Абай Құнанбаев. Қыс.

Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев. Қыс.
Сабақтың мақсаты :
а/ Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
ә/Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б/Оқушыларды қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Абай суреті,слайд, қыс мезгілі слайд,
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: түсіндіру сұрақ-жауап,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлық.
«Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар.
Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тарауларға шолу жасау.
Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру
«Тұлғаны таны» оқыта үйрету ойыны.Оқушылырға суреттер таратылады. Оқушылар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, оның атына байланысты оқиғаларды естеріне түсіруі тиіс.
ІІІ.Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
-Бүгін біз, А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.
Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.
-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы жазған .Сол жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3.Іштей оқу.
Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
4.Сөздік жұмыс:
Домбығып - суықтан ісіп,қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
Сергіту сәті.
Қимыл қозғалыс жаттығуы.
6.Өлеңнің мазмұнын ашу.
Сұрақ-жауап.
1.Автор қысты кімге теңейді?
2.Шалдың киімдері қандай?
3.Киім деп отырғаны не?
4.Малшы туралы не делінген?
5.Балалар туралы не делінген?
6.Қыс несімен көңілді?
7. Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларға « Қыс» тақырыбына өлең шығарту.
8 «Қар» сөзіне жұмбақ құрау:
Неге ұқсайды? Өзгешелігі неде?.
9 . Өздік жұмыс:
Қыс маған ұнайды. Қыс маған ұнамайды.
Оқушылар қыс мезгілін сипаттап жазады.
Тауып оқу.
-Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып оқиды?
-Малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?
Балалар туралы айтылған тұсты кім тауып оқы.
8. Сурет бойынша әңгіме құрау. Слайд
Ү Сабақты қорыту.
ҮІ.Үйге тапсырма.
«Қыс» өлеңін жаттау.
«Қыс» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Автор: Алиева Эльмира Скендірқызы

Жамбыл обл, Талас ауданы Талапты ауылы Талапты о/м

18
Декабрь
0
1678

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.