Сайт учителя начальных классов
.
Қағаздан аппликация  арқылы тақия жасау.

Қағаздан аппликация арқылы тақия жасау.

Қағаздан аппликация  арқылы тақия жасау.                                           

Сабақтың тақырыбы : Қағаздан аппликация  арқылы тақия жасау

Сабақтың мақсаты: 1 Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қағаздан аппликация  арқылы тақия мен сәукеле  жасау. Желіммен жұмыс істеуге үйрету.

2 Қауіпсіздік ережесін сақтау. Саусақ машықтарын дамыту.

3 Ұлттық сана сезімін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, еңбексүйгіштікке баулу

Сабақтың мазмұны:

Арайланып таң атты

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы күн балалар

Қайырлы күн апайлар.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • Балалар сабақ ты қандай көңіл – күймен бастайық:

 

                                 Happy                        angry

  • Ендеше сабағымызды жақсы, қуанышты көңіл күймен бастайық!!!

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Топқа бөлу.

ІІІ Өткенді қайталау. Жалпы өткен сабақта сендермен бірге ұлттық киімдер, олардың түрлерімен танысқан болатынбыз. Ендеше есімізге түсірейікші,қазақтың ұлттық  киімдеріе не жатады

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Балалар сендер бүгін топқа бөлініп отырған соң, 4 топқа мынадай қоржындар дайындап әкелдім! Қане ағылшынша санайық неше қоржын? (оқушылар ағылшынша санайды) Қоржын 4 топқа таратылып беріледі.
  • Балалар сендердің қоржындарын қандай түсті?

Қане сөздіктерді қайталайық!

Көк -                   Жасыл –

Сары -                Қызыл –

Ал қоржынымызды ашу үшін бетіндегі тапсырманы орындайық, яғни берілген сөздерден мақал мәтел құра:

  1. Ердің атын еңбек шығарады.
  2. Еңбек түбі береке
  3. Жалқаудың жаны тәтті

            Еңбектің наны тәтті.

  1.  Ерінбей еңбек қыл,

          Жалықпай  өнер  біл.

 

Ендеше бүгінгі сабақта сендермен осы ұлтымыздың бас киімінің бірі сәукеле мен тақияны аппликация яғни жапсыру арқылы орындаймыз (қоржыннан дайын үлгілерді алып шығады)

 Балалар сәукеле  мен тақия туралы қосымша деректер айтады

Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді.

Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіл, ақ желек жабатындар да кездеседі.

Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияны жаз мезгілінде, күнделіктіге де киген. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Тақияны әр түрлі оюлармен өрнектеген, кейбір тақиялардың төбесіне үкіні де таққан.

  • Балалар бас киімге үкіні не үшін таққан деп ойлайсыңдар?
  • Жалпы үкіні көргендерін бар ма? Оны қайда таққан?

Сергіту сәті «Ағылшын әнін» орындау

Балалар сәукеле мен тақия кімдеге арналған бас киім? Ұл және қыз балаларға. Ендеше жаңа сөздер: ұл – a boy

                                                          Қыз -  a girl

  • Қажетті құралдарды сабақтың басында дайындап қойған едік
  • Қане, осы заттардың ағылшынша атауын қайталайық!

 

Сөздік жұмыс:

Қажетті құралдар:         Қайшы – scissors         Қарындаш - pencil

                               Қағаз - paper                 Желім – glue.

 

а) Желіммен жұмыс істеу ережесі. Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен байланыстыру, қосу үшін қажет Естерінде болсын:

1Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.

2Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.

3Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.

б) Еңбек қауірсіздік ережесімен таныстыру.

Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ    болуын қадағалаңдар.3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар. 

Практикалық бөлім: Тақия мен сәукеле аппликациясын жасау.

Жаңа сөздер жаттау:

ІҮ. Жаңа білімді бекіту

Ойын «yes»  «no» Шарты сөйлем дұрыс болса «yes», қате болса «no» деп жауап береміз.

  1. Сәукеле мен тақия қазақтың ұлттық бас киімдерінің бірі.
  2. Сәукелені ер балалар киген.
  3. Ұл ағылшын тілінде a boy, ал қыз a girl.
  4. Сәукеле мен тақияны түрлі ою-өрнектермен безендірген.
  5. Сендерге сабақ ұнады ма?

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта нені  жасап үйрендік?

ҮІ Бағалау орындаған жұмыстарын қоржынға салып, келесі топқа береді балалар өзіндік бағаларын қойып, алмастырады.

ID: 8741 | Просмотров: 3641