Баяндауыш.
Баяндауыш.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.
Сабақтың мақсаты: 1.Ойлау қабілетін дамыта отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы Сын тұрғысынан ойлау,шығармашылық,тіл байлығын дамыту. 2.Баяндауыш туралы алған білімін,білік дағдыларын іс жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Топта өз ойларын ортаға салу, пікірлесу.
3. Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге,бірінің пікірін бірі зер сала тыңдауға, құрметтеуге, әдепті батыл сөйлеуге,дәптерді ұқыпты ұстай отырып, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік,талдау, салыстыру,жинақтау, ізденушілік.
Сабақтың принциптері: Біртұтастық, жүйелілік,белсенділік, саналылық.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті мәтін, сөзжұмбақ, кеспе сөздер, ойын түрлері.
Сабақтың барысы: 1.Қызығушылықты ояту.
Суретті мәтінмен жұмыс. Суреттердің орнына сөз қойып, мәтінді дұрыстап оқу.
Мәтін.
Мына бала –Болат. Балалар оны ЗООПАРК БОЛАТ деп атайды. Неге?
Мектепте үзіліс кезінде ол—Әтеш боп қоқиланып жүреді.Сабақта тақта алдында балық боп мыңқ етпей тұрады. Ал үйінде әжесіне Арыстан боп ақырады. Қарындасына қолтырауын боп тісін ақситады. Папасының алдында қоян боп қалтырайды. Мамасының алдында түлкі боп бұлаңдайды. Себебі мамасы оған ойыншықтар сатып әпереді.
ТАПСЫРМА:
Болат қандай бала деп ойлайсыңдар? Мінездеме беріңдер.
Болаттың қылығы дұрыс па? Өз ойларыңды айтыңдар.
Мәтіннен етістіктердің астын сызыңдар және оларға сұрақ қойыңдар.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Бастауыш дегеніміз не?
Кім?НЕ? сұрақтары зат есімге де қойылады. Ендеше баяндауыш зат есім тұлғасында айтылады.
3.Жаңа сабақ. Бүгінгі жаңа сабағымыз Баяндауыш. Кез келген сөйлем бастауыш, баяндауышсыз жасалынбайды. Бастауыш сөйлем басында кездессе,баяндауыш сөйлем соңында аяқталған ойды білдіріп тұрады.
- Ереже. Бастауыштың ісін, қимылын, білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап береді.
Бастауыш _____________ Баяндауыш =============
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Д д доп дала қада дастархан дәріхана
Терме диктант.
Жылайды, жазып жүр, түсінді, жапты, тазалап тұрмын, құшақтады.
Тапсырмасы: Дара етістіктерді теріп жаз.
Оқулықпен жұмыс.
160-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
СЕРГІТУ СӘТІ
161-жаттығу. « Жоғалған сөз» ойыны. Суретті ілу арқылы әр топ 2 сөйлемнен жазады.
Жүзеді ұшады оқиды
жанады тігеді жауады
Ойын.
Баяндауыш сөзінен баспалдақ құру. Осы әріптерден басталатын сөз ойлап, тор көздерді толтыру. Кім тез баспалдақты құрап шықса, сол жеңіске жетеді.
Б |
|
|
|||||||
А |
|
|
|
||||||
Я |
|
|
|
|
|||||
Н |
|
|
|
|
|
||||
Д |
|
|
|
|
|
|
|||
А |
|
|
|
|
|
|
|
||
У |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ш |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
161-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Көп нүктенің орнына бастауыш туралы не айтылғанын білдіретін сөздерді қойып жазу.
--Бұлт қайтті? --Бұлт
--Жел қайтті? -Жел
--Күн қайтті? -Күн
Сабақты қорытындылау: Ойын. «Жалғасын тап» 1-бағанда сөйлемнің басы берілген, 2-бағаннан жалғасын тауып, дұрыс сөйлем құрап жазу керек.
Оқысаң ----------------- сусын ішесің
Аяғың ауырса -------------- күн жылынады
Көп ұйықтасаң ------------- қолыңмен сүртпе
Шөлдесеңіз ----------------- басың ауырады
Көзің ауырса ------------- көп жүрме
Жаз шықса ----------- түсінесің.
Бүгін сабақта не өттік? Не үйрендіңдер?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз не?
Олар сөйлемде қандай қызмет атқарады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 163-жаттығу. Ереже жаттау.
ID: 6767 | Просмотров: 2633