Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Бастауыш сынып

Қанағат қарын тойғызар

Қанағат қарын тойғызар

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Қанағат қарын тойғызар

Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар (ел аузынан).

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тақырыптың идеясын ашу, білімдерін   

                                        қалыптастыру.

                                       2. Оқушыларды кішіпейіл,қарапайым, қанағатшыл,

                                         шыдамды болуға үйрету,адамгершілік тәрбиесіне баулу.

                               3. Оқушылардың өтілген сабақ пен жаңа сабақты

                                байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін

                                дамыту.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері:  ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу

ә) Сынып тазалығын тексеру

б) Оқушыларды түгендеу

в) Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу

г) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөлу. Қабырғаға ара, құмырсқа, көбелектің суреттері бар эмблемаларды іліп, сосын сол суреттегі бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап, жақсы көретін насекомдардың жанына келіп тұрады. Оларды үш топқа бөліп, сұрақ қою.

  • Неге бұл насекомды таңдадың?
  • Ол несімен ұнайды?

І топ – “Құмырсқа”.

ІІ топ – “Көбелек”.

ІІІ топ – “Ара”.

- Енді, балалар, осы 3 топтан қосып тағы 4-топ құрамыз.

Балаларға кеуделеріне суреті бар эмблеманы, топқа бөлінген соң өздері тағады. Балалар 4 топқа бөлініп, жаңадан орын алып отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы тексеріледі. Үйге Ғ.Қайырбековтың “Комбайншы” өлеңі жаттауға берілген. Сонан соң егіс даласы, нан түрлері, дақыл, астық түрлері туралы сурет салу берілген. Өлеңді жатқа сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

 Оқушылар өлеңді айтып болған соң, өздері салған сурет бойынша әңгімелейді, 5-6 оқушы мақал-мәтел, жұмбақтар айтады да, үй тапсырмасын бекітеміз

ІV. Мақсат қою кезеңі

- Балалар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын сендерге  жұмбақ жасырамын.

Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,

Күнінде бір отырмас дамыл алып.

Өзінен ауыр жүкті көтереді.

Үйінде жатып жейді рахаттанып.

(Құмырсқа).

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

(Құмырсқа).

  • Дұрыс айтасындар, балалар! Олай болса, бүгінгі сабағымызда біз “Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты тәрбиелік мәні бар мәтінме танысамыз.

V. Жаңа материалды меңгерту

- «Қанағат қарын тойғызар» атты әңгіменің белгілі бір авторы жоқ, бір кездерді оны бір адам шығарып, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берді де, оның нағыз авторы ұмыт қалды. Сондықтан, әңгіменің авторы ел аузынан деп берілген.

Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұрау. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?

Ой қозғау.

  • аз демеу керек
  • жоққа шыдау керек
  • ең асыл қасиет
  • қанағат қарын тойғызады т.б.

а) Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқу.

ә) Ұнаған, ұнамағанын сұрай отырып, өздеріне диалог бойынша рольге бөліп,

 кезекпен оқыту.

б) Сөздік жұмысын жүргізу.

Топпен жұмыс:

І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?

ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру.

ІІІ топтың сұрағы: Бір жыл өткен соң не болды? Құмырсқа дәнді неге

                                үнемдеді?

ІV топтың сұрағы: Құмырсқа болсаң не істер едің? Ол сендерге ұнай ма?

                                 Неге?

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру

Оқушылардың алдыңғы сабақтарда өткен «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы мен бүгінгі «Қанағат қарын тойғызар» өлеңі бойынша салыстыру кестесін құрамыз. Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады.

 

Салыстыру кестесі

 

1.

Мысалдың аты,

тақырыбы

Шегіртке мен

құмырсқа

Қанағат қарын тойғызар

2.

Авторы

Крылов (Абай аударған)

Ел аузынан

3.

Оқиға орны

Егіс даласында

Бақ ішінде

4.

Кейіпкерлер

Шегіртке мен құмырсқа

Оқымысты мен құмырсқа

5.

Құмырсқа қандай?

Біреу, еңбекқор, қарапайым, үйі бар, дән жинайды

Құмырсқа біреу және көп дән жинады, күзетті, інін кеңейтеді

6.

Мазмұны, идеясы қандай?

Қарапайым, еңбекқор болу керек

Ақылды, шыдамды, қанағатшыл болуы керек

 

VІІ. Сабақты қорыту.

 - Осы І, ІІ тақырып бізді неге тәрбиелейді?

  1. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
  2. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.

VІІІ. Үйге тапсырма:

Стратегиялар: бес жолды өлең жазып келу.

Мәтінді әңгімелеу.

Бағалау. 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Бастауыш сынып | Қосты: Redaktor (25.01.2015)
Көрсетілім: 1185 | Ілмек сөздер: тойғызар., қарын, Қанағат | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 21
Қонақтар: 21
Тіркелгендер: 0