Сайт учителя начальных классов
.
Атымды адам қойған соң

Атымды адам қойған соң

Науырзым ауданы

Жамбыл орта мектебі

10 сынып оқушысы

Студент Жұпаргүл

«Атымды адам қойған соң...»

«Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын.

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын...», - деген Абай атамыз, ақымаққа арзан көрінгенмен, адамдыққа ие жандарға маржан болған дана сөздерінің бірінде. Бұл жалғанда адам, өзге тіршілік иелерінен әлде қайда жетілген. Адамды өзге тіршілік иелерімен салыстырғанда аралары жер мен көктей. Адам олардан ақылдылығымен, сөйлесу, ойлау, еңбек ету, сүю  қасиеттерімен ерекшеленеді. Жалпы адамдық белгісін айта берсең, таң атыруға болады. Адам армандай алады, алдына мақсат қоя алады. Және сол арман, мақсаттарының жолында күресіп, оларды жүзеге асыра  алады. Адамның ең бір ерешелеігі ол- жүрегі. Адам жүрегі адалдыққа, адамшылыққа, сүйіспеншілік пен махаббатқа толы болуы керек. Олар адамның адамдық қасиеттерінің ең негізігі тамырын қалаушылар болып саналады. Онымен қоса адамдар Отан, достар,отбасы, ата-ана мен туған ел атты құндылықтарға ие бола алады. Және сол құндылықтарын қорғап, сақтап, солар үшін өмір сүру құқығына ие. Міне, менің ойымша адамның адамшылығын осы нәрселерге қарап байқап, тануға болады. Алайда қазіргі заманда осы қасиеттердің баршасына ие жандар сиреп бара жатқан сияқты. Адамдылық пен азғындықты айыра алмай жүрген жандар жетерлік. Олар өздерін адамбыз деп санайды. Алайда олардың ісіне, ойлаған ойларына қарап адам екендігіне күмәндануға әбден болады. Адамның жүрегінде адамгершілік пен адалдық болса, олардың жүректерінде залымдық пен озбырлық жалындап тұр. Олардың істейтіндері өзінен озғанды көре алмау, қорғансызды қорлап, жақсыларды жамандық жолына итермелеу. Білгеннің тілін алмай, білген жанды мазақ қылып, келемеждеу. Бұларды былай қойғанда, кеуделерінде нан піскен бұл адамсымақтар жоғары айтып өткен құндылықтарды құрметтегеннің орнына, оларды жойып жіберуге дайын. Ол дегеніміз: өзін алқанында салып аялаған ата-анасын көшеге қуып, Отанына сатқындық жасап, отбасы деген ұғымды терористік ұйыммен шатастырып, достықты байлыққа алмастыруы. Мұндай сұмдықты көргенде оларды қалайша адам деп қабылдауға болады.

Адамдық белгісі ,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айныма,

Ар сақта соны біл,- деп Шәкәрім бабамыз босқа айтпаған. Адам болам деген жан, «Адал еңбек» деген ұғымды миына жақсылап түйген дұрыс. Өйткені адал еңбек етпеген тіршілік иесін «Паразиттер» деп атайды. Ол дегеніміз өзгенің есебінен өмір сүру. Бұл адамшылыққа жат дүние. Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:

Адам болам десеңіз,

Бес нәрсен қашық бол.

Бес нәрсеге асық бол,-деген. Яғни, асық бол талаптануға, еңбектенуге, қанағаттылыққа, рақымшылыққа және терең ойлай білуге. Таяз ойлайтын жандар бес қашық болатын нәрселерге жолығады. Олар: еріншектік, мал шашпақ, ойын және бостан босқа күлу. Адам осы жамандықтан алшақ болу керек. Жалпы ең біріншіден адамдар адам болам десе, жақсылық пен жамандықтың ара жігін айыра білгені жөн. Өйткені өмір тек жақсылықтан тұрмайды. Алайда, жақсылыққа жолықпадым деп жамандыққа бет бұрған жөн емес. Өзің өмір сүрген ортада жақсылық болмаса, сол жақсылықты өзің орнат. Міндетті түрде сені қолдайтын жандар болатынына сен.  Сонда сенің адамшылығың айқындалады. Өзгенің қиындыққа душар болғанын көрсең, оған қол ұшын бер. Сенің жанашырлығың байқалады. Егер жауларың аяқтан шалып қорласа, кек қайтарма, сен олардан айырмашылығыңды білесің. Қолын созған кедей-кепшікке, самайындағы ақ шашы бар қарияларға, жаны жаралы жалғызға көмек бер, жүрегіңнің пәктігі көрінеді. Ең бастысы өзіңнің адам екеніңді естен шығармай , бойыңдағы адамгшершілік қасиеті үшін күрес. Себебі, әлемді тербеткен ананың құрсағынана құндаққа түскенде адам боп туасың. Ал, адам болып туған соң адам болып өткен жөн.

Адам болдым анадан туған сәттен

Жаралғанмын  ананың ақ сүтінен

Бұл өмірде адам болып туғандықтан

Адам болып өтермін бұл өмірден. Адамдықтан айырылмаймын деген адам осы сөздерді естен шығармағаны жөн

ID: 5884 | Просмотров: 4012