Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ сахарасының жұлдыздары

Қазақ сахарасының жұлдыздары

Қазақ сахарасының жұлдыздары

Модульдік сабақ

Тақырыбы: Қазақ сахарасының жұлдыздары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, алған білімді жинақтау, батырлыққа, ерлікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сөздіктер кітапшалары және мақал-мәтел кітапшалары, модульдік кесте, жеке сөздер (қазақ, сахара, жұлдыздар), ақын-жазушылардың суреттері, «Педагогика тағылымы» кітабынан Абайдың аталы сөздері, интерактивтік тақта, слайдтар.

Сабақтың түрі: модульдік (қайталау) сабағы

Әдіс: ұжымдык, топпен, оқыту әдісі

                               

                     Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

            1-2 минут керекті құралдарын, орындарын тексеру.

Психологиялық дайындығы:

Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге 9 сұраққа жауап іздеу беріледі. Сұрақтарды 4 топқа бөліп қоямын. Әр топ өзінше жауапты ауызша береді. Бағалаушы бағалау парағымен бағалап отырады. Слайд

Сұрақтар:

-19 ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінен шыққан қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

-Абай кім? Ыбырай кім? Шоқан кім болған?

-олардың халқына сіңірген еңбегі?

-Шоқан қай жерде, қай қалада оқыған?

-Ыбырай қай жерде оқыған?

-Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Абай қай жерде оқыған?

-Мектеп ашқан адам?

Тақырып бойынша жұмыс:Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Сөздік жұмысы:

Әр топқа бір-бір сөзден беріп, оған қорытынды немесе ереже шығару. Слайд

1 топ: «қазақ»

2 топ: «сахара»

3 топ: «жұлдыздар»

4 топ: сөз тіркесі

«Қазақ сахарасының жұлдыздары»

Бір оқушы әр топтан жауап беріп отырады

1 топ

 

қазақ

Қазіргі кезде:                                          Қазақ

                                        

Ереже: Қазақ дегеніміз - өзінің ұлты, тілі, мәдениеті, жері мен шежіресі бар халық.

2 топ:

                      

Ауасы ыстық

Ұшы – қиыры жоқ меңіреу дала

Шөл жер

Ереже: Сахара дегеніміз – ұшы-қиыры жоқ, ауасы ыстық, әр шөлді қазақ халқының жайлаған жері

3 топ:

Көзі ашық адамдар

Аспандағы дене

Ереже: Жұлдыздар – аспандағы жарық жұлдыздай оқыған, білімді, көзі ашық адамдар.

4 топ:

Ереже: Қазақ сахарасының жұлдыздары дегеніміз – қазақ халқының ұшы-қиыры жоқ жерінен шыққан, тарихи шежіресі бар, жарық сәулелі, оқыған, білімді адамдар.

Слайд. Абай, Ыбырай, Шоқан

 

Тапсырма: Әр топ осы ақын-жазушыларға байланысты кітаптан жазылған әңгімелердің мазмұнын айтуға жаттығады:

 

1 топ: Шоқан Уәлихановтың «Қырдың жас түлегі» әңгімесін оқып, әңгімені 5-ке бөліп, мазмұнын айтады.

2 топ: Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесін 4 бөлікке бөліп айтады.

3 топ: Абай Құнанбаев туралы жазылған «Әке арманы» тексін бөліп, мазмұнын айтады.

4 топ: «Педагогика тағылымы» деген кітаптан әр оқушы екі-екіден Абайдың даналы нақыл сөздерін тауып, дәптерлеріне көшіріп, оның түсіндірмесін дайындайды.

Сергіту сәті:

Ағылшын тілінде

Тақтамен жұмыс және дәптермен жұмыс:

 

«Қазақ сахарасының жұлдыздары»

 

Әлементтері

Шоқан

Ыбырай

Абай

Функциясы

Зерттеуші, саяхатшы,этнограф

Педагог, жазушы, инспектор

Ақын, жазушы, композитор, аудармашы

Байланысы

 

Функциясы

Халықты білімге шақыру, елінің тарихын зерттеу

Жүйе

Функциясы

Өз халқының ақыл-ой сезімін ояту, халықтың көзін ашу

Байланыс нормасы

Елінің заңдылықтары, орыстармен қатынас, оқу-білім заңдылығын сақтау

Байланыс әдісі

Зерттеу, саяхат жасау әдісі

Ұйымдастыру, оқытудың әдістері

Тәрбиелеу әдістері, үгіт-насихат

Нәтижесі

Елінің тарихын, салтын зерттеді

Мектеп салып балаларды оқытты, кітап жазды

Өлең, тақпақ, қара сөздер жазды, ел билеу ісіне араласты

 

Бұл таблицаны құрастыруда әр топтан 1 оқушы шығып кестенің екі жолын толтырады.

Бекіту: 

Сұрақтар:

  1. Шоқан кім?
  2. Ыбырай кім?
  3. Абай кім?
  4. Олардың халқына тигізген пайдасы?

Слайд:

Мақал: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (Абай) – осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

    Қорытынды:слайд

Оқушылар өздері сабақтане істегендерін, қандай нәтижеген жеткендерін айтады.

 Жаңа проблема туындады: Абайдан кейінгі жазушылар кімдер?

Үйге тапсырма:

Абайдан кейінгі қазақ даласынан шыққан ақындар мен жазушыларды іздестіруге, соның ішінде С.Торайғыров туралы мәліметтер жинау.

Бағалау: 

ID: 8265 | Просмотров: 2223