Сайт учителя начальных классов
.
Алматы. Тасымал.

Алматы. Тасымал.

Сабақтың тақырыбы: Алматы. Тасымал.

Сабақтың мақсаты:а) мәнерлеп оқуға баулу, Алматы қаласы туралы мәлімет беру. 
ә) тұжырым жасауға, пікір айтуға дағдыландыру,сөйлемді жан-жақты талдай білуге үндетіп жаттықтыру.
б) еңбеққорлыққа,адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:сатылай кешенді талдау технологиясын меңгерту.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөз талдау, ойын, әңгімелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа арналған слайд
Пәнаралық байланыс: дүниетану,өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл –кеңес тыңдау үшін!(өте жақсы)
 
II.Үй тапсырмасын текскру.
1.Өлеңді  тізбектей оқыту.
2.Сұрақтарға жауап алу.
Отанымыздың елордасы қалай аталады? (Астана)
Астана –қай республиканың бас қаласы?
Астана тұрғындары кімдер?(Астаналықтар)
III.Жаңа тақырып.
1.Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
2.Оқушыларға оқыту.
3.Сөздік жұмыс.
Көмкеріп жатыр- ажарландырып тұр.
Шың-таудың ұшар басы,биікжері.
Апорт-алманың  сорты
 
4.Мазмұнына байланысты сұрақтар қою.Сұрақтарға жауапты оқушылар оқулықтан тауып оқиды.
Әңгімеде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Алматы қандай тау баурайында орналасқан?(Алатау) 
Алманың қандай сорты бар?(Апорт)
Жаздың жайлы кеші қандай?
 
5. Қосымша мәлімет
Алматының орналасқан жері – ежелгі елді мекен. Мұнда біздің жыл санауымыздан бұрынғы бағзы заманның өзінде қыстаулар болған.Сонымен қатар бұл аймақ көшпелі тайпалардың  жаз жайлауына айналған, ал отырықшы халық қол өнеркәсібі мен сауданы өрбіткен.Орта Азия мен Қытай арасындағы сауда жолының бір тармағы осы арадан өткен. Орта ғасырда және одан едәуір  кейін мұндағы қыстақтар аты бірте-бірте Алмату, Алматау, Алмалы, Алматы болып өзгеріп отырған. Бұл атаулар «алма» сөзінен басталуы Алатау етегінде табиғи жабайы алманың орасан көп өсуіне орай шыққан.  
 Бұл жөнінде  Шапырашты  Қазыбек бидің «Түп-тұқияннан өзіме дейін» атты тарихи құнды кітабында жақсы баяндалған. Әлемге әйгілі апорт тұқымы ғалымдардың өзге тұқымдарды жергілікті жабайы алмалармен будандастырудың нәтижесінде алынған.
 
IV. Тақтада жұмыс.
Апорт – бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай-
                 жуан буынды сөз.Себебі,сөздің құрамындағы дауысты              
                 дыбыстар жуан  дауыстылар. 
Апорт сөзін буынға бөліп жаздырту.
Сөз буынға бөлінеді.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.
А-ашық буын.Себебі буын бір дауысты дыбыстан тұр.(    )
 порт- бітеу буын.Себебі буын дауыссыз  дыбыстан басталып,дауыссыз  дыбысқа  аяқталады тұр.( )
 
Тасымал-жазу жолында сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис)қойылады.           
А-портбұл  сөзі : екі буыннан тұрғанымен  тасымалдан-      
 байды  Себебі, жалғыз дауысты дыбысты жолдың
 екінші  жағына қалдырып кетуге болмайды. 
 
V. Алматы фонологиялық (буын түрлеріне қарай) талдау жасау.
1.Алматы- бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай-
                 жуан буынды сөз.Себебі,сөздің құрамындағы дауысты              
                 дыбыстар жуан  дауыстылар. 
2.Бұл сөз Ал-ма-ты болып үш буынға  бөлінеді.         
              Себебі сөздің құрамында үш  дауысты дыбыс бар.
–Ал буыны тұйық буын.Себебі, буын дауысты   
               дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа   
              аяқталып тұр.(           )
-  ма,-ты буындары ашық  буындар.Себебі,  буын             
              дауыссыз  дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа              аяқталып   тұр.  (            )   
3.             Ал-бұл сөз: екі жағдайда тасымалданады.Себебі, сөз үш 
                    ма-             буыннан  т ұр  немесе сөз буын жігіне сәйкес 
                    ты              тасымалданған.
 
 
VI.Сергіту сәті.
- Балалар, алақандарынан не сезесіңдер?
- Жылулық.
- Сол жылулық қайдан шығады?
- Жылу жүректен қандай сезімдер шығады?(Мейірімділік, қайырымдылық, бауырмалшылдық т.б.)
 
VII.Дәптермен жұмыс.
VIII.қулықпен жұмыс. 94-жаттығу.
IX.Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.93-жаттығу.
X.Қорытынды.
XI.Бағалау.
 
2012-2013 оқу жылы бойынша  ––––––сыныбының ––––––– тоқсандағы
 үлгерімі жөніндегі ЕСЕБі 
Сынып жетекшінің  аты – жөні –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
 Тоқсан басында оқушылар саны ––– адам; соның ішінде –– ер бала; –––  қыз бала;–––– бал  ағылшын тілін оқиды.
Келген оқушылар:––––––– адам; қызы–––––
 
 
(оқушының аты-жөні, бұйрықтың №, шығу күні)
Кеткен оқушылар ––––––––––––– адам; қызы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––(оқушының аты-жөні, бұйрықтың №, шығу күні)
Тоқсан аяғындағы оқушылар саны:––––––––––––– адам; қызы–––––
«5»-ке үлгереді/қызы «4» пен «5»-ке үлгереді/қызы бір«4» пен, «4»-пен үлгереді/қызы бір«3» пен, «3»-пен үлгереді/қызы
 

ID: 467 | Просмотров: 2349