Сайт учителя начальных классов
.
Қайталау.

Қайталау.

 Қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы

                  білгендерін тереңдету. Сөйлем ішінен

                  септелген зат есімді таба білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың сөз қорын көбейту.

                               Ой өрісін, қиялын, тілін дамыту.

                               Шығармашылық қабілеттерін

                               арттыру. Септік туралы теориялық

                               және практикалық білімдерін

                               шыңдау.

Тәрбиелік:Балаларды еңбексүйгіштігіне, еңбек

                     адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі аралас сабақ.

Сабақтың типі:Қайталау.

Сабақтың әдісі:Баяндау.

Сабақтың көрнекілігі:Үйлердің макеті, топтамалар,

                                           оқулық, ертегі мәтіні.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

                                  Балалар назарын сабаққа аудару

  1. Негізгі бөлім.

                           1. Қазақ тіліне тағзым.

                                  2. Сабаққа психологиялық дайындық.

                                  3. Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар енді бүгінгі сабағымыздың шымылдырығын ашу үшін өткен сабақты пысықтап, ережелерді қайталап еске түсірейік.

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

Мысал келтір.

  1. Қыстырма сөз дегеніміз не?

Мысал келтір.

  1. Біріккен сөз дегеніміз не?
  2. Қос сөздер дегеніміз не?

 2 – 3 оқушыға зат есімдерді септеуді тапсырамын.

Осылайша өткен сабақ қорытындыланды.

3. Жаттығу жұмыстарын орындау.

Ертеде белгісіз ауылда Септік атай өмір сүреді. Оның 7 ұлы болыпты. Септік атй қартайып ұлдарын шақырып алыпты:

-         Мен қартайдым, енді сендердің еңбек еткендеріңді, бір-бір үй болып отау тіккендеріңді көргім келеді. Сондықтан бүгіннен бастап еңбек етуге қалаға, ауылға шығыңдар деп тапсырма беріпті. Ұлдары артынып-тартынып жолға шығып кетеді. Бірнеше айдан соң балалары еңбек етіп, жүздері бал-бұл жанып, денелері шынығып, үлкен табыспен келеді.

  Ал, олардың қандай табыспен оралғандарын білу үшін оқулықпен жұмыс жасайық.

  Алдымен Атаудың және Іліктің әкелген табысын білейік, ол үшін 380-жаттығу өлеңді мәнерлетіп оқытып мазмұнына талдау жасау, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап, оның қай септікте тұрғанын анықтау. Осыдан соң сөздер ашылады.

Атау: “Еңбек - ер атандырады ата” – десе, Ілік: “Еңбектің наны тәтті екен” – депті. “Жарайсыңдар, міне сендердің отауларың” – деп еншілерін беріпті.

Ал Барыс пен Табыстың қандай сыйлықпен келгенін білу үшін 351-жаттығуды орындайық.

Шартын түсіндіріп, орындауды тапсырамын.

Гүлзатқа бару        жіпке байлау             ауылды көру

Гүлзатпен бару     жіппен байлау           ауылын көру

Қолын жуу            әнді айту

Қолымен жуу        әнімен айту

Барыс: “Еңбек еткен озады ата” – десе, Табыс: “Еңбекті сүй, қор болмайсың” – дейді.

“Жақсы балаларым” – деп, Септік ата риза болып, оларды да бір-бір отау етеді.

Енді, Жатыс пен Шығыстың не әкелгенін білу үшін, Жатыс: “Табыс кілті - еңбекте” – десе, Шығыс: “Еңбектен бақыт табарсың” – деп, өзінің бақытты екенін айтады. Ұлдарына риза болған атасы оларды да бір-бір үй қылады.

 Көмектес ұзақ уақыт кешігеді. Ең кіші ұлы келем дегенше біз 353-жаттығуды ауызша орындайық.

 желіммен, қағазбен, қауғамен.

 Міне, кеудесі орденге, медальға толы Көмектес септігі келеді. Оның сыйлығы: “Еңбекпен ел көгереді” деген нақыл сөз екен.

Осылайша қарт балаларына риза болады. Ал, біз, еңбек деген сөзге назар аударайықшы, сұрағын қойып, септеліп тұрғанын назар аударту дәптерлеріне жазғызу.

Енді, бізде жаңа отау йелеріне өз сыйлығымызды беруіміз керек, қой, ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.

Септіктің сұрақтары мен жалғауларын сыйлық сыртына жазып, табу.

- Міне, біз бүгінгі сабағымызды аяқтап, үлкен ауылға “Септік ауылы” деген ат берейік.

 

  III. Қорытынды.

Үйге тапсырма: өздері қалаған сөзді септеу.

Бағалау жүргізіп, сабақты қорытындылап, аяқтау.

ID: 7033 | Просмотров: 2471