Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Балабақша

Әжесі мен немересі

Әжесі мен немересі

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

                                                    Әжесі мен немересі

 Мақсаты :Бүлдіршіндерді ізгілікке,үлкенді сыйлап тыңдай білуге,құрметтеуге,халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға ,ой-өрісін дамыту,өнерге баули отырып инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер. Қоржын,асықтар,күйлер жазылған үн таспа.

Барысы: 

Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме,қонақтар,тәрбиешілер және бүлдіршіндер.Қош келдіңіздер!

                                   Аналарға сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,

                                    Әжені де ардақтап,әдеппен бас иеміз.

  Бала мен немере туралы  ақын М. Әлімбаев былай деген екен:

 

                                 Бала деген бал екен.

                                 Бал дегенің бала екен.

                                 Немеренің бойында

                                 Бар жақсылық бар екен.

                                Туған балаң жай ғана.

                                 Демесең де жат бөтен.

                                 Нағыз бала ойласаң,

                                 «Немере» екен тәтті екен.

 

                               Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

                               Тәлімді ой санағы,тәрбие көзі қалдырған.

                               Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

                             «Қазақ» атты үлкен-кіші балдырған, -деп сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

  Бүгінгі сайысқа әжелерімізді немересімен қол соғып ортаға шақырамыз.

 

                             Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,

                              Туралықтан ешқашан қашпайтын

                              Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы тағайындалады.

 

Жеребе арқылы әжелердің реттік нөмері анықталады.

 

Жүргізуші:Ең алдымен сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс 6 турдан тұрады.

      1 «.Өзін-өзі таныстыру».

  1. «Шебердің қолы алтын».»( ою-өрнек ою )
  2. «Атадан қалған асыл сөз» немере мақал-мәтел айтады,әжесі ырым-тиым сөздер айтады.

      4.Көкпар (сұрақ-жауап)

  1. «Ас адамның арқауы» (үй тапсырмасы,ұлттық тағам даярлау)
  2. «Әже әлдиі» ( немерелерге арналған өлеңдер сайысы).
  3. «Өнерлі өрге жүзеді» (ән-би сайысы)
  4. Марапаттау.

 

Жүргізуші:                    Ата салтым,асыл мұрам ардағым.

                                        Бабалардың жалғастырар арманын.

                                        Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

                                         Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 

1-бөлім. Таныстыру.

Жүргізуші:

                                           Өнер қуып әжелер өтер дейміз.

                                           Бір басына өнері жетер дейміз.

                                           Сайысқа келген әжелер кезектесіп,

                                           Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

 

2-бөлім. «Шебердің қолы алтын» Қолөнер сайысы.

                                              Көп жасаған қария.

                                              Ақылы теңіз дария.

                                              Қолдарымен өнерді

                                    Текемет,киіз,құрақ көрпе жасаған -  деп

әжелерге ою-өрнек оюға кезек береміз.

3-бөлім. «Атадан қалған асыл сөз» немере мақал-мәтел айтады,әжесі ырым-тиым сөздер айтады.

 

4-ші бөлім «Көкпар» (сұрақ -жауап)

          1.Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді?(жаңа күн)

  1. 21-наурыз түні қалай аталады? (қыдыр түні)
  2. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? (наурыз көже)
  3. Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?(«Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» т.б.)
  4. Екі адамның сөз өнерімен айтысы.(айтыс)
  5. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)
  6. Үш дана кімдер?(Абай,Шоқан,Ыбырай)
  7. Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері?(балаға ат қою,шілдехана,бесік тойы,сүндетке отырғызу тойы т.б.)
  8. Үш биді ата (Төле би,Әйтеке би,Қазбек би)
  9. Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай?(сақинаға тас қойылмайды)

5-бөлім «Ас адамның арқауы» (үй тапсырмасы,ұлттық тағам даярлау)

                       Ұлыс күні тағам толса,

                       Ол жылы ақ мол болар.

                       Әжелер ұлттық тағам жасаса,

                       Қолдарынан бал тамар.

Әжелер өздері дайындаған ұлттық тағамдармен таныстырады.

 

6-шы бөлім  «Әже әлдиі» немереге арнап өлең шумақтарын айту.

 

7-ші бөлім «Өнерлі өрге жүзеді» (ән-би сайысы)

 

                                  Даусың қандай сырлы еді

                                  Табиғатты тыңдатқан

                                   Көркің қандай нұрлы еді?

                                   Таң шолпанмен астасқан

                                   Өнеріңді кәне бүгін көрсетші

                                    Мына жұртқа қошеметпен қол соққан.

 

Жүргізуші: Әділ қазылар шешімін шешкенше саз жетекші Равиль Сандыбаевич әжелерге арнап «Ана туралы жыр»әнін орындайды.

 

 Қазылар алқасы сайысты қортындылап, әжелердің бағасын береді.

 

Қортынды: Сайыс соңында қазылардың шешімімен әжелерімізге «Асыл әже», «Өнегелі әже», «Сымбатты әже», «Шебер әже» деген атақтар беріледі және марапатталады.

 

 Жүргізуші: Бүгінгі біздің «Асыл әжелер» сайысына қатысқан әжелерімізге көп-көп рахметімізді айта отырып,әжелерімізді қошеметпен шығарып салайық.

Қош сау-саламатта болыңыздар.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Балабақша | Қосты: Eskali (18.01.2015)
Көрсетілім: 1610 | Ілмек сөздер: мен, немересі, Әжесі | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 46
Қонақтар: 46
Тіркелгендер: 0