Жомарт күз

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін жетілдіру, түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.
Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін, күзгі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Табиғи материалдармен, дәнді дақылдардан шеберханада балалардың қол өнерлері.

Тәрбиелік: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Саяхат, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, өз-өздерін бағалау, іс-тәжірибиелік зерттеу.

Сабақтың түрі: Аралас. (Тіл дамыту, көркем әдебиет, қарапайым математика, валеология, ән-күй, мүсіндеу, жапсыру)

Көрнекіліктер: Күз суреттері, үн таспа, жапырақтар, жеміс-жидектер, көкөніс дақылдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер-ана!
Армысыз, шұғылалы алтын күн!
Армысыз, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос!

Алақандарының жылуы арқылы балалар бір-бірлеріне, туған жеріне жақсылықтар тілейді.
1. Қазақстан Республикасы туралы сұхбат.
2. Жыл мезгілдері туралы білімдерін сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
3. А. Құнанбаев: «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу.
4. Есік соғылып, хат тасушы «Күз патшайымынан» хат әкеледі.

Тәрбиеші: (хат оқиды) Құрметті №13 «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы №5 «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері сендерді «Күз бағыма» қонаққа шақырамын.
С/н: Күз ханшайымы
Балалар, бізді «Күзгі баққа» қонаққа шақырыпты, саяхатқа шығамыз ба?

Балалар: Ия!

Тәрбиеші: Ендеше, «Күзгі баққа» саяхаттап келейік. Саяхатта алдымыздан көптеген қызықты кездесулер, кедергілер болады. Ол кезде сендер өздеріңнің тапқыр да, білімді балалар екендеріңді көрсетулерің керек. Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия, дайынбыз!

Балалар «Алтын күз» әнін айтып, саяхатқа шығады.

І-аялдама: «Бидай егістігі»
(бидай қарсы алады)
А) көрініс: «Ақ бидай» ертегісі
Ә) «Ас атасы – нан» әңгіме сұхбат.
Б) Бидайдың тапсырмасы (мақал мәтелдер).

ІІ-аялдама: «Бақша»
А) бақташының тапсырмасы:
Ә) Жемістер мен көкөністерді ажырату.
Б) Жұмбақ жасыру

ІІІ-аялдама:
«Күз ханшайымы қарсы алады»
Тапсырма:
«1-ден 10-ға дейін тура және кері санау» (жапырақ жинау)

«Күз ханшайымы» балаларға ризашылығын білдіреді. (сыйлығын табыс етті)

Тәрбиеші: Балалар, «Күз ханшайымын» өзіміздің балабақшамыздағы шеберханамызға қонаққа шақырайық.

Бақшаға оралу.

Шеберханадағы балалардың жұмысы.
1. Наубайхана. (бауырсақты жаяды, кеседі)
2. Тосап жабу. Қияр, қызынақ жабу. (салат)
3. Шеберқолдар. (дәнді – дақылдармен жұмыс).
4. Наубайшылар «Күз ханшайымы» балалармен қоштасып, қонақтарға бауырсақ таратады.
Сабақты қорыту.

Автор: Валиева Бибигуль Дуйсенбеккызы

ОҚО Шымкент қаласы №13 "Ертөстік" бөбекжай-балабақшасы

18
Декабрь
0
1945
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.