Ат пен Есек

Ат пен Есек

Тақырыбы: Ат пен Есек. Иван Крылов (Аударған Ыбырай Алтынсарин)

Мақсаты: Оқушыны Иван Крыловтың «Ат пен есек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, досына уақтылы көмек көрсетпей, соңында өзі азап шеккен аттың мүшкіл хәлімен таныстыра отырып, баланы адамгершілікке тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: Блум таксономиясы, сыни тұрғыда ойлау стратегиялары:

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Топқа бөлу. (Мақал тақырыптары бойынша)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Оқиға қай жерде болған? Капитан не деп айғайлады? Екі бала не істеп жүр еді? Балалар ашық теңізде жүзіп жүрген кезде кемедегілер акуланы көріп қандай кійге түседі? Балалар қалай аман қалады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Акула қандай жануар? Сен оны көрдің бе? Ол жайлы не білесің? Егер сен сол екі баланың орнында болсаң не істер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

І. Білу

Автор туралы дерек. (слайд)

Ат, есек деген жануарларды көргенің бар ма? Олар қандай жануарлар? Адамға қандай пайдасы бар?

Мысал деген не?

ІІ. Түсіну

«Ат пен есек» мысалы арқылы автор сендерге нені үйреткісі келді екен? Соны тыңдаңдар?

Мысалды оқып беру.

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқыту. (2 жолдан)

Қай кейіпкерге риза емессіңдер? Көңіл-күйлерің қалай өзгерді? Қандай сезімде отырсыңдар?

ІІІ. Қолдану

-Есек атқа қандай өтініш айтты?

Өлеңді қарасөзбен әңгімелеп беріңдер. Өлең ұйқасының сызбасын көрсетіп беріңдер. «Ат пен есек» мысалы арқылы автор сендерге нені үйреткісі келді?

ІV. Талдау

1-деңгей. Мысал мазмұнына сай келетін мақалдар жаз. (1 ұпай)

2-деңгей. Бөлімдерге бөліп әр бөлімге ат қой. (2 ұпай)

3-деңгей. Осыған ұқсас мысалмен салыстыр. (3 ұпай)

V. Жинақтау

1. «Болжау» стратегиясы

Аттың ендігі жағдайы

2. «Автор орындығы» стратегиясы

«Аттың үндеуі» тақырыбында шағын эссе жазады.

3. «Кейіпкерге хат» стратегиясы

Атқа хат жазу.

4. «Кейіпкерге хат» стратегиясы

Ат пен есек иесіне хат жазу.

VІБағалау

Мен қандай ой түйдім?

Шағын эссе жазады.

Кері байланыс.

Топ басшысы берілген критерийлер бойынша бағалайды.

Критерийлер: 1. Мәтінді оқуы

2. Сұрақтарға жауап беруі

3. Деңгейлік тапсырма

4. Топпен жұмысқа қатысуы

5. Ой түйіндеуі

Автор: Раимбекова Әсем Шотбасқызы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы Қалалық қазақ мектеп-лицейі

18
Декабрь
0
2108

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.