Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Бала Мәншүк

Бала Мәншүк

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Бала Мәншүк

Сабақтың тақырыбы: «Бала Мәншүк»

                                           М.Хакімжанова

Сабақтың мақсаты:    1. Оқушыларды қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдету.

                                        2.Оқушыларды ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандару.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

                                        3.Жас ұрпақты елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:           Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі:           Әңгімелеу,сұрақ жауап, мәнерлеп оқу, топтастыру, көрнекіліктер.

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия  Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар,карта.

Сабақтың барысы:  

  І. Ұйымдастыру кезеңі

 а) Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Шығыс шынары» мәтінінің мазмұны

ә) Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жатттау.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
  • Әлия Молдағұлова
  • «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік
  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

ІV топ: Өжет

ІV. Жаңа сабақ.

-Ә.Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?

 

  1. ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды

«Білемін» бөлігін топтастырады.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

 

 

 

  1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
  • Мәншүк туралы не білгілерің келеді?

«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?

 

 

  1. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
  2. Автормен таныстыру.

М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

5. Мәншүк туралы слайд арқылы мағлұмат беру.

М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:

Оқушыларға  оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.

І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ  бөлім. «Мәнсияның жанама аты»

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап,түсінігін бір-біріне айтады. Әр топқа 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші нөмірлер бір жерге, 2-ші нөмірлер екінші жерге т.с.с. жиналады. Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топта айтып береді. Сонда тұтас  мәтін мазмұны толық түсінікті болады.

  1. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата

ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.

ІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
  2. Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.
  3. Сын есім. Қандай? –ержүрек, батыр, өжет.
  4. Синоним. Мәншүк-Мәнсия
  5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.

 

IV топқа. «Мәншүк туралы естелік» оқып көрініс көрсету.

 

Қорытынды:

1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?

 

  1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.
  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.
  3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.

 

2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

 

Үйге тапсырма:

  1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
  2. Батырлық, ерлік туралы мақал жаттау.

Бағалау: Оқушы білімін бағалау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (17.01.2015)
Көрсетілім: 1349 | Ілмек сөздер: бала, Мәншүк. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5928
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 25
Қонақтар: 25
Тіркелгендер: 0