Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.

Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.

Сабақтың тақырыбы: Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус

Мақсаты: а/. Білімдік мақсаты: Мәтінді оқу,талдау,негізгі ойды ашу.Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту.  ә/.дамытушылық мақсаты: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.  б/.тәрбиелік мақсаты: Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету.

Мейірімділікке,парасаттылыққа,адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену,зерттеу

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту

Әдістері:сұрақ-жауап,іздендіру,өзіндік жұмыс,талдау,пікірлесу,ой толғаныс , проблемалық

 

Көрнекілігі: нақыл сөздер,бейнеролик,сабақ мазмұнына сай дайындалған слайдтар

 

1.Ұйымдастыру  Сабақ жоспарымен таныстыру.Сабақ мақалдар желісі бойынша жүреді.

1.Жеті атасын білген ұл

   Жеті жұрттың қамын жер.         Өткен сабақты пысықтау.

 

2.Атадан-өсиет.                               Жаңа сабақ

 

3.Қарттарым-қазынам.                   Бейнешолу

 

4.Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер. Ой-тұжырым.

 

 

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Ұшқан ұя».Б.Момышұлы

Мазмұнын айту.

 

 Тапсырмалар беру.

1.Б.Момышұлы бала кезінде қандай болды?

2.Б.Момышұлы ержеткен кезінде қандай болды?

3.Б.Момышұлы кім?Ол жайында не білдіңдер?

 

Ой қорыту «Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер»

 

«Ол кім?» жұмбақтар шешу.

 

1.Айтары мол ғұлама,көп жасаған бұл адам.

  Әкесі ол көкеңнің, білер оны сұраған.  Ол кім? (ата)

 

2.Ол-өте мейірімді,ақ шашты.Дәмді тағамдар пісіреді,бізге жылы қолғап,шұлық тоқиды,ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Ол кім? (әже)

 

 3.Бала,бала,бала деп,түнде шошып оянған

    Түн ұйқысын төрт бөліп,түнде бесік таянған.(ана)

4.Ол-асқар тау.Атаңның баласы.Қабағын шытса «байқа,балам» дегені.

   Отбасын қорғаушы,асыраушы. Ол кім? (әке)

 

- Бұлардың барлығы нені құрайды?   -Отбасын.

-Отбасындағы ұл-қыз кімді құрметтеу керек?  -Ата-ананы.

 

3.Жаңа сабақ   Ата-ананы құрметтеу туралы.Кабуснама.Қайқаус

 

Күн ретін,тақырыпты жазу.

Енді сендер менен не білгілерің келеді?

Оқушылар сұрақтар қояды.

 

4. Кабуснама деген не?

5. Қайқаус деген кім?

«Қабуснама» — парсы тілінде 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дуниеге келедi.

Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi.Бұл кітапта адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейін не істеу керектігі,яғни дұрыс өмір сүру жолы жазылған.

Кабустың немересі Қайқаус та өз заманында көп жағдайдан хабары бар зилы еді.Табиғаттану мен музыкаға құштар болған.

Бұл кітап иран тілінен түрік, ұйғыр,неміс,өзбек,француз,орыс,ағылшын,қазақ,татар тілдеріне аударылды.Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған Тұрсынәлі Айнабеков.

 

Электронды оқулықпен жұмыс.  Мәтін желісін тыңдау.  Оқулықтан жүргізіп отыру.  

1..Оқулықтан оқу.

2.Сөздік жұмысы

  

   Перзент –бала

   Парасат –сана,ақыл-ой

   Қаяу –реніш

 

 3. Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,әр бөліктің шегін тауып оқу.(слайдтан)

1.      Ата-ананы құрметтеу

2.      Ата-анаңды ешқашан режітуші болма

3.      Сен ата-анаңа не істесең,саған перзентің де соны жасайды.

 

Ой қозғау.

Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық?

4.   Бейнеролик  «Болмыс»

Сен ата-анаңды қалай құрметтейсің?

Оқушы ой-толғаныстары.Дәптермен жұмыс

 

 

 

5. Шығармашылық тапсырма.

 

Мақал айту.Ата-ана,бала туралы

Сәйкестендіру тест

Анаға қарап қыз өсер                                    Алдыңа сол келер

Ата –бәйтерек                                                Әкеге қарап ұл өсер

Атаңа не істесең                                            Бала-жапырақ

 

 Ата-анаңды неге теңейсің?  (Теңеу сөздер жазу)

 

Аяулы анам ….

Қадірлі әкем…..

Әлпештеген әжем ….

Еркелеткен атам ….

6. Қорытындылау  Слайд сұрағына жауап беру.

 

7. Үйге : Мәтінді оқу. «Менің отбасым» шығарма

Оқушыларды бағалау

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 1595 | Ілмек сөздер: туралы, құрметтеу, Ата-ананы, Қайқаус. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 62
Қонақтар: 62
Тіркелгендер: 0