіре- се сорпасын ішіп, жегенде асқазан шырыны көп бөлініп, тамақ жақсы қорытылады.
Аружан
Жыландардың ішіндегі кароль жыланы улы емес.Ол өте сирек кездеседі. Ол өзінің қорегін түнде ғана аулайды. Ал, күндіз тастың астында салқындар жатады.
«Балықтар» тобы
Абылай
Ең алғаш балықтар бұдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Балықтың түрлері өте көп. Ең үлкен балық –кит. Оның үлкендігі сондай, тіпті аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей. Ал, ең кіші балық Гоби деп аталады. Балықтардың сыртқы пішіндері әртүрлі.
Дарина
Балықтың пайдасы көздің көруіне , қант ауруларына, асқорту жүйесіне пайдасы өте зор.
8. Сергіту сәті
9. «Орынын тап !» ойыны
Бұл ойынға үш топқа кестелер және суреттер беріледі. Осы кестеге өзінің топтарына жататын жануарларды тауып жапсыру.
10. Қорытынды
Оқушыларға үш түсті бақалар ( қызыл, сары және жасыл) таратылады. Тақтаға әр оқушыға сабақ түсінікті болса жасыл бақаны орналастырады. Сабақ түсініксіз болса сары бақаны орналастырады. Ал, сабақ қызықты, тағыда білгісі келгендер қызыл бақаны орналастырады.
11. Бағалау
Үш топтың ішіндегі «Қосмекенділер» тобы өте жақсы қатысты. Қалған екі топ жақсы.

ID: 9813 | Просмотров: 4106