Қазақ тілі – туған тілім

Қазақ тілі – туған тілім

Пән аты: Қазақ тілі

Сыныбы: 1

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту.
  2. Дамытушылық. Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу т.б

Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен сәлемдесу, түгендеу.

Кітап, дәптерлерін түгендеу.

Психологиялық көңір күй туғызу.

Бір – біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

ІІ.  Білімдерін тексеру.

  • Балалар өткен сабақта біз не туралы әңгімеледік?
  • Сөйлеу не үшін қажет?
  • Сөйлеу кімге ғана тән?
  • Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
  • Сөз туралы қандай мақал білеміз?

ІІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Балалар бүгінгі сабақта тіл туралы өлеңмен танысамыз.

ІV. Жаңа материалды меңгерту.

Мәтінмен жұмыс.

  1. Кіріспе әңгіме
  2. Мәнерлеп оқып беремін
  3. Оқушыларға тізбектеп оқытамын
  4. Өлеңнің мазмұнына қатысты сұрақтар:
  • Өлең не туралы?
  • Мемлекетіміздің ұлттық тілі қай тіл?
  • Өз ана тілің туралы не білесің?

Сөздікпен жұмыс

Тірлік –

Іс – әрекет –

Айғақ –

Дәлел –

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды жиайық.

6 – жаттығу. «Кітапхана» тақырыбында ойын ретінде орындалады.

7 – жаттығу.  Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне берілген суреттегі адамның көңіл күйін анықтайды және адамға сөйлеудің тигізетін әсері туралы әңгімелеп береді.

  1. Білімдерін тексеру.

№1 жұмыс дәптерімен жұмыс.

VІ. Сабақты бекіту.  Оқушылардан тест алынады.

  1. Тілге байланысты мақалдың астын сыз.

А) Кітап – алтын қазына.

Б) Тіл тас жарады, тас жармаса  бас жарады.

  1. «Туған тілім» қандай ағына береді?

А) Елім, жерім       Ә) Ана тілі       Б) Сөйлеу мүшелері

  1. Сөйлеу үшін қажетті мүше.

А) тіл                Ә) қол                Б) кітап

VІІ. Үйге тапсырма беру. 6 – 8 беттер оқу, өлеңді жаттау, 8 – жаттығу.

Бағалау.

 

Автор: Ербекеева Айжан Бақыткалиевна

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылы Балтабай орта мектебі

18
Декабрь
0
2011
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.